Цифрлар туралы өткенді пысықтау. Жыл мезгілдері. Математикалық жұмбақ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 524
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 24/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22889


БҚО,Ақтөбе қаласы.
№34 «Таңшолпан» мектепке дейінгі ұйымы
Тәрбиеші: Аяпова Камшат Кабидулақызы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Цифрлар туралы өткенді пысықтау. Жыл мезгілдері. Математикалық жұмбақ.
Мақсаты: 1ден 5ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау; Заттың санын цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру; Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту; Математикалық жұмбақтарды шешуге үйрету
Қажетті көрнекі құралдар: интерактивті тақта, цифрлар, геометриялық пішіндер
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті
Төріме міне еніпті.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Балалар, бүгін ерекше күн, себебі бізге көп қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Балалар: Саламатсыздар ма!Здраствуйте! Неllo!
Тәрбиеші: - Қане балалар, есімізге түсірейікші, бір жылда неше мезгіл бар?
- Кәне, атап шығайық?
Балалар: Төрт мезгіл.Қыс,көктем,жаз,күз
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

Ақ шарды көрсету
Тәрбиеші: Мына шардың түсі қандай?
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Балалар: Ақ, қыс мезгілі
- Себебі, қыста айнала аппақ болады.

Жасыл шарды көрсету.
Тәрбиеші: Мына шардың түсі қандай?
Бұл түс қандай жыл мезгілді білдіреді?
Балалар: жасыл, көктем мезгілі.
- Себебі, табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады

Қызыл шарды көрсету.
Тәрбиеші:Мына шардың түсі қандай?
- Қызыл түс қандай жыл мезгілді білдіреді?
Балалар: қызыл, жаз мезгілі.
-Себебі, жаз мезгілінде гүлдер қызыл түске боялады

Сары шарды көрсету
Тәрбиеші: Мына шардың түсі қандай?
Бұл түс қандай жыл мезгілді білдіреді?
Балалар: Сары, күз мезгілі
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем!
Тәрбиеші: Дұрыс, ал көктем мезгілінде табиғатта қаңдай өзгерістер болады?
Балалар: Табиғат оянып күн жылынады, құстар қайта ұшып келеді, адамдар қалың киімдерін жеңіл киімдерге ауыстырады, ағаштар бүршік атады.
Тәрбиеші: Көктем айларын атаңдаршы?
Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр.
Тәрбиеші: Ал бір аптада неше күн бар?
Балалар: Жеті күн
Тәрбиеші: -Дұрыс балалар бір аптада жеті күн бар. Қане атайықшы?
Балалар: Дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Тәрбиеші: Ал осы апта күндері туралы тақпақ кім біледі?
Арнұр: Бір апта
Дүйсенбіде доп ойнадық аулада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта
Тәрбиеші: Балалар алдымен мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер шешуін табыңдар.
Апасынан қашып кетті
Атасынан қашып кетті
Кездестіріп біраз аңды
Біраз жолдан асып кетті
Бұл қай ертегі?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі
Ғажайып сәт
Интерактивті тақтадан Бауырсақ пен Түлкі шығады. Балалармен амандасады. -Сәлеметсіздер ме балалар?
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкерлері?
Балалар: Сәлеметсізбе! Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері бауырсақ пен түлкі.
Тәрбиеші:-Дұрыс, балалар бұл бауырсақ ертегідегі кейіпкерлер.
Бауырсақ(аудио): Сәлеметсіздер ме балалар,қонақтар сіздер білесіңдер ғой ертегі желісінде мені түлкі жеп қояды. Ал, енді біз екеуіміз келісіп ол мені жемейтін болды. Бірақ мен оған математикадан көмектесуім керек, сендерден көмек сұрап тұрмын, маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар, бауырсаққа көмектесеміз бе?
Балалар: Иә, көмектесеміз!
Түлкі (аудио): Балалар,егерде сендер дұрыс жауап бере алмасаңдар мен бауырсақты жеп қоямын.
Тәрбиеші: Ал ендеше балалар сендер тапсырманы мұқият тыңдандар.
1 тапсырма(аудио): Балалар маған 1-ден 5-ке дейін тура және кері санап беріңдер? Және де осы сандар туралы тақпақ айтып беріңдер?
Балалар: 1,2,3,4,5
5,4,3,2,1
Камила: 1 саны
Бір дегенің бірінші,
Тұрадығой қатарда.
Көтеріп ап танауды,
Бастайды ол санауды.
Асем: 2 саны
Басында бар ілмегі,
Ортасында тірегі.
Толқып қанша жүзсе де
Тұрады екінші үнемі.
Саида: 3 саны
Үш дегенің екі ілмек,
Тұратын қармағын сермеп.
Үшінші боп тұратын,
Мұны әркім білмек.
Ақмарал: 4 саны
Білек күші тасыған,
Төрт күрескер ағаң.
Қолын қойып беліңе,
Шаршамайды ешқашан.
Айжан:5 саны
Жақсы оқыған балаға
Қойылатын бұл баға
Барлық бала ізденіп,
Алады «бестік» баға тек.
Түлкі(аудио): Балалар,ақылды екен 1 тапсырманы лезде орындап берді. Ал енді 2 тапсырманы мұқият тыңдандар.
2 тапсырма(аудио): Заттың санын цифрмен сәйкестендіру.
Бауырсақ(аудио): Көрдіңбе,түлкіжан менің достарым маған қалай көмектесіп жатыр
Түлкі(аудио):Ерте қуанба мен де әлі көп тапсырма бар!
Тәрбиеші: Балалар ал енді келесі тапсырмаға дайын болыңдар.
3 тапсырма(аудио): Геометриялық пішіндерді ата?
Балалар: үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек. Үшбұрыш үйдің шатыры, төртбұрыш теледидар,дөңгелек ол күн.
Тәрбиеші: Балалар шаршаған шығар, біз сергіту жаттығуларын жасап жіберейік.
Сергіту сәті
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Алақанды соғайық,
Алға қарай бір адым.
Атқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
4 тапсырма(аудио): Санамақтар айтып беру.
Азамат:
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым - атам,
Балаң үйрек - әжем
Ортан терек - -әкем
Шылдыр шүмек - -анам
Кішкентай бөбек - мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз
Ескендір:
Бір дегенің-бесік
Содан шықтық өстік
Екі дегенім-елім
Өзен,тауым,көлім
Үш дегенім-үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім-төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім –бақыт
Бағалаймын уақыт.
Н.Алихан:
Бір дегенім - бірлік,
Бірліксіз болмас тірлік.
Екі дегенім - отан,
Елім болсын аман!
Үш дегенім - білім
Ойға тоқы күнім.
Төрт дегенім - халық
Ауға түссін балық.
Бес дегенім - қол
Жұмыс істейді ол
Жансая:
Кел, санайық санамақ,
Саусақтарды даралап,
Бас бармағым – алғашқы,
Балаң үйрек – жалғасы
Ортан терек – атасы
Шылдыр шүмек – анасы
Шынашағым – балапан
Бәріне ортақ – алақан

Тәрбиеші: Түлкіжан тағыда тапсырмалар бар ма?
5 тапсырма (аудио): Д/о:Сандардың көршісін тап
Балалар: ..3.. , .2..
Түлкі(аудио): Бауырсақ менің тапсырмаларым аяқталды. Сенің жолын болды. «Айгөлек» ортаңғы тобының білімді, ақылды балалары саған көмектесті. Бірақ ендігіде алдымнан тағы шықсан мен сені жеп қоямын. Балалар сау болыңдар.
Бауырсақ(аудио): Балалар сендерге рахмет. Мен өте қуаныштымын. Сендерге сыйлығым бар сабақтың соңында апайларын сендерге таратып береді.
Тәрбиеші: Бауырсақ рахмет саған да. Тағы да көмек керек болса бізге кел,біздің балалар саған көмектеседі.
Балалар мен сендерге қазір математикалық жұмбақтар жасырамын, сендер мұқият тыңдандар.
1. 3 мысықтың құйрығы нешеу?
2. 2 балада неше құлақ?
3. 5 сиырдың басы нешеу?
4. 1 балада неше қол?
5. Бағдаршамның неше көзі бар?
6. Қолғапта неше саусақ бар?
7. Адамда қанша көз бар?
8. Аспанда неше күн бар?
Балалар: 3 құйрық, 4 құлақ, 5 бас, 2 қол, 5көзі, адамда 2 көз, 1 күн.

Балалар бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?
Бізге қай ертегінің кейіпкерлері келді?
Қаңдай тапсырмалар орындадық?

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 1 ден 5 ке дейін санауды, геометриялық пішіндерді атап,ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай білді.
Игеру керек: Дидактикалық ойын арқылы ой қабілеттерін дамыту.Сандарды ажыратуды,кері және тура санауды,сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды,ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендерін байқалады. Тәрбие.орг сайтынан Цифрлар туралы өткенді пысықтау. Жыл мезгілдері. Математикалық жұмбақ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аяпова Камшат Кабидулақызы

Пікірлер: 0

avatar