Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Білім деңгейін анықтау. Ойын сабақ.
  • 16.05.2016
  • 358 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19011

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (30.2Kb)

Пәннің аты
Математика Уақыты: Сыныбы: 1 «Ғ» Мұғалім
Ерсултанова С.А.
Сабақтың атауы Білім деңгейін анықтау. Ойын сабақ.
Мақсаты а)Санның құрамын білу, ретті тиянақты болуға үйрету ә) Ойлау қабілетін дамыту. Зейінін тиянақтау б) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Қанатымызды жаямыз,
Көбелек боп ұшамыз.
Жұпар иісі аңқыған,
Гүлге келіп қонамыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Оқушылар бүгін сіздерге Дымбілмес хат жазып, «Жасырын сөзді» табуға көмектесулеріңізді сұрапты. Жасырын сөз 5 әріптен тұрады екен. Әрбір әріпті табу үшін бір математикалық тапсырманы орындау керек. Бірақ ол барлық тапсырманы бір конвертке салған. Сондықтан тапсырмалар араласып кетіпті. Қалай көмектесе аламыз ба? Әр тапсырма орындалған соң 1 әріптен ашып отырылады.
І.(ауызша сұрақтар)
1-ден 10- дейн санау /топпен/ І топ.
Қосу амалына кері азайту амалы. І І топ.
Геометриялы фигураларды ата ІІІ топ.
1-әріпті ашамыз «К» Өте жақсы!
Б А Ғ А Л А У смайликтермен. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану

Сергіту сәті

ІІ. 1.Балалар спорт бізге не үшін қажет? Қандай спорт түрлерін білесіндер? Эстафета ойыны. Өрнектің мәнін табу. І, ІІ, ІІІ топ арасында жарыс.
2+1=3 3-1=2 5-1=4
5-0= 4-1= 3+2=
3+2= 5-3= 4-2= т.б.
2-әріпті ашамыз: «І» Өте жақсы! Жарайсындар!
ІІІ. 2. Балық аулау ойыны: І, ІІ, ІІІ топ арасында жарыс.
(Мұғалім оқушыларға Қатты соққан теңіз дауылынан жағалауға шығып қалған балықтарды теңізге қайтруға, құтқарып қалуға ұсыныыс айтады. Ол үшін балықтар артқы бетіне жазылған есептердің шешімін табу керек. Әр топ өздері орындаған тапсырманы тақтаға және дәптерге орындайды)
3-әріпті ашамыз: «Т» Тамаша! Жарайсындар!
Сергіту сәті: 1, 2, 3
Жинап алып күш.
Қаламсапты аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
ІҮ. 3 Жұптық жұмыс жүргізу. Таратпа материалмен жұмыс.
а) Бір мен екінің қосындысының мәнін тап.
ә) Бос тор көзді толтыр.
б) Жұбының тапсырмасын тексерту.
4-әріпті ашамыз: «А» Өте жақсы! Жарайсындар!
Сергіту сәті Мультфилм кейіпкерлерінің қимылдарын музыкамен қайталау Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма: «Математикалық жұмбақ өлеңдер»
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ү. Топтық жұмыс. Араласқан өрнектерді топтау.
1.Теңдіктер.
0+1=1 1+1=2 2+1=3 3+1=4
2.Теңсіздіктер
5>4 5>3 5>2 5>1
3. Өрнектер.
5-1 4-1 4-3 4-0
5-әріпті ашамыз: «П» Өте жақсы! Жарайсындар!
Балалар қандай сөз шықты оқимыз: «Кі-тап»
- «Кітап» сөзін буынға бөліп көрейік! Кі-тап (2 буын, 2-дауысты,3-дауыссыз дыбыстан тұрады )
- «Кітап»-не үшін қажет.
- «Кітап» - туралы қандай мақалдар білесіңдер?
Өте жақсы, рақмет балалар!
Үйге тапсырма Дәптермен жұмыс № 4 Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау смайликтер арқылы.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Білім деңгейін анықтау. Ойын сабақ. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ерсултанова Сауле Аскербековна

Астана қаласы № 60 мектеп-лицеиі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 358 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar