Д ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 42
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 29/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23397


Сабақ жоспары
Пән: әліппе
Мектеп: С.Сейфуллин атындағы
№5 көпсалалы мектеп-лицейі
Күні: 23.11.2017 Тәжірибе өтуші: Бейсекенова З.М.
Сынып: І-топ МАД Қатысқандар саны:20
Қатыспағандар саны: 5
Сабақтың тақырыбы: [Дд] дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаттары: 0.1.1.2. Балаларды [Дд] дыбысы және әрпімен таныстыру; сөздерге дыбыстық талдау жасау; [д] дыбысын дауыстылармен бірге буын құрап оқыту.
0.1.3.1. Әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалрдың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Бағалау критерийлері: Білім алушылар:
- [Д] дыбысымен танысады;
- [Д] дыбысына қатысты сөздерді құрап оқиды;
- [Д] дыбысына қатысты тапсырмаларды орындайды;
Тілдік мақсат: Оқушылар [Д] дыбысына қатысты сөздерді айтады.
Құндылықтарды дарыту: Сыпайлылықты, достарымен тату болу.
Пән аралық байланыс: орыс тілі,
Алдыңғы білімдер: Оқушылар осы уақытқа дейін өткен дыбыстарын қатыстырып сөздер құрастыра алады.
Бастапқы білім:
5 минут Балалар менің қолымдағы не деп ойлайсыздар? Оқушылардың жауабы тыңдалады. Жәшік сөзінің орыс тілде қалай айтылатынын білесіңдер ме? Оқушылар жауабы тыңдалады. Осы жәшіктің ішінде сиқырлы әріп бар? Ол қандай әріп? Кәне кім айтады? Оқушылар жауабы тыңдалады. Д әрпін айтқан уақытта сиқырлы жәшік ашылады.
Иә бүгінгі біздің сиқырлы әрпіміз Дд дыбысы. Осы дыбысқа қатысты қандай сөздер білесіздер? Оқушылар жауабы тыңдалады.
Сонымен балалар бүгінгі сабақта біз ненмен айналысамыз нені үйренеміз? Оқушылар жауабы тыңдалады.

Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы:
8минут

Бүгінгі сабақта біз
- [д] дыбысы және әрпімен танысамыз;
- [д] дыбысының жазылу ережесімен танысамыз;
- [д] дыбысын қатыстырып сөздер құрастырып оқимыз;

Балалар экранға назар салыңыздаршы.
Оқушылардан осы суреттер туралы ойлары тыңдалады.
Доп- спорттық ойындар ойнауға арналған құрал.



АКТ слайд

Слайд
Экраннан [Д] дыбысына қатысты суреттер көрсетіледі


Дара мен Диего сіздердің сүйікті мультфильмдеріңіздің кейіпкерлері.

Домбыра – қазақтың ұлттық музыкалық аспабы.
Осы затты кім көріп тұр маған алып келсінші. Оқушылар домбыраны алып келеді. Мен домбыра бөліктерін көрсетуді сұраймын. Оқушылар жауап бермесе, ата-анаға домбыраны сипаттау беруін сұраймын.

Дәрігер – біз ауырғанда бізді дәрі-дәрмек беріп емдеп, жазады. Дәрумендер бізге күш қуат береді. Оны бізге дәрігер береді.


Достар – ол біздің сыныптастарымыз, аулада бірге ойнайтын балалар. Досқа қатысты мақал білесіздер ме? Оқушылар жауап береді.
Ата-аналар сіздерге сұрақ қойсам, достар деген кім? Ата-аналар тарапынан жауаптар тыңдалады.


Сабақтың ортасы:
8 минут

Тапсырма
жеке жұмыс
3 минут


Жарайсыңдар балалар, ал енді осы бүгінгі танысып жатқан Д дыбысының жазу ережесін жазып үйренейік. Тақтада Д дыбысының баспа түрін, содан соң, бас және кіші жазылу үлгісін жазамын.
Балалар орынмыздан тұрып, оң қолымыздың сұқ саусағымен д дыбысының бас әрпін жазайық, оңға бұрылып жазады, солға бұрылып жазады, аналарына қарап тағы жазады. Енді кіші әрпін жазайық, солға бұрылып жазады, оңға бұрылып жазады, аналарына қарап тағы жазады. Сіздер сондай жақсы жұмыс істедіңіздер, өзімзге қошемет көрсетіп қояйықшы.
Алдымыздағы дәптердің ішінде жіп бар. Сол жіптен Д дыбысының бас әрпін құрастырып салыңыздар.
Жарайсыңдар балалар сіздер өте жақсы жұмыс жасадыңыздар.
Осы Д дыбысын енді дәптеріміздің бірінші жолына жазып шығайық.
Сіздер д дыбысын жазу ережесіне қолымыздың икемін келтірдіңіздер. Кім тақтаға жазып көрсеткісі келеді. Тақтаға бір оқушы шығып Дд дыбысын жазады.

Ой, мынау не өзі? Неге ұқсайды? Оқушылар жауап береді. Бұл үйге кіріп көргілерің келеме? Иә.
Сөздер ашылады. -Мынау неткен түрлі-түсті әріптер? Мен түсінбедім? Балалар сендер білмейсіңдер ме, неге бұл әріптер түрлі- түсті? -Оқушылар Д дыбысының дауыссыз дыбыс екенін айтып түсіндіреді. Иә балалар Д дыбысы дауыссыз, сондықтан да көк түспен боялады.
ДА, ДО, ДУ, ДОП, ДАҚ, ДА-ЛА, ДА-РА, ДО-ҒА, ДА-НА, ДО-ЛА-НА.

ДА-РА ДА-ЛА-ҒА ШЫҚ-ТЫ. ДА-ЛА ЖЫ-ЛЫ.

Сергіту сәті

Жіп

Слайд

сөздер
Сабақтың соңы
2 минут

Сабақты қорыту:
-Бүгінгі сабақта не үйрендік?
-Осы дыбысты қатыстырып сөздер айтыңыздаршы?
-Д дыбысы неге көк түспен жазылады екен?
Бағалау
2 минут Бүгінгі сабаққа қатысты затты әдемілеп көк түспен бояймыз. ҚБ бағалау
Сабақ бойынша рефлекция
1 минут Тәрбие.орг сайтынан Д ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хуаныш Гулзада

Ақмола облысы Степногорск қаласы С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп лицейі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar