Әдебиеттік оқу. Оқымысты бала. 3 сынып

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 627
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 23/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21250


Әдебиеттік оқу
Сынып: 3 «а»
Күні: 19.01.2017 ж
Сабақтың тақырыбы: А. Жақсыбаев. Оқымысты бала
Сабақтың мақсаты:
а. Мәнерлеп оқу дағдысын нығайта түсу,сұраққа толық жауап беруге машықтандыру, дұрыс сөйлеуге үйрету,жүйелі баяндауға төселдіру,тұңғыш мектептің пайда болуы туралы түсінік беру.
ә. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке,адалдыққа адамгершілікке баулу,білім алуға ұмтылдыру.
б.Сөздік қорын молайту,ойын қиялын дамыту,дүниетанымын кеңейту.
Әдісі:сөздік,көрнекілік.
Түрі:аралас.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
Сұрақ қою арқылы мәтіннің мазмұнын сұрау.
а)Арманға атасы қандай тапсырма берді?
ә)Мақтаншақ мінезден қалай арылды?
б)Жағымсыз мінез туралы жазған мақал-мәтелдерін оқу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы хабарланады.
Автор туралы мәлімет беру

Жазушы, журналист, аудармашы Ахат Имантайұлы Жақсыбаев 1940 жылы 5 шілдеде Павлодар қаласында туған.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
1.Оқушыларға «Оқымысты бала »мәтінін мәнерлеп оқып беру.
2.Мәтінді тізбектей оқыту.
3.Мәтіннің мазмұнын ашатын мақалдар айтылып,мағынасы ашылады.
Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.

Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.


Күш — білімде, білім — кітапта.

Сергіту сәті

4.Сөздік жұмыс.
5.Мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

а\Мәтіннен оқуға ұмтылған қайсар бала туралы айтылған бөлімді тауып оқыңдар.

ә\Мәтін борйынша қазақ жеріндегі білім алу және тұңғыш мектептің пайда болуы туралы әңгімеле.
б\Әлкейдің бейнесін тауып оқыңдар.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11.5.1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12.1.1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді

IV.Сабақты бекіту.

1.Тұңғыш мектеп ашқан кім екен?
2.Кітап оқудың қандай пайдасы бар?
3.Ұзтазы жақсының ұстамы жақсы деген мақалды қалай түсінесіңдер?

V. Үйге тапсырма

1.Әңгімені мәнерлеп оқып,мазмұнын айту.
2.Мәтін мазмұны бойынша сурет салу.
3. Бердібек Соқпақбаев баяндама жазу

VI. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Әдебиеттік оқу. Оқымысты бала. 3 сынып Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жукенова Галия Еркиновна

Павлодар қаласы. Ақсу қаласы.Қызылжар орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar