Біз сүйкімді балдырған, Білім отын жандырған.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 565
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 04/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19441


Сабақтың тақырыбы: «Біз сүйкімді балдырған,
Білім отын жандырған.»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды барлық пәндері бойынша алған білімдерін тексеру, пысықтау. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын дамыту.Оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, миға шабуыл, ой қозғау, топтастыру.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Оқушының зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындау, сабақтың ұранын айту.
II. Кіріспе.
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық.
- Жақсы балалар, осындай жақсы сөздермен сабағымызды бастайық.
Балалар, өздерің байқап отырсыңдар, біз үш топқа бөлініп отырмыз. Енді осы әр топтың аттарын анықтайық.
I топ: « Балапан»
II топ: «Бүлдіршін»
III топ: «Балдырған»
Бүгін осы үш топ болып сайысып, білімдерімізді ортаға саламыз. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
I кезеңді анықтау үшін мына тапсырмаларды орындайық.
1) Ребус шешу.
Жауабы: Ана тілі.
2) Сөзжұмбақ шешу.
Математика
1. Ұзындық өлшембірлігі.
2. Қосуға кері амал.
3. Бестен кейінгі сан.
4. Бірдей екі саннның арасына қойылатын таңба.
5. 2 ондық.
6. Барлық қабырғасы бірдей болатын фигура.
7. Үштің көршісі.
8. Сызық түрі.
9. 8 ондық.
10. 1,2,3,4,5,... - бұлар не?



3) Топтастыру.
Қоршаған орта
тірі өлі

өсімдіктер жасанды денелер

жануарлар табиғи денелер
адамдар
-Балалар, мұның бәрін бізге қай пән үйретті?
-Дүниетану.
-Иә, осы тапсырмаларды орындау арқылы өзімізге жақсы таныс оқулықтарды жыл соңында шығарып салайық. Олай болса, ІІ негізгі бөлімге көшейік.
I кезең « Қызықты үштік»
Мұнда өздеріңе таныс үш пән бойынша бірнеше сұрақтар берілген.Дұрыс жауап үшін әр топқа 1 ұпайдан беріледі.Ал,дайынбыз ба?
Ана тілі сұрақтары:
І топқа
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
2. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
3.Сөйлем нелерден құралады?
ІІ топқа
1. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
2. Адам болам десеңіз өлеңінің авторы кім?
3. Жіңішке айтылатын сөздер айт?
ІІІ топқа
1. Қазақ тіліне тән төл дыбыстар нешеу?
2. Үш биді ата.
3. Қандай сөз таптарын білесің?
Математика сұрақтары:
І топқа
1. Ұзындық өлшембірліктерін ата.
2. 8 санының құрамын айт.
3. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
ІІ топқа
1. 1 таңбалы натурал сандарды ата.
2. 7 санының құрамын айт.
3. Қандай сызық түрлерін білесің?
ІІІ топқа
1. Ондықтарды кему ретімен ата.
2. 9 санының құрамын айт.
3. Шаршы деген не?
Дүниетану сұрақтары:
І топқа
1. Табиғи денелерді ата.
2. Дүниеніңнеше тұсы бар? Қандай?
3. Өсімдіктер не үшін қажет?
ІІ топқа
1. Табиғи денелерді ата.
2. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? Қандай?
3. Үй жануарларын не үшін қолға ұстайды?
ІІІ топқа
1. Табиғат құбылыстарын ата.
2. Жануарлар неше топқа бөлінеді? Қандай?
3. Біз табиғаттан нені үйренеміз?
-Жарайсыңдар, балалар, осымен І кезең аяқталды.
ІІ кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ».
-Бұл кезеңде әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Мұны топ болып орындаймыз. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1 тапсырма.
Тақтаға бір сөз ілінеді. Сол сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек. 2 минут уақыт беріледі.
I топқа: Атамекен
II топқа: Қазақстан
III топқа: Маңғыстау
2 тапсырма.
а– ның мәнін тап.
I топқа: II топқа: III топқа:
7+а=10 8 – а=5 а+0=3
а = а= а=
3 тапсырма.
Шартты белгісін сал.
I топқа: аспан тұтас бұлтты
II топқа: қар аралас жаңбыр
III топқа: қалың мұз
Әр топтың жауабына қарай ұпай санын анықтау.
Сергіту сәті.
-Қане балалар, бір сергіп алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
III кезең. «Ұшқыр ой»
-Бұл кезеңде барлығыңа бірдей жұмбақтар жасырамын. Осы сәтті пайдаланып, ұшқыр ойлап, дәл жауап бере отырып, өз ұпай саныңызды теңестіріп алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Қай топтың оқушысы дұрыс жауап берсе, ұпай сол топқа қосылады.
Жұмбақтар
1. Өзі сондай ақ,
Жесең тәтті-ақ. (Қант)
2.Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю)
3.Өзі таудың бөктерінде өседі,
Жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша)
4.Білімнен мол сый асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
5.Мамықтай ұлпа, қанттай ақ,
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)
6.Жерге соқсаң сынбайды,
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды. (Доп)
-Жарайсыңдар, дұрыс жауап бердіңіздер.
Ұпай санын қосу.
IV кезең. «Мен енді сәби емеспін»
-Балалар, жыл басында «Қадамың құтты болсын бүлдіршін» деп мен сендерді қарсы алған болатынмын. Көзді ашып – жұмғанша бұл жыл да өте шықты. Біз осы 1 жыл ішінде мектеп өміріне үйрендік, барлық әріптерді, сандарды санауды, оқуды, жазуды үйрендік. Сол сәттердің қызықты көріністерін ата – аналарымызбен бірге тамашалайық. Біз бұдан былай енді сәби болып саналмаймыз. Әр топқа берілген атауды да біз бүгін соңғы рет қолданып отырмыз. Ендеше, бала қылығымызды еске түсіріп бір күліп алайық.
Бұл кезеңде топтың ұпай сандары есептеледі, тақтаға еңбек, бейнелеу пәндерінен жасаған оқушылардың жұмыстары ілініп, көрме ұйымдастырылады, және олар ата – аналар назарына ұсынылады.
V.Сабақты қорытындылау.
Жеңіске жеткен топты құттықтай отырып, сабаққа жақсы қатысқан жеке оқушыларды мадақтау.
1) Жыл бойына сабақтан еш қалмаған, әр ісіне ұқыпты, әрі сыныптың ең үздік оқушысы, сынып дарабозы Кубекова Айсұлуды;
2) Озат әрі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар – Іңкәр, Жазира, Бекзат, Данат, Аққу, Ақниетті марапаттау. Тәрбие.орг сайтынан Біз сүйкімді балдырған, Білім отын жандырған. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аханова Назгул Жанбырбаевна

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Шахта орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar