БЕКЗАТ

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 292
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 24/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23589


Сабақтың тақырыбы: Бекзат.
Қыдырбек Рысбекұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды Қыдырбек Рысбекұлының «Бекзат» әңгімесімен таныстыру. Бекзат Саттарханов туралы кеңінен мағлұмат беру.Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Оқушыларды ерлікке , батылдыққа, отансүйгіштікке баулу. Спортқа баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә)Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Психологиялық дайындық.
Ана тілің арың бұл ұлтың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.

Балалар біз қазір қандай тарауды өтіп жатырмыз.
Дұрыс «Бабалар өсиеті,ұрпаққа өнеге»
Қазір біз осы тарау бойынша 1 тапсырма «Білім минутын өткіземіз»
Жақсы олай болса қазір Алтынай мен Лаура тақтаға шығады .Қалғанымыз мына жерден өзімізге түстерді таңдаймыз.Солай екі топқа бөлінеміз.
Топ бойынша отырғызу.
Өткен сабақта смайликтер жинағанбыз,сол сияқты тағы да смайлик жинайықшы деп өздерің айтқансыңдар.Орнымыздан отырып жауап бермейміз.Дайын топ қолдарын көтереді.

СЛАЙД 4,5 Тест тапсырмалары орындалып бағаланады.
-Жақсы тарау бойынша біраз қайталап өттік.Енді үйге қандай тапсырма беріліп еді.

Гиннес кітабына кірген қазақ-мәтінін оқып әңгімелеу.
.
Үй тапсырмасымен жұмыс: 2 тапсырма СЛАЙД 6
1.Гиннес кітабына кірген қазақ кім екен?
2.Ол қандай ерлік көрсетті?
3.Тоқтар қандай ұшқыш?
4.Мына сандарды сөйлет.1989 жыл1 қараша
1991 жыл
7 тәулік 22сағат 12 минут 40 секунд
МИГ-29

Ал балалар сендер үй тапсырмасын жақсы меңгеріпсіңдер.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Гиннес кітабы,рекорд деген жаңа сөздермен таныстық .Енді бүгін тағы сол Гиннес деген сөзді тағы естігелі тұрмыз.Бүгінгі оқитын мәтініміздегі кейіпкердің де сол кітапқа қатысы бар екен.
СЛАЙД 7,8,9 ,10 Топ бойынша жұмыс жасаймыз.
-Балалар қазір алдарыңда «ұмытшақ жұлдызқұрты» шығады. Оның кеудесінде нелер бейнеленген.
-Дұрыс сандар .
-Сол сандарды қазір ретімен орналастырсаңдар бүгінгі тақырыптың аты шығады.
Жаңа сабақ.Дәптермен жұмыс .Күн атын,тақырыпты жазамыз СЛАЙД 10
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Бүгін біз сендермен Қыдырбек Рысбекұлының Бекзат атты әңгімесімен танысамыз.
Қыдырбек Рысбекұлы СЛАЙД 11 Тірек сызба арқылы оқушылардың өздерін сөйлету.Журналист

-Бекзат деген атты бұрын-соңды естігендерің бар ма?
-ОЛ кім?
-Ол спортшы .
-Спорттың қандай түрімен айналысқан?
Ал енді бұл тақырыпты оқып мазмұнын ашпас бұрын,мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші?
4 тапсырма СЛАЙД 12
Алдарына беттер таратып берем
1 топ .Спорт түрлері.
2-топ Спорттың денсаулыққа қандай пайдасы бар?
1-2 топқа да елімізде елдің мерейін көтерген ,көк туды желбіреткен белгілі спортшыларымыз Кімдер?
Алдарыңдағы бетке тапсырмаларды орындайсыңдар. Тексереміз СЛАЙД 13
-Ия балалар көк туды желбіреткендердің ішінде Бекзат ағаларыңның аты да айтылады екен. СЛАЙД14,15,16,17
Мұғалімнің түсіндірмесі
Бекзат Сейлханұлы Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Казақстан Республикасы Түркістан қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген.Әкесінің аты-Сейілхан, Анасы-Сырлагүл.Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады.Алайда күресек ынтасы болмайды ,тағы күрес бойды тежейді дегеннен соң ол бокс үйірмесіне ауысып кетеді.Бекзат өмірде Серік Қонақбаев деген әйгілі боксшыны үлгі тұтқан екен.Оған себеп сол Бекзат дүниеге келер жылы Қонақбаев 1980 жылы Мәскеу қаласында жұдырықтасып ,жеңіске жетіп жатқан кезде Бекзат анасының ішінде жатқан нәресте екен.Содан анасы Бекзатым да осындай әйгілі чемпион болса екен деп көп армандапты.Ата-анасының Бағдат,Болат,Мақсат атты үш ұлы болған.Олар да мектеп қабырғасында жүргенде спортты серік еткен дегенмен олардың ешқайсысы Бекзат секілді алдарына мақсат қойған жоқ.Жартылай жеңіл салмақ-57 кг.
Олимпиадалық жетістіктері
Алтын-Сидней-2000ж
Азия чемпионаты Алтын 1999ж
Шаршы алаңда 143 жекпе –жектің 132 ін жеңді.
Ол Сидней Олимпиадасында өзіне үлкен Ермахан Ибрагимовтың жейдесін киіп шыққан екен.
Бекзат тарихта 1 дәрежелі «Барыс »орденімен марапатталды.Ол сол үшін Гиннес кітабына кірді.
Түркістан қаласында Бекзат атымен ықшам ауданы ,спорт кешені,Алматыда көше бар.


Бекзат Саттарханов – қазақ боксшысы.
Ол 20 жасында бокстан Олимпиада
чемпионы атанды.

Қазір оқулықтарыңды ашыңдар.
Оқулықпен жұмыс.
Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.
- Мәнерлеп оқып беру.Түртіп алу әдісі.Түсініксіз сөздермен жұмыс
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
- Сөздікпен жұмыс: Баһадүр – батыр.
Балалар енді осы әңгімедегі боксты қазір тақтадан тамашалаңдар.
ВИДЕО көрсету

Сергіту сәті.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1.Мәтінді дұрыс түсініп оқы.
2. Мәтінде кім туралы әңгімеленеді? Ол кім?
3. Бекзаттың қарсыласының осал емес екендігі туралы мәтінде не делінген? Тауып
оқы.
4. Бекзаттың қимылы суреттелген жолдарды тауып оқы.
5. Мәтіннің соңғы жолын дауыстап оқы.
6. Тағы қандай спорт жеңімпаздарын білесің? Мәлімет жинастыр.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Бөлімді қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Абылай ханның шын есімі кім?
А) Сабалақ Ә) Шарыш
Б) Абылай В) Әбілмансұр

2. «Кім қаққан, аты-жөні кім қоңыраушының?» деген ақын сұрағына жауап бер.
А) Шоқан Уәлиханов Ә) Абай Құнанбаев
Б) Ыбырай Алтынсарин В) Ахмет Байтұрсынұлы

3. «Атан түйе шөккен жер» тіркесі кімге қатысты айтылған?
А) Абылайға Ә) Райымбек батырға
Б) Абайға В) Ыбырайға

4. М. Әуезовтің « Бала Абай» әңгімесін есіңе түсір. Бала Абайға бата берген кім?
А) Әжесі Ә) Анасы
Б) Байкөкшк жыршы В) Барлас ақын

5. Абайдың шешесінің аты кім?
А) Ұлжан Ә) Зере
Б) Әйгерім В) Ділдә

6. Жасында «Қоңыр қозы» атанған жазушы кім?
А) Абай Ә) Мұхтар
Б) Ыбырай В) Ахмет

7. Бөлімдегі көктемгі табиғат көрінісі суреттелген шығарманы ата.
А) Мұхтар Әуезов. Әбілмансұр Ә) Мұхтар Әуезов. Бала Абай
Б) Тұрсын Жұртбай . Қоңыр қозы В) Сәбит Мұқанов. Батылдық

8. Ш. Мұртазаның «Бала Тұрар» әңгімесін есіңе түсір. «Аспара» деген не?
А) Жердің аты Ә) Таудың аты
Б) Адамның аты В) Көлдің аты

9. Ш. Мұртазаның « Бала Тұрар» әңгімесі бойынша : «Қызыл жебе» ненің аты?
А) Құстың Ә) Адамның
Б) Иттің В) Жылқының

10. Балуан Шолақ қай жазушының кейіпкері?
А) Мұхтар Әуезовтың Ә) Шерхан Мұртазаның
Б) Сәбит Мұқановтың В) Қалмақан Әбдіқадыровтың

11. Қажымұқан Мұңайтпасов туралы жазған кім?
А) Қалмақан Әбдіқадыров Ә) Мұхтар Әуезов
Б) Сәбит Мұқанов В) Шерхан Мұртаза

12. Ауылға өлген өгізді арқалап алып келген алып бала кім?
А) Балуан Шолақ Ә) Мұқан
Б) Бекзат В) Тұрар

13. «Қолында пулеметі «Максим» оның» деген өлең жолында кім туралы айтылған?
А) Әлия Ә) Бауыржан
Б) Мәншүк В) Тоқтар

14. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді тап:
А) Ержүрек Ә) Қорқақ
Б) Өжет В) Батыр

15. «Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді» деп айтқан кім?
А) Бауыржан Ә) Мәншүк
Б) Әлия В) Тоқтар

16. МИГ - 29 ұшағымен релік жасаған сынақшы-ұшқыш кім?
А) Бауыржан Ә) Қажымұқан
Б) Тоқтар В) Бекзат

17. 20 жасында Олимпиада чемпионы атанған қазақ боксшысы.
А) Бауыржан Ә) Бекзат
Б) Тоқтар В) Қажымұқан

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау Тәрбие.орг сайтынан БЕКЗАТ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абраимова Асель Багдаулетовна

ШҚО Катон-қарағай ауданы "Жамбыл орта мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar