Бозбала мен бойжеткен

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 798
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 28/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22902


Бозбала мен бойжеткен

Мақсаты: қазақ халқының дәстүріне сай «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күнін 15 сәуірде тойлауды жастар арасында дәстүрге айналдыру.
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт – дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды насихаттау.
Қазақ дәстүріне сай Қозы мен Баянның, Еңлік пен Кебектің т,б ғашықтардың сезімін бүгінгі күнмен ұштастыру;
Көрнекілігі: мультимедиа, слайдтар, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» бейнеклипі, ұлттық киімдер, ұлттық нақыштағы заттар,т,б. (М.Мақатаевтың «Адам Ата – Хауа – Ана» атты өлеңі оқылады, ортада бір қыз бен бір бала оқылған өлеңге сай шағын көрініс көрсетіледі)

Екі жүргізуші әуенге ілесе сахнаға шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді
қонақтар! Бүгінгі біздің орталығымыздың үйірме оқушыларының арасында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай ұйымдастырылып отырған «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Ғашықтар күні десе, бәріміздің ойымызға 14 ақпан, яғни,
«әулие Валетин» деген атпен белгілі күн келетіні жасырын емес. Дінімізге, ділімізге жат мерекені қазақ жастары да тойлауды әдетке айналдырған. Қазақ халқының да махаббаттың қос шынарына айналған қос ғашықты дәріптейтін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күнін бірі білсе бірі білмейді. Дүние жүзі бойынша ғашықтар бейіті екеу ғана болса, оның бірі әлемге әйгілі Үндістандағы Тәжі – Махал, екіншісі қазақтың Қозы Көрпеш пен Баянына арналған ескерткіш.
1-жүргізуші: Махаббаттың сан түріне арнап оқушылар өлең шумақтарын
оқиды.
1. Ата – анаға деген махаббат. (Төлеген Айбергенов «Ана»)
2. Отанға, туған жерге деген махаббат. (Қасым Аманжолов «Туған жер»)
3. Ұстазға деген махаббат. (Фариза Оңғарсынова «Ұстазыма»)
4. Ғашық жандардың махаббаты туралы. (Мұқағали Мақатаев «О, махаббат»)
2-жүргізуші: Міне, махаббаттың сан түрін сіздер сезіп, біліп, көріп, естіп
жүрсіздер. Қазіргі оқылған ақындардың жырларына арқау болған тақырып – махаббат сезімі, Сондықтан да махаббат – мәңгілік тақырып.
1-жүргізуші: Ал, ендеше «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош
келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бігінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
I бөлім: «Тегін білген текті елдің ұрпағымыз» жұптар
таныстыруы.
II бөлім: «Өнерің болса, қанекей!» Эстрадалық әнші жұптардың пародиялық көрінісі.
III бөлім: «Тығырыққа тірелген....» Жағдаяттан шығу.
IV бөлім: «Базарлығым бар менің» Ұлттық нақыштағы қолдан жасалған бұйымдар сыйға тарту.
V бөлім: «Тарихқа үңілсек ...» Бұл бөлімде ұлы ғашықтардың сезімдерін көрініс арқылы жеткізеді.
VI бөлім: «Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?» Салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беру.

1-жүргізуші: Бүгін біздің орталықта дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді той.
Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін
Қош келіпсіз көрермендер, сергісін бой – демекші, сайысқа қатысушы жұптарды шақырамыз.
1 – жұп: «Егіз – лебіз»;
2 – жұп: «Мөлдір сезім»;
3 – жұп: «Достық қиял»;
4 – жұп: «Қос жұлдыз»;
5 – жұп: «Пәк көңіл».
2-жүргізуші: Шын жүйрік сыналатын кезең келді;
Көрейік тамашалап сайысты енді.
Әділқазы ойы терең, ақылы кең,
Саралап, әділ баға берсін енді, - дей келе алдымен әділқазы алқасымен таныс болайық.
1-жүргізуші: Халқымыздың ең асыл қасиеттерінің бірі – тектілік. «Жеті
атасын білмеген жетесіз» дейді халқымыз. Сондықтанда ең алғашқы бөлім «Тегін білген текті елдің ұрпағымыз» деп аталады. Бұл бөлімде әр жұп өздерін таныстырып өтеді.
2-жүргізуші: Уа, халайық, қараңдар,
Үлкен – кіші жараңдар.
Еліктірер адамды,
Өнерімен әп – сәтте – ақ.
Жанды жаулап алатын,
Өнерлі жұпқа қараңдар, - демекші, өнерлі өрге жүзетін,
мақсатына жететін, «Өнерің болса, қанекей!» атты өнер бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлімде әнші жұптарымыздың пародиялық көрінісі үй тапсырмасы ретінде тапсырылған болатын.
1-жүргізуші: Келесі бөліміміз «Тығырыққа тірелген ...» деп аталады. Бұл
бөлімде әр жұпқа ситуациялық сұрақтар беріледі. Сол сұрақтың шешімін жылдам әрі ұтқыр қайтара білулері керек.
2-жүргізуші: Ендігі келіп жеткен бөліміміз «Базарлығым бар менің» деп
аталады, бұл бөлімде әр жұп біздерге арнап Қозы Көрпеш – Баян Сұлу елінен базарлық алып келіпті, қане, ендеше сол жұптарғы сөз кезегін берелік.
1-жүргізуші: 5 – бөліміміз «Тарихқа үңілсек ...» деп аталады. Бұл бөлімде
жұптарымыз ұлы ғашықтардың бір – біріне деген сезімдерін көрініс арқылы жеткізе білуі тиіс
2-жүргізуші: Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
1-жүргізуші: Жан – жақты болу керек нағыз өрен,
Секілді өткір жүзді бейне ақберен.
Тапқыр да, жүйрік қиял жұбымыздың,
Есте сақтау қабілетін білсек терең, - дей келе бұл бөлім «Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?» деп аталады. Бұл бөлімде қазақтың халық ауыз әдебиетіне, әдет – ғұрпына, салт – дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап беріледі.
2-жүргізуші: Кешегі өткен тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу
– маржан сөз қазынасына ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан – ұрпаққа жеткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн бейнелері адамгершілік парасаттылығымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биіктеп дараланып көрінер еді.
1-жүргізуші: Махаббат тақырыбы әдебиетте сонау көне заманнан бері жырланып келеді. Қанша мол жазылып, көп шиырланғанымен махаббаттың сырлы шежіресін ешкім де жазып тауысқан емес. Соның ішінде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» лиро – эпостық жырына тоқталсақ. Бұл жырдың бірнеше нұсқасы бар. Бір нұсқасын қазақ әдебиетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан сөз заргері Ғабит Мүсірепов жазған. («Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» бейнеклипі көрсетіледі)
2-жүргізуші: «Бозбала мен бойжеткен» сайысының қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
1-жүргізуші: Осымен 15 сәуір – махаббат күніне арналған орталықтың «Бозбала мен бойжеткен» сайысы аяқталды. Адам атаулының туған жерге, ата – анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір, мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін! Сезімдеріңіз баянды болсын! Тәрбие.орг сайтынан Бозбала мен бойжеткен Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кушикбаева Динара Косыбаевна

Пікірлер: 0

avatar