Дауыссыз л мен р

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 105
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 15/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23322


Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р
Лашын Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі
Мұғалімнің аты-жөні:Абилдаева Айымкул
Күні:
СЫНЫП: 2
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру
2.4.1.4* - дауыссыз л, р, дыбыстарының емлесін сақтап жазу
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Құндылықтарды дарыту Ауызбіршілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік, жанашырлық, қамқорлық жасай білу құндылықтарды тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : ресурстар
Басталуы
5 минут Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»

конфеттер беріп отырамын.
Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
- Енді, мен сендерге дыбыстарға қатысты өлең оқығым келеді. Сендер тауып көріндерші, қандай дауыссыз дыбыстарға арналған.
Лағы жардан секіріп
Лайып кетті бұлақты
Лайықсыз іс істеп
Лайлауы ұятты (Л)
Райхан – қызыл гүл
Раушан – ашық гүл
Райхан мәз болып
Реттеп тасып жүр (Р)
- Л мен Р дауыссыз дыбыстарға арналғанын қалай білдіндер?
- Дұрыс . Өлеңде л мен р дауыссыз дыбыстар көп кездеседі.
- Л, Р дауысты дыбыстар ма, әлде дауыссыз дыбыстар ма?
- Неге ? Себебін айтыңдаршы ?
- Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
Үн мен салдырдың қатысына қарай : р, л-үнді
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда салдырдан гөрі үн басым.
Күн ретін жазу
Көркем жазу Лл Лл Лл РрРр Рр

Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут

Сергіту сәті
2 минут
55. Сөйлемдерді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Лақ-төл.
Лапылдаған не?
Лашын-құс.
Лағыл деген не?
56. Берілген сұрақтарға жауап беріп, құсты сипаттап жаз.
М.Т. Лашын сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір. тірі жануарларды немесе олардың өлекселерін жеп тіршілік ететін құстар.
Лашын қандай құс?
Оның түсі, көзі қандай?
Оның саусақтары қандай?
Оны неліктен жыртқыш құс деп атайды?
Дескриптор
• Сұрақтарға жауап жазады;
• Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Сергіту сәті
Қолдану
Дәптермен жұмыс.
60. Топтық жұмыс.
Бос торкөздерге л,р әріптерінен басталатын сөздер тауып жаз.
Талдау
Дескриптор
• «Л,Р» дыбысы бар сөздерді тауып жазады;
• дауыссыз «л,р» дыбысын анықтайды.
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
сұрақтар

Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут

Синтез
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Бағалау

5 минут

Кері байланыс
3 минут
«Білім ағашы» кері байланыс



Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады.
Үйге тапсырма: 57-бетте.
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Лашын – 5 әріп, 5 дыбыс
л – дауыссыз, үнді
а — дауысты, жуан
ш – дауыссыз, қатаң
ы – дауысты, жуан
н — дауыссыз, үнді Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім? Тәрбие.орг сайтынан Дауыссыз л мен р Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абилдаева Айымкул

Арал қаласы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar