Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Д дыбысы мен әрпі
  • 15.02.2017
  • 102 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21785

№7 Е.Халықов атындағы жалпы білім беретін мектеп

Сауат ашу

Тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі

Өткізген: Тлекешова Ж.Д.

2016-2017 оқу жылы
Білім саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу
Тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
1.Білімділік: Д дыбысы мен Д әрпін таныстыру. Сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету.Д дыбысынан келген жаңа сөздермен таныстыру,балалардың білімін дамыту.
2.Дамытушылық. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту,қызығушылықтарын арттыру,сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік:Балаларды партаға дұрыс отыруға,сауаты,қатесіз, әрі таза жазуға, бірін-бірі құрметтеуге,сыпайылық танытуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: таныстыру, түсіндіру, ғажайып сәт,сұрақ-жауап,дыбыстық талдау.дәптермен жұмыс,сөздік жұмыс,сөйлем құрастырту.
Сабақтың көрнекіліктері: Д дыбысының баспа түрі, текшемен жұмыс, қима әріптер,слайд.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Бір,екі,үш
Топтың іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
II. Өткен материалды еске түсіру.
а) «Тиісті әріпті жаз» ойыны
ә) Мәтінді оқыту
б) мазмұнын сұрау
Сұрақтарға жауап алу.
а) Мәтінде неше сөйлем бар?
ә) Мәтіндегі адам аттарын ата.
III. Жаңа сабақ
Жұмбақ жасыру.
1.Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді. (Доп)

2.Бір түймелі,екі желілі
Күйдің көрігі,әннің көлігі (Домбыра)

Балалар,айтылған сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
-Дұрыс балалар, Д дыбысынан.
Д дыбысы дауыссыз дыбыс.Ендеше ол көк текшемен белгіленеді.
Дыбысты қайталап айтқызу. Д ды ды
Тақтадағы суреттермен балаларды таныстыру.
Қандай дыбыстан басталып тұрғанын айтқызу.
Д дыбысының баспа түрімен таныстыру.
2. Дәптермен жұмыс.
Ал, енді балалар кітап бетіндегі суреттерге назар аударайықшы.
Суреттен нені көріп отырсыңдар?
Д дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан.
Осы сөздерді алақанмен шапалақ ұра отырып,буынға бөледі.
Сөздік жұмыс жүргізу.
Доға- атты арба не шанаға жеккенде,екі жақ шеті терте мен қамыттың құлақ бауын ұстап,бекітіп тұратын ағаш сайман.Доғаны қайың,тал,үйеңкі,емен сияқты мықты ағаштардан иіп жасайды.
3. Оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Доптың суретін көрсету. Суреттегі балаларға ат қою. Дала,доға, долана сөздеріне сөйлем құрату.
Дала қандай әдемі. Долана тауда көрінеді. т.б.
Дәптердегі сөздерді,буындарды хормен қайталап оқиды.
4.Дыбыстық талдау.
Бидай, домбыра сөздеріне дыбыстық талдау.
Ал, бір бала тақтаға шығып, текше көмегімен орындап береді.
5.Текшемен жұмыс.
1 қатар. Текше көмегімен доп сөзін құрастырады.
2 қатар. Текше көмегімен дана сөзін құрастырады.
Енді қатардан бір-бір баладан шығып орындайды.
6. Сергіту сәті.
Ду-ду-ду! Дүк-дүк!
Пойыз келеді
Ду-ду-ду! Дүк-дүк!
Бәрі жол береді
Ду-ду-ду! Дүк-дүк!
Жүгіріп өтпе
Ду-ду-ду! Дүк-Дүк!
Пойызды өткіз.
Қол бұлғап қалайық
«Жол болсын!» ,- деп біз
7.Сөзжұмбақ шешеді.
IV.Жаңа материалды меңгеру кезеңі.
Балалар, керемет сендер барлық тапсырманы орындап шықтыңдар.
Қараңдаршы,бір сиқырлы әріп пайда болған сияқты.
Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныс болдыңдар.
Д дыбысы қандай дыбыс?
Сауат ашу сабағында нені үйренесіңдер?
Дыбыс дегеніміз не?
Қандай дыбыс түрлерін білесіңдер?
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Бірін-бірі сыйлай білу керек.
Нені үйренді: Сөздерге дыбыстық талдау жасауды. Тәрбие.орг сайтынан Д дыбысы мен әрпі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тлекешова Ж.Д.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: мен, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, дыбысы, әрпі
Көрсетілім: 102 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar