Дүниетану. 1-сынып. Үйдегі қауіпсіздік ережесі.

  • Жүктеулер: 24
  • Көрсетілім: 752
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 05/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20338


Сабақтың тақыры-бы Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі.
Сілтеме Дүниетану оқулығы.Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған оқулық.
Алматыкітап баспасы 2015 жыл.
Жалпы мақсаты Оқушылар үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен танысады және олардан сақтана білуге үйренеді.

Міндеті 1.Қауіпсіздік шараларын үйренеді.
2.Сөздік қоры, ой-өрісі дамиды.
3.Жеке басын реттеуге үйренеді.
Оқу нәтижесі Жұптық, топтық,жеке жұмыстар арқылы тақырыпты түсінеді,ойланады,талқылайды.

Тапсырма-лар Сынып ережесін еске түсіру , Жуан , Жіңішке сұрақтар,оқулықпен жұмыс,шығармашылық жұмыстар, логикалық тапсырмалар.
Құрал-жабдық-тар Ассоциациялық карта, оқулық, дәптер, интерактивті тақта, постерлер, коллаж, топтастыру.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
3 мин

Ұйымдастыру бөлімі
а)Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен бас иіп,
Сәлем бердік біз!
-Көңілдерің көтерілді ме балалар?
Енді осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық!

Қолға-қол,
Иыққа-иық,
Арқаға-арқа,
Аяққа-аяқ сәлемдеседі.

Көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді.

1мин Сынып ережесін еске түсіру.

Ортақ сынып ережесін шығарады.
1.Тыныштық сақтау.
2.Уақытты тиімді пайдалану. 3.Бірін-бірі сынамау. 4.Сыйластықта болу. 5.Белсенділік таныту. 6.Сыныптсыңның ойын бөлмей пікірін аяғына дейін тыңдау.



8 мин



1.Алдыңғы білімді қорытындылау.
Менің үйім.
І топ. «Үй» Ассоциялық карта құру.
ІІ топ.Коллаж «Жер үй»
ІІІ топ. Коллаж « Көп қабатты үй»
ІV топ. Үй туралы мақал-мәтел айту.


І т. « Үй»- тасбақаның үйі, аңдардың үйі ( ін, апан), біздің үй
( жер үй,көп қабатты ), тиіннің үйі(қуыс),құстың үйі ( ұя), құмырсқаның үйі( илеу)

ІІ т. « Жер үй»-ауласы, бақшасы, көмір қоралары,моншасы болады.

ІІІ т. «Көпқабатты үй»-ауласы, лифт, подьезд т.б.

І V т.
1.Туған үйдің түтіні жылы.
2.Үйің жаман болса, күйің жаман.
3.Өз үйім, өлең төсегім.


18 мин

2 мин.

3 мин.

1мин.

2.Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту. 3 мин
-Балалар,біздің ең жақсы көретін,үнемі қуанып, асығып келетін баспанамызда,үйімізде кейде сақтық шараларын ұстанбасақ, жазатайым оқиғаларға тап болуымыз әбден мүмкін.
( Слайд № 1)

3.Дәптермен жұмыс. 10-бет.
3 мин
Тапсырманы талдатамын.
Сергіту сәті.1 мин

4. Оқулықпен жұмыс. 4 мин
Оқушылар абзацсқа бөліп оқиды.

Слайд №2. 2 мин
-Балалар , сендер күтпеген жерден жазатайым оқиға болуы мүмкін.Ондай жағдайда мына телефондарға хабарласасыңдар.
101-өрт сөндіру қызметі.
102- полиция қызметі.
103- жедел жәрдем қызметі.
104- газ қызметі.
112- құтқару қызметі.
5. Жағдаятты шешу. 6 мин
Топтарға жағдаятты шешіп, рөлдік ойын арқылы көрсету тапсы-рылады.

6. Білімді бекіту. 8 мин
Топтарға тапсырма беремін.
( Топтастыру, Сандар сөйлейді,мақал-мәтелдер айту, қауіпсіздік ережесін құру )

Бағалау.( әр тапсырма сайын топтар бірін-бірі бағалайды, сабақтың соңында оқушылар қорытынды бағаларын шығарады)

Өте жақсы- жасыл
Жақсы-сары
Қызыл- нашар бояп отырады.

Үйге тапсырма беремін. Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі.(86-87- бет).

Рефлексия
Оқушылармен кері байланыс орнату. Сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді.

Оқушылар слайд көріп, ой бөліседі, сұрақтарға жауап береді.

Дәптермен жұмыс. 10-бет.
(Дұрыс әрекетті жасыл түспен, қате әрекетті қызыл түспен бояп, неге екенін түсіндіреді).

Оқулықпен жұмыс.
І топ. 1- абзац .( Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға болмайды).
ІІ топ. 2- абзац.(электр құралдрына, розеткаға жақындауға болмайды!.
ІІІ топ. 3-абзац.Плитаның үстіндегі ыстық затты жалаңаш қолмен ұстауға болмайды)
І V топ. 4-абзац. Үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе).Жазған қорытындыларын сағаттың тілімен 4 –топқа береді.
Жағдаят шешу.
1-топ.
Сен үйде жалғыз қалдың. Абайсызда өрт шықты. Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар?

2-топ.
Сен үйде жалғыз қалдың. Белгісіз біреу есіктің қоңырауын соғып, есікті қатты-қатты қақты. Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар?
3-топ.
Ас бөлмесі. Бауырыңа алма бөліп бермек болып, абайсызда пышақпен қолыңды кесіп алдың? Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар?
4-топ.
Бауырыңмен тығылмақ ойнап жүрсіңдер. Бауырың киім тұратын шкафқа тығылды. Шкафтың есігі жабылып ашылмай, бауырың ішінде қалып қойды. Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар?
Білімді бекіту.
1- топ. Қауіпті заттар.(топтастырады)
2-топ.Сандар сөйлейді.(101-?,
102-?,103-?,104-?, 112-?)
3- топ. Қауіпсіздік туралы мақал-мәтелдер айтады.
 Сақ жүрсең , сау жүресің.
 От пен су тілсіз жау.
 Отпен ойнама, күйерсің.
Сумен ойнама батарсың.
 Өзі саққа құдай жақ.
4- топ.Қауіпсіздік ережесін құрады.
 Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға болмайды
 Электр құралдарына, розеткаға жақындауға болмайды!.
 Плитаның үстіндегі ыстық затты жалаңаш қолмен ұстауға болмайды)
 Үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе.

Оқушылар өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма жазып алады. 86-87 – бет. Қауіпсіздік ережесін құру. Тәрбие.орг сайтынан Дүниетану. 1-сынып. Үйдегі қауіпсіздік ережесі. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Конурбаева Гульмира Таттыгалиевна

ШҚО Семей қаласы " Т. Аманов атындағы № 16 жобб мектеп" бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar