Дене мүшелері

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 857
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 03/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19873


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары

Сабақ: 4В-бөлім.
Мектеп:№137
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Буршеева Зауре

Сынып: 1 «б» Қатысқандар саны: 17
Қатыспағандар саны:
Сабақтың
тақырыбы:
Дене мүшелері дегеніміз не?

Сабақтыңоқу мақсаты 1.1.5.4. Өзіне, өзінің заттарына және жеке басының қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінеді.
1.4.5.1. Жеке бас гигиенасының пайдасы мен маңыздылығын түсінеді.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар : Дене мүшелерінің атауын біледі.

Оқушылардың көпшілігі : Дене мүшелерінің суреттері арқылы сөз тіркестерін айтады, сұрақтарға жауап бере алады.


Кейбір оқушылар:Дене мүшелерінің не үшін керек екенін, олардың қызметі туралы айта алады.



Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Дене мүшелерін атап, дене мүшелеріне байланысты сұрақтарға жауап бере алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер
Дене мүшелері, қол, аяқ, шаш, бас, кеуде, іш, мұрын, құлақ, ауыз, ерін, кірпік т.б. ОНың шашы қара, көзі көк, көзбен не істейміз?

Талқылауға арналған тақырып:
Дене мүшелеріне не жатады?
Дене мүшелері не үшін керек?

Не себепті.... деп ойлайсыз?Біздің қай жеріміз ұқсас ?

Ишара: Мен көрсетемін сен айт

Алдыңғы сабақ Дене мүшелерінің атауларын айтады ,көрсетеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Басталуы

2-3минут 1.Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Қасыңда тұрған көршіңе бұйрық бер. Мысалы: Шынтас жүгір,Нұрхан айт, Арай сөйле т.б.

Осы қимылдың бәрін қалай,немен істейміз? Қалай ойлайсыздар?

-Әрине дене мүшелеріңнің көмегімен
Ендеше біз дене мүшелеріміздің атымен 3 топқа топтасамыз.
2.Топқа топтастыру.
1-топ. «Көз»
2-топ. «Құлақ»
3-топ. «Тіс» Ресурстар

А4 ақ парақ, маркер

5минут 3.Қызығушылықты ояту:видеороликті көреміз және сол қимылдарды қайталауға тырысамыз.
-Видеоролик не туралы?
-Қандай дене мүшелері туралы айтылған?



Сұраққа дұрыс жауап бере алады.
5 минут 4.Ой қозғау: «миға шабуыл» «Дене мүшелері» дегенде, ойларыңызға не келеді соны жазыңыздар А4 парақтары
Ортасы

15минут

5 минут 1-тапсырма. Әр топқа өлең шумақтары беріледі . Сол өлең шумақтарынан, ақ параққа тек дене мүшелеріне жататын сөздерді тауып жазу керек.
1-топ. «Көз»
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған,
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
2-топ. «Құлақ»
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
3-топ. «Тіс»
Іш ауырса, тіс ауырса,
Маман дәрі береді
Барлық бала, барлық ана
Оны жақсы көреді.
Сергіту сәті: Жалқаулықты тастаймыз иілеміз оңға бір....
2-тапсырма. Жұптық жұмыс: Берілген сөз тіркестерді дұрыс сәйкестендіріңдер.
1.Адамдар баспен……..естиді
2.Көзбен..........ойлайды
3.Мұрынмен.........көреді
4.Құлақпен......... сезеді т.с.с.
Видео-
ролик

Өлең шумақтарынан дене мүшелерінің атауын теріп жазады.

Сөз тіркестерін дұрыс сәйкестендіреді.
Соңы

5 минут

Әр топ өз тобының атауы бойынша қорытынды сөз айту. Сол дене мүшесі туралы ақпарат беру.
• Көз
• Құлақ
• Тіс Дене мүшелерін сипаттай алады Тәрбие.орг сайтынан Дене мүшелері Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Буршеева Зауре Жолдасбаевна

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сәкен Сейфуллин ауылы №137 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar