Бізді қоршаған орта

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 208
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 28/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21373


1-4 сынып аралығындағы базалық білім мазмұны
Орындаған:РгебаеваЖ.Д.
.

Көкшетау- 2017 жыл
І сыныптағы қоғам бөлімін оқыту /18сағ./ Оның ішінде отбасы тақырыбы 4сағат оқытылады.Отбасы, ата-ана мен балалардың, бауырлардың, туыс-қандардың ұясы. Отбасының құрамы. Отбасы мүшелерінің бір- біріне өзара қамқорлығы, әке мен ананың ролі, сыйластық, өзара кемек, "Мен", және "біз", "менікі" жәке "біздікі" ұғымдарының мәні.
Сонымен қатаротбасының еңбек бөлінісі үй ішіндегі шаруа /тағам даярлау, кір жуу, үй жинау т.б./, үй маңындағы "дала"'' шаруасы, мал жайлау, 6ау-бақша, көкөніс өсіру, күту, ауланы көгалдандыру, тазалау, дүкеннен азық-түлік әкелу т.б. Бұл жұмыстарға оқушының тигізетін қолғабысы. Оқушының үйдегі күнтәртібі, оқу еңбек, ойын, тынығу. Жеке бас тазалығын сақтау.Ұқыптылық.Үйде, қонақта өзін-өзі ұстау ережелері. Әдептілік, аулада көршілермен, құрбыларымен қарым-катынас жасау ережелері, Сыпайылық. Тұрмыста пайдаланылатын әртүрлі құралдармен /электр. газ, электрон қондырғылары т.б./ жұмыс істеудің қауіпсіздік талаптары. Электр қуатын, суды үнемдеу.
Отбасы тұратын үй. Киіз үй. Отбасының мекен-жайы. Ал, мектеп тақырыбы 4 сағат беріледі. Мектеп - білім тәрбие ордасы. Мектеп ұжымының құрамы: директор, оқу-тәрбие ісін -ұйымдастыратын орынбасарлар, мұғалімдер, оқушылар, Үй-аула сыпырушылар,т.б.
Мектеп ұжымы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас,оқушы және мұғалім , директор: т. б оқушы мен оқушылар, әдептілік, сыпайылық, ізеттілік, ұстамдылық жолдастық, қамқорлық т. б.Класс ұжымы– мұғалімнің басшылығымен оқушылардың бірлесіп дәріс алатын, қоғамдық-пайдалы жұмыстарды бірге атқаратын, үзілісіте бірге ойнап, тынығатын орта құру .
Оқушының сабақ үстінде және үзілісте өзін-өзі ұстау ержелері. "Мен және басқалар"Мен және біз", ' "Менікі жәнеБіздікі" ұғымдарының класс ұжымы, мектеп ұжымы жағдайындағы мен. Мектептің аты, мекен-жайы."Бізосында тұрамыз" қаланың, ауылдың аты, басты көшесі, үлкен алаңы.Жол, жаяу адам, машина жүретін жолдар. Жол қиылысы. Бағдаршам. Жол қиылысынан өту тәртібі, оны сақтау. Үйден мектепке дейін баратын жол. Қаладағы немесе ауылдағы көлік түрлері. Салт ат, ат арба, ат-шана, автобус, трамвай, троллейбус. Көлікте жүру ережелері.
ІІ сыныпта адам және қоғам бөлімін оқыту 27 сағат болса отбасы 6 сағат. Отбасы-адамды әлеуметтік өмірге дайындайтын үлгі өнеге ұясы. «Ұяда не көрсең...» мақалының мәнін ашып, әке мен шешенің жұмыс істейтін жері, мамандығы, отбасы мүшелерінің ортақ мақтанышы, қуанышы, ата мен әженің орны, оларға құрмет, туған-туыстар мен нағашы, немере, жиендерге бауырмалдық, кішіпейілділік қатынас көрсету нәтижесінде қамқорлық тәрбиесін қалыптастыруға болады. Үй шаруашылығындағы, отбасы арасындағы еңбек бөлінісі, мал өнімдері, азық-түлік дайындау, отбасы мүшелерінің тынығуы, мазмұны, маңызы, жеке бас гигиенасы, үйде электр, су, газды үнемдеу тәрбиесі арқылы еңбек тәрбиесін бере аламыз. Ал, мектеп тақырыбында берілетін 6 сағат бойынша мектептің аты, кімнің атында, ненің құрметіне қойылған, мектептегі қоғамдық жұмыстар, жауапкершілік, мұғалім-оқушы қарым-қатынасы, кітапхана, шеберханадағы жұмыс арқылы қоғамдық қарым-қатынастар негізін қалыптастырамыз.
Біздің қала немесе ауыл бойынша берілетін 8 сағатта қала ауылдағы шаруашылық саласы, егін, бау-бақша, мал шаруашылығы, тері, ет, ұн, май, жүн өндіру жайлы, сауда орындары, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау, құрылыс, көлік, негізгі кәсіптер, мамандықтар, фермер, шопан, малшы, бизнесмен, жүргізуші, шахтер, дәрігер, мұғалім, кітапханашы, металлург еңбектері, өнер адамдары қаланың көрнекті жерлері, басты көшелер, алаңдар, тарихи ескерткіштер, ғимараттар демалатын орындар, өзін өзі қоғамдық орындарда ұстау ережелерін ұғындырудың нәтижесінде отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышы сезімін қалыптастырамыз.
Туған ел. Отан тақырыбына арналған 7 сағат біздің Отанымыз - кең байтақ қазақ елі – Қазақстан Республикасы, Астана – ел ордасы. Қазақстан – егеменді ел, оның белгілері: ел таңбасы, байрағы, ән ұранының мәнін түсіндіру арқылы отанға деген ыстық ықыласты, сезімін оятсақ, Т. Рұсқұлов – еліміздің бақытты болашағы үшін күрескен қайраткер,еліміздің мәдениеті, ғылымы жайлы түсінік, Абай атындағы опера және балет театры, М.Әуезов атындағы драма театры, Қ. Сәтбаев атындағы геология ғылымдары ғылыми - зерттеу институты, Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік ұлттық университет М. Әуезов – ұлы жазушы, Қ.Сәтбаев – ғұлама ғалым-тақырыбында оқушыларға ғалымдарымызбен мақтаныш сезімін оятсақ, еліміздегі бүкілхалықтық мерекелер: 22 наурыз – Жаңа жыл басы- «Наурыз тойы», 25 қазан – Республика күні, «Ордабасындағы той», қазақтың үш биі: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би туралы мағлұматтар оқушыларға тәуелсіздігіміздің құндылығын, оның орнының ерекше, қасиетті ұғым екендігін түйсіндіру арқылы отансүйгіштік тәрбиесін нығайтамыз. Мұнда төмендегідей көрнекі құралдарды пайдалануға болады.
ІІІ сыныпадам және қоғам бөлімін оқыту 20 сағат.
Отбасы 4 сағатта ержеткен сайын балалардың ата-анамен, бауырларымен қарым-қатынасындағы жағымды өзгерістер, қолғабыс- көмегі үлесінің артуы, өзінен кіші бауырлары алдындағы беделі, «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» мақалының мәні ата-ана алдындағы балалық борышы.
Отбасындағы озық дәстүрлер: қонақ күту, қонаққа бару, отбасы мүшелері өміріндегі атаулы күнді, оқиғаны атап өту, өзара ақыл- кеңес беру, тыңдау, көршілермен немере шөбере туыстарымен жақсы қарым – қатынаста болу.
Отбасының табысы, оның көздері және отбасы табысын тиімді пайдалану мәселелері қарастырылады. Мұның өзі оқушыға отбасы арқылы отанды сүйюге, оны мақтан етуге тәрбиелейді.
Мектеп тақырыбын оқытуға арналған 4сағатта мектептегі пәндік, мәдени және спорттық үйірмелер, оларға қатысуы, оқушылар шығармашылығы, оқушылар жазған өлеңдер, әңгімелер, салған суреттер т.б. жұртшылыққа таныстыру оқушының отанға деген сезімін шыңдай түседі. Оқушылар ұйымдары, бірлестіктері, олардың ұйымдастыратын жұмыс түрлері, қоғамдық- пайдалы, мәдени жұмыстар, оқушының оларға қатысуы баланың қоғамдық белсенділігін арттырады .
