Буын. Біздің елтаңба

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 219
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 24/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22884


Бекітемін:

Күні: 13.02.2016. 1 «а»класс Пәні: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Буын. Біздің елтаңба.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға буын ұғымы, рәміздер туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1.Оқушылардың буын жайында түсініктерін одан әрі дамыту, сөздерді буынға бөлуге, буындардан сөз құрауға, түсініп мәнерлеп оқуға мүмкіндік жасау.
2. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.Баланың сөздік қорын дамыту.
3. Оқушыларды елін, жерін сүюге, қадірлеуге жалпы елжандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру,баяндау,көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Көрнекілігі: Рәміздер сурет және буклеті, сөзжұмбақ, «иә»- «жоқ» ойыны,сәйкестендіру тесті.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
2.Үй тапсырмасын сұрау.
«Ата насихаты мәтінін» тізбектеп оқу
3.Ой қорыту.
«иә» - «жоқ» сұрақ-жауап ойыны
1. Сөз дыбыстардан құралады? Иә
2. О – жуан дауысты дыбыс. иә
3. Р – жіңішке дауысты дыбыс. жоқ
4. Жылқы боздайды. Жоқ
5. Қазақ алфавитінде 42 әріп бар. Иә
6. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,ол сөз жуан болады. Жоқ
7. Буыннан сөз құралады. Иә
8.Дауысты дыбыста 25 әріп бар. Жоқ
4. Жаңа сабақ.
Сурет бойынша тақырыпты ашу.
Балапан уық ыдыс нан
Суреттегі сөздердің бірінші әріптері бойынша «Буын» сөзін құратын сөзді тақтаға жаздырамын.
Сұрақ:
- Балалар, сөз неден құралады?
- Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
- Ба-ла-пан, уық, ы-дыс, нан сөздерін буынға бөлдіру.
- Әр буында қанша дауысты дыбыс бар?
- Буын қандай дыбысқа байланысты бөлініп тұр?
Мағынаны тану. Буын туралы ережені тұжырымдау.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Дыбыс Буын Сөз Сөйлем
Дәптермен жұмыс.
80 – жаттығу. Көп нүктенің орнына –ші, - ла буындарын қойып, сөз жаса. Сол сөздерді буынға бөліп жаз.
Ән-ші, ба-ла, кезек-ші, қа-ла, да-ла, сурет-ші.

Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды соғайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып,бір тұрып,
Орнымызды табайық.
Қызығушылығын ояту.
Сандар қатарын өсу ретімен орналастырғанда «Елтаңба» сөзін оқыту.
Мағынаны тану.
-Балалар, біз қандай елміз?
- Егеменді елміз.
-Егемендігімізді айқындайтын нелер?
- Мемлекеттік рәміздеріміз.
-Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
-Елтаңба, Ту, Әнұран.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді.Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.
Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы.Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.
Оқулықпен жұмыс.
а) «Біздің елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
ә) Өлең мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.
- Өлең не жайында?
- «Шаңырақ – жұрт панасы» дегенді қалай түсініесің?
- Шаңырақ киіз үйдің басты құрамы. Сондықтан да, ол адамзаттың панасы болып табылады.
- Ақын елтаңбадағы қандай бейнелерді суреттейді?
- Ол бейнелерді ақын неге теңеген?
Сөздікпен жұмыс.
Пырақ- ертегілерде кездесетін қанатты тұлпар.
Аңыз- халық қиялынан туған оқиға.
Ая- ауқым, көлем.
5. Қорытынды бөлім. Сәйкестендіру тесті.
Оқушылар екі бағандағы буындардың сәйкес келетіндерін сәйкестендіріп сызады.
бал лам
дәп ға
қа тер
ша ла
сыр на
су ға
6. Үйге тапсырма. 54 –бет оқу, 81-жаттығу.
Берілген буынға буын қосып, бірнеше сөз жасап жаз.
7. Бағалау. Сабаққа қатысқан балаларға жұлдызша таратылып отырылады, сол арқылы бағаланады. Тәрбие.орг сайтынан Буын. Біздің елтаңба Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жадыра Калманова

Пікірлер: 0

avatar