Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Бөлінгіштің жоғарғы разряд бөліктері бөлгіштен кем болатын жағдайда бір таңбалы санға бөлу» + презентация
  • 02.05.2016
  • 466 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18904

· Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу ()

Сабақтың тақырыбы: «Бөлінгіштің жоғарғы разряд бөліктері бөлгіштен кем болатын жағдайда бір таңбалы санға бөлу».

Жанар Күзенбайқызы Жанбаева
Айшабибі орта мектебі, Айшабибі ауылы,
Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы
Телефон: 87771635875; 87263327465
Сынып 4 «Б»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ізденіске жол көрсету. Есептер шығару. Үйреншікті нәрседен әсемдікті ойлап табу. Көргенді есте сақтауға және қиялдау қабілетін дамыту. Шығармашылықпен жұмыс жасау жолын ойлап табу.
Табыс критериилері:
Оқушылар:
1.Бөлінгіштің жоғарғы разряд бөліктері бөлгіштен кем болған жағдайда бір таңбалы санға бөле алады.
2. Мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас орнайды.
3.Оқушылардың әуестену деңгейі анықталады.
4.Таным белсенділігі артады
5.Есте сақтау және қиялдау қабілеті дамиды.
6. Өзін-өзі, тобын бағалай алады.
7. Оқу өздігінен реттеледі.
Іс-әрекет кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

«Сәлемдесу» тренинг. Оң жақтағы көршіңмен амандас, сол жақтағы көршіңмен амандас, жалпы отырғандарман амандас, би қимылдарын екі-үш мәрте қайталау (5 мин)
Мақсаты: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оң жағындағы және сол жағындағы көршілерімен амандасады.Би қимылдарын екі-үш мәрте қайталайды.
Өзін-өзі бағалау
Қызығушылығын ояту

Үй тапсырмасын сұрау
Топқа бөлу. Үй тапсырмасының жауаптары жазылған қима қағаздарды таратамын. 224,316,266 осы сандар арқылы топқа бөлінеді.
«Алтын ережені» құру.
Бағалау критериилерімен таныстыру:
1) Математикалық тілде дұрыс сөйлеу
2) Дұрыс есептеу
3) Шапшаңдық және жеке топ мүшелерін смайликтер арқылы бағалап отырамын
Енді балалар қолдарыңдағы сандардан не байқадыңдар? Үй тапсырмасына қатысы бар ма? Дәптерлеріңді бір-біріңе беріп үй тапсырмасын тексеріңдер.
Мақсаты: оқушыларды топпен жұмыс жасауға, өзін-өзі бағалауға дағдыландыру (5 мин)
Оқушылар бір-бір қима қағаздан алады, қолдарындағы сандарға қарай топқа бөлінеді.
«Алтын ережені» топпен құрады.
Бағалау критерийлерімен танысады
Сандардың үй тапсырмасының жауаптары екенін айтады. Бір-брінің жұмыстарын алмасып, тексереді
Өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау
Мағынаны ашу Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
Оқулықпен жұмыс.
Бөлінгіш 126, бөлгіш 3 жазамын, түсіндіремін
Тапсырма №2 «Конвейер» әдісі. Әр топқа бір-бір өрнектен беремін. Шапшаң орындап, конвейер болып топпен аламасып бір-бірінің есептерін тексереді.
Тапсырма №3 Кестені толтыр ( ауызша)
Тапсырма №4 «Шатасқан шимайлар» әдісі
6мин= 2 апта= 60 сағ=
8 cағ 23 мин= 627мин= 2010жыл=
3тәул. 19сағ= 888с= 6сағ23мин=
Жауаптары жазылған ресурстар таратамын сәйкестендіріп желіммен жабыстырады
Тапсырма №6,№7 «Кім шапшаң» Есептің шартымен танысып әр топ шартын құрып, шығарады. Шапшаңдық есептеледі
Мақсаты: тапсырмаларды өз бетінше орындауға, оқудың өздігінен реттелуіне ынталандыру , таным белсенділігін арттыру (15мин)
Оқушылар оқулықтағы №1 тапсырманы жеке-жеке оқып шығып,топта талдайды, ауызша шығарады.
№2 тапсырманы әр топқы үш –үш амалдан бөліп беремін. Топта орындап болып «Конвейер» әдісі бойынша әр топ бір біріне беріп тексереді.
Өз ойларымен бөліседі.
Әр топ өз есептерінің жауаптарын тауып желіммен өрнектің жанына жабыстырады.
Әр топ өзара талқылай отырып есептің шартын құрып, жауабын табады.
Өзін-өзі бағалау

Топтық бағалау
Топтық бағалау
Смайликпен бағалау

Сергіту сәті «Не істей алмаймын?»
Бір оқушы он саусағын көтеріп тұрып
не істей алмайтынын айтып тұрады
Мақсаты: көңіл-күйлерін көтеру,сергіту (3 мин) Оқушылар істей алатын болса саусақтарын жұмады Өзін-өзі бағалау
Ой-толғаныс Тапсырма №5 Кесте бойынша есеп құрастыру және шығару. Әр топ постер құрып қорғайды.

жылдамдық уақыт қашықтық

60 км/сағ

4 сағ

? м



70 км/сағ

4 сағ

? м

Мақсаты: сыни тұрғысынан ойлайды, өз қабілеттерін шыңдай түседі (10 мин)
Әр топ оқушылары кесте бойынша есеп құрастырып, постерге түсіреді. Және топтан екі оқушыдан шығып қорғайды Топтық бағалау,
смайликпен бағалау,
мадақтау
Сабақты қорыту « Ойлы болсаң озып көр» №9 тапсырма жеке жұмыс
Шығармашылық тапсырма. Қалып қойған цифрларды тап: 6**6 : 7 = **8
Мақсаты: ойлау қабілеттерін арттыру, бүгінгі сабақты қалай меңгергендерін анықтау (5 мин)

Оқушылар №9 тапсырманы жеке орындайды Смайликтермен бағалау,
өзін-өзі бағалау,
жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма № 8,10, 129-бет (2 мин) Үй тапсырмасын жазып алады Тәрбие.орг сайтынан «Бөлінгіштің жоғарғы разряд бөліктері бөлгіштен кем болатын жағдайда бір таңбалы санға бөлу» + презентация Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: :Жанбаева Жанар Кузенбаевна

Жамбыл облысы Жамбыауданы Айшабибі орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 466 | Жүктеулер: 78
Барлық пікірлер: 0
avatar