БАУЫРМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 474
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 11/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19645


Сыныбы: 3
Өтілу мерзімі.
Пәні : дүниетану
Сабақ тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Бауырымен жорғалаушылар туралы мәлімет алу.
Дамытушылығы:Оқушылардың тілін дамыту, сөз қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, айналадағы дүниені тани біліп, өмірмен ұштастыра білуге баулу.
Тәрбиелілігі:Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Сабақ әдіс-тәсілдері: диалог, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суреттеу
Оқуда қолданылған модульдер: СТО, АКТ, диалог арқылы оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, өзін-өзі бағалау, көшбасшылық, дарынды оқушылармен жұмыс
Негізгі деректер, ресурстар: интербелсенді тақта, Power paint, оқулық, кестелер, суреттер, кеспе қағаздар, бор, стикерлер, плакат, маркер, түрлі-түсті қарындаштар, суреттер

Сабақтың кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Негізгі деректер, ресурстар
Ұйымдас-тыру кезеңі 5 мин 1.«Шаттық шеңбері» жаттығуы. (Оқушылардың арасында сенімділікті арттырып, бір-біріне деген жылы сөздерін айту арқылы достықтарын арттыру үшін шаттық шеңберге тұрып, айналамызға жылу сыйлайық деген ұсыныспен бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызу)
- Терең дем алайық, жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдер
- Бұл таңғажайып жарық, жүрегімізде тыныштық, сүйіспеншілік әкеледі.
- Керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі!
- Түрлі-түсті күлтелері құлпырып тұр.
- Бұл сендердің аталарың, әжелерің, әкелерің, аналарың. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек – сен.
- Бұл жай гүл емес, ол- сүйіспеншілік гүлі- табиғаттың бір бөлігі.
Сыныппен сәлемдесу.
Табиғат- біздің анамыз,,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалаймыз.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы

2. «Гүлдер әлемі» жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу. (оқушыларды гүлдердің суреттері арқылы төрт топқа бөлемін.)
Бағалау критерийімен таныстыру (топтарға бағдаршамның көздері таратылып, сол бойынша әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалап отырады) Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Алдымен бір-бірімізбен амандасып алған соң, жанымызда тұрған досына, сыныптасына жылы сөздер айтады.

Оқушыларға шеңбер бойында тұрған бойда сандар таратылып, сол арқылы әр оқушы өз тобын табады.
Интербелсенді тақтада оқушыларға бағдаршам көздері арқылы бағалаумен танысады. Интербелсенді тақта

Қима қағаздар, гүлдердің суреттері

Интербелсенді тақта, бағдаршамның көздері
Қызығушы-лықты
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 5 мин 1.«Сен маған , мен саған» жаттығуы арқылы оқушылардың үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
(Оқушыларға парақтар алғызып, сұраққа жауап алу. Сұрақтар слайдтан шығып отырады.)
1. Қосмекенділер дегеніміз не?
2. Балықтар қалай тыныс алады?
3. Балыққа жүзбеқанаттары не үшін керек?
4. Балықтар қалай көбейеді?
«Шөлмек бақа» деп қандай бақаны айтады

Әр топ таңдау әдісі арқылы үй тапсырманың орындалуының ретін анықтайды (интербелсенді тақтада әр топтың тапсырмасы беріледі) жауаптарын бағдаршаммен бағалайды

Интербелсенді тақтада берілген сұрақтарға жылдамдатып жауап береді.
Интербелсенді тақта, дәптер, суреттер, бағдаршам көздері

Интербелсенді тақта, сұрақтар

Мағынаны тану 5 мин 1) Мақсатын қою кезеңі: «Ой ашар!» сабақтың тақырыбын ашу Оқушылар интербелсенді тақтада, сонымен қатар әр топқа берілген суреттер арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.
.Топтасып, ойларынмен өзара бөліседі. Әр топтың жауабын бағдаршаммен бағалап отырады.

Интербелсенді тақтада суреттер беріледі , сол суретке сүйене отырып оқушылар ертегідегі оқиғаларды орнымен орналастырады

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кез

1.Бауырымен жорғалаушылардың бір тобы – кесірткелер. Барлық бауырмен жорғалаушылардың терісі қабыршақтан тұрады. Ал тасбақаның арқасында қосымша қатты тас сияқты терісі бар. Олар төрт аяқты келеді. Кесірткелер жақсы көрумен бірге өте жақсы естиді екен.
Сұр келес - Қазақстанда өте сирек кездеседі. Ұзындығы – 1,5 метрге жетеді. Шабуыл жасар алдында аузын ашып, қатты ысылдайды.
Жыландар - кесіртекелер сияқты аяқтары жоқ. Түстері өте суық болып келеді. Көзімен тура қарайды. Кейбір жыландар улы болып келгендіктен пайдалы қасиеттеріне қарамастан бірден өлтіруге тырысамыз. (видео көрсету: қызыл кітап, бауырымен жорғалаушылар)

Мәтінді оқыту 140 – 141 бет.


Сергіту сәті 2мин Сергіту сәті:.
. Оқушылар интербелсенді тақтада берілген сергіту сәтін қимыл іс-әрекеттерімен көрсетеді. Интербелсенді тақта, суреттер, өлең

Бауырмен жорғалаушылар туралы
презентация көрсету
Дәптермен жұмыс

Рептилия –бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы. Ең ірі тобы – кесірткелер.Жыландардар кесіртке сияқты аяғы жоқ, түсі өте суық, көзімен тура қарайды. (Оқушылардың дәптерлеріне жазғызу

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Сұрақтарға жауап беру:
А) Қандай бауырмен жорғалайтындарды білесің?
Ә) Жыландардың адамға тигізетін қандай пайдасын білесің?
Б) медицинада кеңінен қолданатын ең қымбат дәрілерді қай бауырымен жорғалаушылардан алады.)
Венн диаграммасын сыз

Рефлексия

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 140-141 бет оқу, мазмұнын айту.

VІ. Бекіту кезеңі: (Тест)
1. Рептилия дегеніміз не?
А) Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы.
Ә) Қосмекенділердің екінші атауы.
2. Жорғалаушылардың ішіндегі ........ жұмыртқаларын қарауылдап, балаларының шығуына және судың шетіне жетуіне көмектесіп бірнеше ай жандарында болады.
А) Тасбақа
Ә) Қолтырауын
Б) Жылан
3. .........- Қазақстанда өте сирек кездеседі. Ұзындығы – 1,5 метрге жетеді. Шабуыл жасар алдында аузын ашып, қатты ысылдайды.
А) Сұр келес
Ә) Қолтырауын
Б) Жылан
4. Балаларын тірілей туатын жорғалаушылар.
А) Тасбақа , жылан
Ә) Қолтырауын, кесіртке
Б) Жылан, кесіртке
5. Негізгі шикізат –
А) Тасбақаның уы
Ә) Қолтырауынның уы
Б) Жыланның уы.

VІІІ. Бағалау (Оқушылар өздерін өздері бағалайды.)

Бүгін сабақ ұнады ма?
Сабақ қаншалықты қиын болды?
Бүгінгі сабақтан қандай сезімде болдың?
Ойын. Табиғаттан нені үйрендім?
- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу)
- Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу)
- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)
- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)
- Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)
- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)
- Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан БАУЫРМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Токмурзина Рысалды Муратбековна

ШҚО Курчатов қаласы № 2 жалпы білім беретін орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar