Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 984
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 15/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19489


Пәні: математика
Сыныбы: 2 «Д»
Мұғалімі: Жанат Айсауле
Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі
Білімділік мақсаты: бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты: есеп шығару дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін пайдалану.
10 көлеміндегі сандардың құрамы, сандарды ондыққа дейін толықтыру, сандардың ондық құрамы негізінде қосу жөнінде алған білімдері жаңа тақырыпты меңгеруде негіз болып табылады. Сондықтан ауызша жаттығулар жүргізіледі.
Үй жұмысына шолу. Оқушылардан ауызша тексеру.
ІІІ. Ауызша жаттығулар.
«Ондыққа дейін толықтыр» жаттығуы:
5+=10 2+=10 4+=10 7 + = 10
«Кім көп атайды?» ойыны.
 Мәні 10, 8, 6, 9 … болатын қосуға берілген өрнектерді кім көп атайды?
«Ақ тиін мен саңырауқұлақ» ойыны. Мұғалім балаларға ақтиіннің қыста саңырауқұлақтар қорын жинайтыны жайында әңгімелеп береді. Ақтиін өзінің азығын ешқашан бір ағаштың қуысында сақтамай, екі үш ағаштың қуысына жинайды. Ақтиін (мұғалім ақтиіннің суретін көрсетеді) күніне жеті саңырауқұлақтан кептіреді де, (санын өзгертуге болады) екі ағаштың қуысына жасырады. Сонда ақтиін әр ағаштың қуысына қанша саңырауқұлақтан жинайды?
 Кім ақтиін болғысы келеді? Ақтиін бірінші күні саңырауқұлақтарды қалай бөліп салуы мүмкін? Екінші күні ше? Үшінші күні ше?
Сандар құрамының барлық нұсқалары айтылып болған соң, мұғалім мынадай сұрақ қояды: «Ақтиін жеті саңырауқұлақты қалай бөліп салады?»
Оқулықтағы жеті және сегізінші тапсырмалар ауызша есептеуге беріледі.
ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Мысалдарды шешіңдер:
9+1+4=14 7+3+2=12
8+2+3=13 6+4+1=11
 Біз алдымен шеңбердегі амалдарды орындадық та, 5 санын алдық. Яғни, біз 9+5, 8+5, 7+5, 6+5 мысалдарын шығардық, оңай болуы үшін біз 5 санын бөлшектеп қостық.
Бір таңбалы сандар арқылы ондықтан аттап қосу алгоритмі.
Бірінші қосындыны 10-ға дейін толықтыр.
Қалған бөлігін қос немесе қалған бірліктерді қос.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы 1-есептіды түсіндіру арқылы орындау. 2-есеппен 5-есептерді бастапқы пысықтауға арналады. Бұл тапсырмаларды бір таңбалы сандарды қосу тәсіліне жан жақты көңіл бөле отырып, орындаған дұрыс.
ҮІ. Сабақты қорыту. Тақырып бойынша шығарылған есептерді 6 есеппен байланыстырып қорыту.
Сабақты қорытындылау.
6- есеп
А) Қолдорбаға 5 кг картоп және a кг пияз салынды. Колдорбада неше килограмм көкеніс бар?
Көкеніс дүкеніне b кг өрік және a кг шабдалы әкеленді. Көкеніс дүкеніне неше килограмм жеміс әкелінді.
Өрнек арқылы шығармыз
5+а b+a
Сабақтың қорытындылау.
Бағалау. Белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма
3 есеп 22 бет


Дүниетану
2 сынып
Күні_____________
Сабақтың тақырыбы: Табиғат және адам.
Сабақтың мақсаты: Табиғат пен адам байланысын түсіндіру.
Сабақтың міндеті:
- табиғат пен адам арасындағы байланысты ұқтыру.
- Оқушылардың сөздік қорын молайту.
- Оқушыларды табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: альбом, қарындаштар, табиғи материалдар жиналған папка.
Сабақтың барысы:
Топсеруенге дайындық.
а) Топсеруеннің мақсаты мен міндеттері қойылады.
ә) Сынып оқушылары бірнеше топқа бөлініп, зерттеу нысанын таңдайды.
Зерттеу, бақылау жұмысы.
Ағаш, бұта, шөптерді бақылау жоспары:
а) Қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар?Ағаштың діңіне қарап, оның түсін анықтаңдар. ағаштың діңдерінің жуандығын салыстырыңдар. Жапырақтардың түстері қандай?Пішіндері қандай?
ә) Бұталарға қараңдар. олардың ағаштардан қандай айырмашылығы бар? Олардың сырт көріністерінен қандай өзгешілік байқадыңдар?
б) Өсімдікткрдің ішінен шөптерді тауып, олардың ағаш және бұтақтарымен салыстырып, айырмашылығын табады.
Олар несімен ерекшеленеді? Шөп қандай бөліктерден тұрады?
Мұғалім оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа зерттеуге тапсырма береді.
1-топ ағаштарды зерттейді. Көргендерін және ағаш туралы алған жаңа мәріметтерін пайдаланып, әңгіме құрастырады.
2-топ бұталар туралы әңгіме құрастырады.
3-топ шөп туралы әңгіме құрастырады.
Тыныштық минуты.
Оқушылар үн-түнсіз аспан, күн, құстарды бақылайды. Сонан кейін көргендерін әңгімелейді.
Әңгімелеу.
Оқушылармен мынадый сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.
1. Тірі және өлі табиғат бір-бірімен қалай байланысты?
2. Адамдар табиғаттан не алады?
3. Қандай сезім мүшелері табиғатты және оның сұлулығын сезінуге көмектеседі?
4. Өз өлкеңнің табиғи байлығы туралы әңгімеле.
Сурет салу.
Өз өлкесінің табиғатының сұлулығын бейнелеу.
Пікірталас.
Қоршаған әлемге қалай қарау керек?
Топсеруенді қорытындылау.
1. Топсеруенде көргеннен неге қуандыңдар, ал неге ренжідіңдер?
2. Сен қоршаған әлемге қамқоршы, жақсы дос бола аласың ба?

Дүниетану
2 сынып

Күні_____________
Сабақтың тақырыбы: Адам және табиғат.
Сабақтың мақсаты: - Экология және адам өміріндегі оның ролі туралы ұғым қалыптастыру.
- Оқушыларды эколог мамандығымен таныстыру.
- Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілі: Салған суреттері, жұмыс дәптер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
«Табиғат» сөзіне топтастыру жасау.
денсаулық емделу ауа тамақ

демалыс жануарлар

су өсімдікткр киім жәндіктер баспана Оқшылар «тірі және өлі табиғат арасында байланыс бар» деген қорытынды шығарады. Жаңа тақырыппен жұмыс.
Оқулықтағы мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс істеу.
Тақтаға сурет ілінеді.
- Суретте нелер бейнеленген? Не байқадыңдар?
Оқушы жауаптары:
- Көл. Көлдің айналасы шашылған қоқыс, өлген құс, балықтар.
- Зауыт бейнеленген. Зауыттың мұржаларынан қара түтін будақтап шығып жатыр.
- Сынған ағаштар. Бүлінген табиғат.
Мұғалім:
- Ал осыны қалпына келтіру үшін не істеу керек?
- Табиғатта бүлінгендерді қалпына келтіру керек. Ағаш отырғызып, гүлдер өсіру керек.
- Жануарларға қамқорлық жасау керек.
- Қоқыстарды өзен-көлге төкпей, арнайы қоқыс төгетін жерлерге төгу керек.
Тақтаға «экология», «эколог» деген сөздер жазылған кесте ілінеді.
Оқушылар экология және эколог туралы білетіндерін ортаға салады, мұғалім оларды толықтырады.
- Экология- тірі табиғаттың ортасы мен байланысын зерттейтін ғылымның бір саласы.
- Эколог- табиғатты бүлінуден сақтайтын, қорғайтын адам (мамандық иесі).
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
Экологиялық ережелермен жұмыс.Оқушылар экологиялық ережелерді толықтырады.
Осыдан кейін оқушылар топсеруенде салған суреттерінтақтаға іледі, сурет бойынша қорытынды шығарады.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Сабақты қорытындылау.
- Қалай ойлайсыңдар, біз эколог бола аламыз ба?
- Өзен-көл мен теңіз, мұхиттарда балықтар қырылып, құс, жәндік, жануар, өсімдіктер жойылып кетпеуі үшін не істеу керектігін естеріңе түсіріңдер. Бұған кім кінәлі?
Үйге тапсырма беру. Табиғат суретін салу.




Дүниетану
2 сынып
Күні_____________
Сабақтың тақырыбы: Адам табиғаттың бір бөлігі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның дене мүшелерінен ішкі ағзаларынажырата білуді үйрету.
Адамның табиғаттың бір бөлігі екенін ұғындыру. Табиғатты қорғау, силауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілі: Суреттер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: Суретпен жұмыс, әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын түгендеу.
Жаңа материалмен жұмыс.
Адам денесі қандай бөліктерден тұрады?
Адамның қандай ішкі ағзаларын білесін?
Оқушы жауаптары тыңдалады, толықтырылады.
«Венн диаграмасын» толтыру.
«Венн диаграмасын»
ит адам

Оқулықпен жұмыс.
1) Мұғалімнің басшылығымен мәтінді оқу.
2) Практикалық жұмыс.
а) Оқушылар өздерінің денесінен дене мүшелерін көрсетеді.
ә) Мұғалім суреттен адамның ішкі ағзаларын көрсетеді, ал оқушылар сол ағзалардың орналасқан орнын өздерінің денеслерінің сыртынан көрсетеді.
Мұғалім әрбір ішкі ағзаның қызметін түсіндіреді.
Өкпе-тыныс алу органы.Ойлау бастағы мимен байланысты.
Жүрек- бойға қан жүргізуші басты ағза. Басқа ағзалардың жұмысы жүрекпен байланысты.
Ең басты, сабақта дені сау адамның ағзалары белгілі тәртіппен жұмыс істейтінін атап кеткен дұрыс.Сондықтан адам организмін дұрыс сақтап, салауатты өмір сүру керектігіайтылады.
4.Кез келген жануар мен адамның денесіне салыстыружұмыс жүргізіледі.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
1. Жұппен жұмыс.
2. Өздік жұмыс.
Сабақты қорытындылау.
- Адам жүниеге келген соң қалай дамиды?
- Осы сабақта адамнаң қандай ішкі ағзалармен таныстың?
- Өз организміңнің құрылысын не үшін білуің керек?
Үйге тапсырма беру.

Дүниетану
2 сынып
Күні_____________
Сабақтың тақырыбы: Өмір сүру үшін адамға не қажет?
Сабақтың мақсаты: Адамның өмір сүруіне қажетті факторлармен танысу.
 Сыртқы факторлардың адамға маңызы жайлы түсінік беру.
 Оқушылардың сөздік қорын молайту.
 Оқушыларды табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын түгендеу.
Сызба құрастыру:

«Бізді ау қоршап тұр.», «Ауасыз тіршілік жоқ» дегенді дәлелдеңдер. Оқулықпен жұмыс. а) Оқулықтағы мәтінді оқы.
ә) Мазмұны мен жұмыс. б) Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Мәтіннен негізгі ойды табады.
Адамға тіршілік үшн мыналар керек:
а) пицца;
ә) су;
б) ауа;
в) жарық пен жылу.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Тапсырманы өз беттерінше орындайды.
Топпен жұмыс.
«Мен саған рақмет айтамын, Табиғат!» деген тақырыпта қысқаша әңгіме құрастырылады.
Қорытынды.
- Сен табиғатқа борыштарсынба?
- «Адам- табиғаттың бір бөлігі» деген шындыққа сәйкес келе ме? Осыған келісесіңбе?
Сабақты қорытындылау.
«Адам өміріне не қажет?» мәтінін түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.

Дүниетану
2 сынып
Күні_____________
Сабақтың тақырыбы: Адам тіршілігіне қажеттің бәрін табиғаттан алады.
Сабақтың мақсаты: Адамның тіршілігіне қажетті табиғат факторлармен. таныстыру.
 Адамның тіршілігіне қажетті табиғат факторлар жайлы мәлімет беру.
 Оқушылардың сөздік қорын молайту.
 Оқушыларды табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: Суреттер.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
«Өзім туралы бір ауыз сөз» тіл дамыту жаттығулары. Мысалы: «Мен адаммын. Шашым қара, ұзын, көзім қой көзді, бойым орташа, тәттіні жақсы көремін».
«Мен анама тартқамын. Менің шашым анамдікіндей қара, арықпын, жануарларды жақсы көремін».
- Біз өзіміз туралы айттық. Жер бетінде өсімдік, жануарлар әлемі бар. Ал жалпы тіршілік атаулының ішіндегі саналысы адам.
Жаңа материалмен жұмыс.
Оқушыларға қойылған тірек сұрақтары арқылы әңгіме жүргізіледі.
1. Адам туралы айтыңдар. Оның қандай жақсы және қандай жаман қасиеттері бар?
2. Адам қоршаған әлемге қалай қарайды?
3. Адам өсімдіксіз және жануарларсыз өмір сүре алама?
Әңгімеден соң оқушылар мұғалімнің басшылығымен «Адам. Өсімдіктер. Жануарлар» деген сызбаны толтырады.
Осыдан кейін оқушылар «Адам – табиғаттың бір бөлігі» деген түсініктерін қорытындылайды.
- Адам ауамен тыныс алады, тамақтанады, өседі, ақыл-ойы дамиды, ұрпақ қалдырады. Сондықтан адамға да ауа, жарық, жылу, қорек қажет. Енді адам жануарлардан несімен ерекшеленетіні жөнінде айтайық (адам ойлайды, сөйлейді, еңбек етеді).
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді мұғалім оқиды, сонаң соң оқушылар оқиды.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Адамға қол, аяқ, бас не үшін керек?
- Олар қандай қызмет атқарады?
3.Адаммен жануарды салыстыру. «Венн диаграммасын» толтыру.

«Венн диаграмасын»
адам жануар

4.Қорытынды жасау.
Адам – ақылды. Ол табиғатты зерттеп, оны қорғайды. Жер бетінде болып жатқан –өзгеріс, жаңалықтардың бәріне жауап береді.
5. «Білімпаздар үшін» рубрикасы.
Біз өзімізге қажеттің бәрін Жерден аламыз. Бағбан жеміс ағашын өсірсе, егінші егіншілікпен айналысады. Жеміс – жидек, дәнді дақыл, көкөністер- азық. Адамдар сонымен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Қазақ халқы үй жануарларын төрт түлік мал деп атайды. Оларға түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі жатады. Төрт түлік малдың ауыл шаруашылығына тигізер пайдасы мол.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
1. Ұжымдық жұмыс. Ережелер құрастырып, дәптерлеріне жазады.
2. Өздік жұмыс.
Сабақты қорытындылау.
- Адам ақылды болғандықтан, ол қоршаған әлемде өзін қалай ұстау керек?
Үйге тапсырма беру.
Адамның табиғатта өзін ұстауытуралы ереже құрастыр.


Күні: 15.09.2013ж
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2 «Д»
Мұғалімі: Жанат А
Сабақтың тақырыбы: Он саусақ Ш.Смаханұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: он саусақ, еңбек жайлы түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты: мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: мамандық иелеріне құрмет сзімімен қарауға баулу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықтарын ояту.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Көз жеткісіз көлемі,
Көктем келе дән салсақ,
Күзге салым мол өнім,
Жинап берер он саусақ.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
 Өлеңде «Он саусақты» қалай бейнелеген?
 Өлеңді тақырыбына басқаша қалай атауға болады?
 «Көк кірпішін қаласқан, Тегеурінді он саусақ» дегенді қалай түсінесіңдер?
 Адам өмірде мақсатына жету үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Өлеңді оқып, ұнаған екі шумағын жаттап келу.
ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Күні: 14.09.2013ж
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2 «Д»
Мұғалімі: Жанат А
Сабақтың тақырыбы: Өнердің құны (ертегі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: кедейлік пен байлық, айла - қулық жайлы ақынның айтқан сөздерін естеріне түйіп жүруге үйрету
Дамытушылық мақсаты: тез әрі дұрыс оқуға төселдіру
Тәрбиелік мақсаты: өнерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау стратегиясы.
Қызығушылықтарын ояту.
Ертеде Иран патшасының ұлы кедей қойшының қызына ғашық болыпты.
- Әке, мен бір қойшынығ қызына ғашық болдым. Егер рұқсат етсеңіз, менің оған үйленгім келеді -, дейді.
- Сен Патшаның ұлысың. Қойшының қызы саған жараса ма ?

Өнер Жұмыс
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту.
 Ертегі не жайында айтылған?
 Еңбекке деген алғырлықты қандай сөздермен жеткізуге болады?
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанат Айсауле

Пікірлер: 0

avatar