Біздің қала немесе ауыл 6 сағаттақала мен ауылдың (өз ауылы, қаласы) бір-бірінен ерекшеліктері (аз, көп деңгейінде) , тұрмыс тіршілігі (электрлендіру, орталықтанған от жағу, су құбырларымен қамтамасыз етілуі т.б.) жүк тасымал, жолаушы көлік түрлері , мәдени салалар тұрғысын салыстыру арқылы қала мен ауыл арасындағы мәдени байланыстар туралы түсінікті қалыптастырудың маңызы зор. Сонымен бірге еліміздегі жалпы халықтық мерекелер: 1-2 қаңтар, 22 – наурыз, 8- наурыз, 25- қазан мейрамдармен қатар әрбір мамандық бойынша өздерінің кәсіби төл мерекелері болатындығын айтып, «Шахтер күні», «Металлург күні», ауылда – «Шопан тойы», «Қырман тойы», ауылға , қалаға ортақ – «Мұғалімдер күні», «Дәрігерлер күні» т.б. елдің ынтымағы, бірлігін нығайтатын маңыздылығын түсіндірудің ролі зор.
Туған ел. Отанға арналып берілген 6 сағатта аталған тақырыптар бойынша бұрынғы біліміне сүйене отырып, ел рәміздері ( мәнін түсіну, тексін жаттау), мемлекеттік түрі, ұлттық және ұлтаралық тіл, елді басқару органдары: президент министрлер кабинеті, министірліктер, (4-5 негізгілерін ғана көрсету, мысалы, білім министрлігі т.б.) халық, қазақтар, қазақ халқы, оның ел болуы туралы мағлұматтарды, Тәуке хан, Абылай хан жайлы деректерді күрделі ұғымдармен түсініктерді білім ретінде бере отырып, отанның, елдің басқаруы, оның құрылымы жайлы түсінік теру нәтижесінде отансүйгіштік қасетін дамытуға мүмкіндіктер жасаймыз.
Сонымен бірге облыстар, олардың орталықтары, өнеркәсібі басым дамыған өңірлер, еліміздің мәдениеті, өнері, ғылымы туралы жалпы түсініктер бере отырып, Біздің Отанымыз – кең байтақ қазақ елі деген ұлы сезімді ұялатуға болады. Бұл тақырыптарды оқыған кезде төмендегідей көрнекі құралдарды пайдалануға болады.
Көрнекі құралдарда көлік түрлері, кәсіптік мерекелерден көріністер, құрылыс түрлері, Алматы, Шымкент, Павлодар, Өскемен немесе өзінің тұрған қаласы, облысы, ауданындағы өндірістер, кәсіпорындар мен зауыттар, олардың суреттері, т.б. ашық хаттар жинақтамалары, еліміздің байырғы, ел таңбасы, макеттері, ғылым, білім саласындағы жетістіктерді көрсеткен диафильм, немесе электорндық оқулықтарды пайдалануға болады.
Сонымен бірге оқушылардың өздерінің шығармашылық еңбектерімен, «Туған жер» «Отан» «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыптарындағы әртүрлі салған суреттерін, өлеңдерін, шығармаларын немесе мүсіндеулерін еліміздің шаруашылық, құрылыс мәдениет, өнер т.б. салалары бойынша істеген туындыларының өзін пайдалану отансүйгіштік тәрбме беруде тіпті де ұтымды болатынын мен практика барысында нақты көре білдім.
Ал, сарамандық жұмыстарды жүргізуде әртүрлі тақырыптарды, әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жүргізуге болады. Мысалы, отбасы экономикасы жайлы табысты, шығындарды есептеу, бөлу (ойын түрінде), қонақ қабылдау, қонақ болу (ойын түрінде), өзін - өзі ұстау, әңгіме құру, дастарханға ас қою т.б. орындау сияқты түрде жүргізіп, оқушыларымның бойына сіңіре білу, тағылым алу, өз басынан өткізіп көру нәтижесінде қарым-қатынас, адамгершілік қасиеттерді бойларына қалыптастыруды негізге ала отырып, тәрбие сағаттарында қолдандым.
Ауылда тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық қызмет ету орындарының жұмыстарымен танысу мақсатында топсаяхат жасауға болады.
Ал, қалада ғылым, өнер, өндіріс, шаруашылық орындарына топсаяхат жасау арқылы отанының жетістіктеріне көз жеткізіп, мақтан тұту, елінің жетістіктеріне қуана білу сезімін қалыптастыруға болады. Сондай-ақ жыл мезгілдеріндегі, өлі және тірі табиғаттағы өзгерістерді өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі өзгерістенр арқылы бақылау жасауға топсаяхатты табиғат аясында ұйымдастыруға мүмкіндіктер көп.
ІҮ сыныптаадам және қоғам бөлімін оқыту. 14 сағат. Мұнда отбасы тақырыбын оқытуға 3 сағат бөлінген. Ең маңыздысы осы кезден отбасы – кішкене «қоғам» болса, оның қоғамдық рөлі, отбасын құрудың азаматтық және діни ержелері, ата-ана мен баланың, бауырлары мен ағалар арасындағы өзара қарым- қатынасының әдет- ғұрыппен, дәстүрлер мен адами жолмен және заңмен реттелуін түсіндіру арқылы қоғамдағы өз рөлін айқындап көрсетуге болады.
Сонымен қатар баланың ата-ана алдындағы борышы, міндеттері, хұқығы, ата-ананың отбасындағы рөлі, отбасы тұрмысы мен табысы, оны жоспарлаумәселелерін оқыту барысында оқушыға біліммен қатар өмірге үйретудің алғашқы әліппесін, негізгі фундаментін қалаймыз.
Ал отбасында балалардың әсерінен болатын реніштер, көңілсіздіктер, оларды болдырмау жолдары, өзара түсіністік, көмек, сыйластық, отбасы бақыты ұғымдарының маңызы ерекше екендігін ескере отырып, балаға тәрбие беру мәселесінің нәзік екеніне аса көңіл бөлу мұғалімнен шеберлікті талап етеді.
Мектеп бөігінде 3сағат жоспарланып, алдыңғы үш класта оқыған білімдерін бастауыш сатыдағы біліп үйренгенді, бойына сінген адами жақсы қасиеттерді шыңдап жетілдіретін, қорытындылайтын және оқудың жаңа сатысына жолдама алтын кезеңі ретінде тәрбиелеп қалыптастыру мәселесі қаралады.
Бұл жұмыстарды дәстүрлі емес әдістеме негізінде «мұғалім», «тәрбиеші», «консультант», «ұйымдастырушы», «кеңесші» рөлдері сияқты ойын түрінде оқушылардың өздеріне міндет жүктеп, сезіндіре білу арқылы, аталған тақырыптар бойынша міндеттер жүктеуге болады.
Бұның өзі өз кезегінде оқушының өмірдегі әртүрлі міндеттерді, отан, қоғам алдында сезіне білу, мақсат міндеттерді орындай білу талаптарын өз бастарынан өткізіп, жауапкершілік сезімін, отан алдындағы борышын сезінуге мүмкіндіктер береді. Бұл жағдай оқушыға отансүйгіштік тәрбие берумен қатар, борыш, міндет, талап, жауапкершілік деген құнды ұғымдарды да береді.
Біздің қала немесе ауыл тақырыптарын оқытуға арналған 3 сағатта қаланың немесе ауылдың әкімшілік- территориялық басқарылуы, аудан, облыс әкімшілігіне топсаяхаттар жасау арқылы таныстыруға болады.
Қаланың немесе ауылдың музейіне топсаяхат жасау арқылы қала немесе ауыл шаруашылығына, мәдени, рухани өміріне елеулі еңбектері бар азаматтарды, олардың өмірі, еңбек жолынан ғибратты сабақтар өткізу арқылы отан алдындағы борыш, міндеттер ұғымын қалыптастырамыз.
Бұл арқылы оқушы – болашақ өз қаласының немесе ауылының, елінің еңбекші-қайраткері екенін сезіну сезімін беруде бұл жұмыстың маңызы зор болмақ.
Туған ел. Отан тақырыбына берілетін 5 сағатта төмендегідей тақырыптарды беудің нәтижесінде отансүйгіштік қасиеттерді оқушы бойына қалыптастыра аламыз. Тәуелсіздік жолындағы күрестер, жоңғар шапқыншылығын тойтарып, елді сақтап қалу, халық батырлары өмірінен мағлұматтар беру, еліміздің әлем елдері қауымдастығындағы қазіргі орны және болашағы, шетелдермен байланысының түрлері, Қазақстан және ТМД елдері, еліміз халықтарының ынтымақтастығы арқылы Қазақстаннның дүниежүзіндегі орны, ата-баба тарихы, тәуелсіздіктің орны, маңызы, оны сақтап, қорғап қалуға байланысты тарихи біліммен қатар, отансүйгіштік тәрбие беруді нығайта түсеміз.
Сарамандық жұмыстарды ойын түрінде өткізу нәтижесінде Қазақстан Республикасының ата заңы, азаматтық – хұқықтық қоғам құру, кластағы қоғамдық – пайдалы, мәдени жұмыстарды басқарып ұйымдастыруда ұйымдастырушы рөлі, әділдік, көмек, мәдениеттілік қарым –қатынас тәрбиесін беруде алатын орны ерекше. Сонымен қатар топсаяхаттарда қаланың немесе ауылдың атақты еңбек адамдарының еңбек ұжымында болып танысу, өздерімен кездесіп әңгімелесудіңде берері мол.
Дүниетану пәнінің «Адам» және «Қоғам» блогы бойынша оқушы бойында төмендегідей білім, білік, дағды, тәрбие қалыптасады.
1. Адам еңбегінің нәтижесіне деген әр түрлі қатынастарды дұрыс бағалауды;
2. Өзінің еңбек біліктерін және тапсырылған істі орындауды әділ бағалауды;
3. Өзінің және басқаның тәрбиелілігін дұрыс бағалауды;
4. Ана тілі, мектеп, оқушы, мұғалім, туған ауыл, оның көркі табиғаты, адамдары, ата-ана, ата, әже, дос, туған ел, отан, тақырыптарына жазылған әңгімелер, шығармалар жазу;
5. Ертегілер, аңыздар, өлеңдер, мақал-мәтелдер сияқты халық ауыз әдебиетінен үйренген, оны меңгере білген;
6. Ел, қала, ауыл, астана, дәстүр, заңды бұзушылық ұғымдарын,айыра білу, қоғамға пайдалы, пайдасыз жақтарын ажырата білу;
7. Еліміздің және басқа шетелдік жазушылардың, суретшілердің, сазгерлердің 3-4 белгілі шығармаларын меңгерген;
8. Қазақстанда тұратын халықтар, олардың әдеби және өнер шығармалары туралы мысал келтіруді білуі керек.
9. Адам шығармашылығының маңызы мен ашқан жаңалықтарының (мысалы, ұшқышты, телефонды, паравозды ойлап табу ) ұлылығын сипаттай алу
10. Өнеркәсіпте, транспортта, ауылшаруашылығында және де басқадай салаларда істейтін адамдардың мамандықтарын, олардың маңызы мен ерекшеліктерін білу, болашақта өздері мамандықтарын таңдай алу қабілеттерін қалыптастыру
11. Өнер түрлерінің (живопись, мүсін, музыка, сәндік өнер) жекелеген шығармаларын түсіне білу;
12. Қазақ халқының ою-өрнек, өміріндегі маңызды оқиғаларды сәндік қолданбалы өнердің 3-4 түрін айыра білу, әрі қысқаша сипаттай алу керек. Тәрбие.орг сайтынан Бізді қоршаған орта Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: РгебаеваЖ.Д.

Пікірлер: 0

avatar