Дарынды окушылармен жұмыс

  • Жүктеулер: 16
  • Көрсетілім: 500
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 20/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22667


Күні: 15.03.2017 жыл

Пәні: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 2 «Д»

Пән мұғалімі: Жоламанова И

Өтілетін орны, уақыты: 208 каб, 3 сабақ

Тақырыбы:М. Әуезов «Әбілмансұр»

Мақсаты: М.Әуезовтың шығармашылығымен таныстыру. «Әбілмансұр» әңгімесінің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

1.Ел тарихы туралы білімдері кеңейеді.

2. Шығарманы оқу арқылы патриоттық сезімі қалыптасады.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: ой шақыру, сұрақ - жауап, түсіндіру, топқа бөлу, көрнекілік.

Қолданылатын көрнекіліктер: маркер, стикер, смайликтер, карточкалар, видеофильм, аудиожазба.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) психологиялық дайындық

    -  Оқушылар алдымызға үлкен дорба бар деп елестетейік. Енді сыныпқа әкелген жағымсыз энергия, шаршағанымызды, ұйқымызды ортада дорба бар деп елестетіп, сол дорбаға барлығын тастайық. Енді дорбаның аузын мықтап жауып, есіктен лақтырып жіберейік. Кәнеки, бір, екі , үш. Бәрекелді, енді бүгінгі сабағымызды бастайық.

б) топқа бөлу

Батырдың қару-жарақтары арқылы топқа бөлу.

в) оқушыларды түгелдеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен «Адам болам десеңіз»  бөлімін  қайталау.

ІІI. Өткен сабақты бекіту

Сұрақтарға жауаптар....

- Адам бойындағы жақсы қасиеттер қандай?

- Адам бойындағы жаман қасиеттер қандай?

- Тарауымызда бұларға байланысты қандай тақырыптар өттік?

 

ІV. Жаңа сабақты меңгерту

Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге

1.Жақсы – ай мен күндей,

Әлемге бірдей.

2.Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Ел үшін еңбек етіп, елінің атын шығарған ұлы адамдар туралы білгіміз келеді ме балалар?

- Бұл тарауымыздағы ең алғашқы болып М. Әуезовтың шығармасымен таныс

болмақпыз. М. Әуезов кім, оның қандай туындыларын өттік?М.Әуезовтыңшығармасыментаныспасбұрынхат келіпті, соны оқып көрелі.Тақырыпты ашу үшін атамыздың бізге жолдаған тапсырмасын орындауымыз керек. Ребус шешіп, Әбілмансұр сөзі шығады. Әбілмансұр деген кім екенін білгіміз келеді ме? Видеоны мұқият тамашалайық.

- Балалар, енді кітабымызды ашып «Әбілмансұр» әңгімесіне мұқият  қарап,  аудио

жазбаны тыңдайық. Енді мен сендерге әңгімені бөліктерге бөліп берейін. Түсінбеген сөздердің астын қара қаламмен сызып отырыңдар.

 

-  Балалар, әңгіме не туралы екен?

Енді осы бөліктерге ат қойып көрейікші.

Дәптерге бөлімдерді жазу

 

Сергіту сәті

Жауға шапқан Абылай

 

V.Қорытынды

Топтық тапсырма

1-топ: Суреттегі батырлар қалай киінген. Абылайды сипатта.

2-топ: Суреттегі батырларды сипатта.

3-топ: Әбілмансұр – Сабалақ – Абылай есімдерінің мағынасын аш.

4-топ: Төле би Абылайдың түбінде ел билейтінін қайдан білді?

 

Кері байланыс сұрақтары:

1. Әңгімедегі айтылған қазақ батырын ата.

2. Әбілмансұр жауға қалай ұрандап шапты?

3. Әбілмансұрмен шайқасқан қалмақ батырының аты кім?

4. Төле би Абылайғақандайатқойды?

5. Абылай кімнің жылқысын бақты?

6. Әңгімеде қазақтар қай ұлтпен шайқасты?

 

Абылай бала кезінде неге Сабалақ атанған?

Сабалақты Төле би cоғысқа неге жібергісі келмеді?

Қалмақтар неге қаша жөнелді?

Сабалақ неге Абылай атанды?

Әбілмансұрдың атасының аты кім?

 

VI.Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VII.Үйге тапсырма. Әңгімені оқып, мазмұндау. Абылай ханға мінездеме жазу, ол  туралы  тереңірек   іздену. Тәрбие.орг сайтынан Дарынды окушылармен жұмыс Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жоламанова Инкар Ерболатовна

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы #274 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar