Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Әдебиеттік оқу тест 3 сынып
  • 31.03.2016
  • 1815 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18322

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (20.5Kb)

Әдебиеттік оқу тест 3 сынып 1тоқсан
1.Тайыр Жороковтың «Кемедей кешіп комбайн,Алтын дария егінді,Сүзіп жүр маржан бидайын,Күзіміз неткен көңілді!» деген өлең жолдарында күздің қай кезі суреттелген? А) Күздің басы Ә) Күздің ортасы
Б) Күздің соңы В) Күздің табиғаты

2. Т. Жороковтың «Ауыл күзі» өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: Алма піскен ..... А)уылжып Ә) қызарып
Б) албырап В) балбырап
3. «Уылжып» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
А)әбден піскен Ә) қызарып Б) албырап В) балбырап

4. Күн жаңа ғана көтеріліп келе жатқан кез.Шөптегі шық тамшылары моншақтай мөлдіреп, жылт-жылт етеді. Қай мәтіннен үзінді?
А)Әдібай Табылдиев «Күздің кереметі»
Ә) И Бази «Жеміс бағында»
Б) Елемес Салықов «Күзгі орманның көріністері»
В) В.Сухомлинский «Қатқан нан»

5. «Түсі жаздыгүнгідей сарғыш қызыл емес, сұрғылтым, ағаш жапырағына ұқсайды.Екі құлағы тас төбесінде»деген үзінді қай аң туралы?
А)борсық Ә)түлкі Б)тиін В) қоян

6. «Күн жаңа ғана көтеріліп келе жатқан кез. Шөптегі шық тамшылары моншақтай мөлдіреп , жылт-жылт етеді» Мәтіннің қай түріне жатады?
А)хабарлау Ә)пайымдау Б)түсіндіру В) сипаттау

7. « Борсық-қысқы ұйқыға кеш жататын аң. Ол күздің ақырғы күндерінде де інінен шығып, күнге жылынып жүреді». Мәтіннің қай түріне жатады?
А)хабарлау Ә)пайымдау Б)түсіндіру В) сипаттау

8. Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім?
А) И.Бази Ә) И.Крылов Б) В.Сухомлинский В) Р.Василек

9. И Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын есіңе түсір. «Қарағым, жылыт, тамақ бер» деген ненің сөзі?А)баланың Ә)шегірткенің
Б)қыздың В) құмырсқаның

10. Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын қалай аталады?
А) өре Ә) күрке Б)қора В) сөре

11.Нан туралы мәтіндер нег осы бөлімде берілген деп ойлайсың?
.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
12.Жұмбақты шеш. Болат пышақ, Тұрмас жерге байламай,
Күміске ұқсап, жарқырайды айнадай. Бұл не?
А)соқа Ә)пышақ Б) бидай В) комбайн
13. Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде.
.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
14. Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма? Өзің шегіркеге ұқсап қиналып қалмас үшін не істер едің? .........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
15.Мақалды –мәтелді тап.А)Күз-қауырт жұмыстың кезі.
Ә)Күздігүні алма бағына барып көргеніңіз бар ма?
Б)Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды.
В)Жымың-жымың күлдірген,Жып-жылмағай малта ғой,

16.Жер –Ана адамдарды ерте заманнан асырап келеді. Жер адамға жемісін бермей қойса,аштық басталады.Аштықты болдырмас үшін сен не істер едің? ...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

17.Бейнеті мен зейнеті, Ырыс болып құйылған.
Маржаны мен меруерті,Туған елге бұйырған»-деген өлең жолдары кім туралы? А)жүргізуші Ә)комбайншы Б) диқан В)тракторшы

18.Көр нүктенің орнына тиісті сөзді қой. «Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын»-деді ........
А)шегіртке Ә) егінші Б)құмырсқа В)қасқыр

19.Күз дегеніміз біріншіден ..............А) ет пен май Ә)мол өнім
Б)қауырт жұмыс В)байлық,молшылық

20. «Қыс азығын жаз жина» деген мақал қай шығармаға тиісті?
А)Әдібай Табылдиев «Күздің кереметі» Ә) И Бази «Жеміс бағында»
Б) Абай «Шегірке мен құмырсқа» В) В.Сухомлинский «Қатқан нан»
Әдебиеттік оқу тест 3 сынып 1тоқсан
1. Мәтіннің тақырыбы дегеніміз-...
А) Мәтіннің атауы Ә) Автордың не айтқысы келетіні
Б) Мәтіндегі оқиға желісі В) Мәтіндегі кейіпкерлер сөзі

2. Бөлімде берілген шығармаларға ортақ тақырыпты ата.
А) Оқушы, мұғалім Ә) Мектеп, кітап
Б) Білім, оқу В) Оқу, ойын

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой:
«... – өшпес жарық, кетпес байлық».
А) Байлық Ә) Мектеп, кітап Б) Даналық В) Өнер

4. А. Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңіндегі іздеп тауып алайық тіркесінің мағынасы қандай?
А) Үйрену, оқу Ә) Жоғалған нәрсені табу
Б) Жоқты іздеу В) Біреуді іздеу

5. « Бүгіннен бастап, Мағжан, сен де менің шәкіртімсің» деген кім?
А) Ахметден Ә) Мүсілім Б) Бекен В) Гүлім

6. М.Гумеровтың « Күмән» әңгімесі бойынша: « Сонымен, сынып терезесін сындырған кім?»
А) Рақила Ә) Кезекші Б) Боранбай В) Дәуіт

7. Ұршық, өрмек, кітап. Бұлар қай мәтінде айтылған?
А) Б. Ысқақов. Кім жүйірік? Ә) А. Құнанбаев. Адам болам десеңіз
Б) Р. Босилек. Жақсылардың жақсысы В) Қ. Мырза Әли. Мұғалима

8. « Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деп өсиет қалдырған кім?
А) Абай Ә) Шәкәрім Б) Ахмет В) Ыбырай

9. « Мұздай болат киінген,Батпан қару үйірген» деген жолдарда кім суреттелген?А) Батыр Ә) Жауынгер Б) Бала В) Ұшқыш

10. « Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін» деген кімнің сөзі?
А) Шоқанның Ә) Абайдың Б) Шәкәрімнің В) Ыбырайдың

11.Ыбырайдан сабақ оқып, тәрбиесінде болған белгілі жазушы кім?
А) Мұхат Әуезов Ә) Спандияр Көбеев
Б) Міржақып Дулатов В) Машқар Гумеров
12.Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл, деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А)Мұғалима .Қадыр Мырза Әли
Ә)Өнер, білім, бар жұрттар .Ыбырай Алтынсарин
Б)Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы
В)Адам болам десеңіз. Абай Құнанбаев

13.Жұмбақты шеш. Оқыған сайын өседі, Ғаламның сырын шешеді.
А)Кіітап Ә)Білім Б) Мектеп В)Ағаш

14. Атасы Жұмабай :«Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады» деп кімге бата берді?
А)Шоқан Ә) Ыбырай Б)Мағжан В)Ахмет

15.Мақалды –мәтелді тап.
А)Тұмсығымен қозғалар, Соңында аппақ із қалар.
Ә)Өнер білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды.
Б)Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.
В)Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады.

16.Алғашқы әліппені, оқулықтар мен оқу құралдарын жазған кім?
А) Абай Құнанбаев Ә)Ыбырай Алтынсарин
Б) Ахмет Байтұрсынов В) Мағжан Жұмабаев

17.Ыбырай Орынбордағы оқуын бітіріп ұстаз болып шығысымен , қай қалаға келіп мектеп салдырды?
А)Орынбор Ә)Торғай Б )Омбы В)Қызылжар

18.Омбының кадет корпусына оқуға түскен Шоқанды «Қырдан келген жас қазақ баласы жатырқап, жалғызсырамасын» деп кімнің қасына қосып берді?А) Дуров Ә) Достаевский Б) Потанин В)М.Жұмабаев

19.»Білген біліміңдіқойныңа сап,алып кетпе.Еліңе жарық әкел. Артыңда жеткіншегің өренің бар. Соларды өзіңдей білімге жетеле» деген кімнің сөзі? А) Абай Ә)Жұмабай Б) Ахметден В)Дәркембай

20.Сенің , қателігіңді,кемшілігіңді бетіңе айтса не істер едің?
А)Ұялып, екінші рет қайталамауға тырысамын.
Ә)Айтқан адамға «мен ондай емеспін»деп сөз қайтарамын
Б) Маған бәрібір, оның ешқандай ұяттығы жоқ.,өзім білемін. Тәрбие.орг сайтынан Әдебиеттік оқу тест 3 сынып Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сәріпова Раушан Құмашқызы

Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 1815 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar