Дене мүшелері (Parts of the body)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 172
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 12/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20966


Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері (Parts of the body)
Сабақтың мақсаты: Балалардың өткен сабақтарда алған білімдерін тиянақтау; балалардың адамның дене мүшелерін білу үшін танымдық ой - өрісін кеңейту; балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: Дене мүшелері бейнеленген карточкалар, суреттер, бейнетаспа, өлең, саяхатшы Дара қуыршағы.
Әдіс - тәсілдері: Сурет бойынша сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, жаттату.

Сабақтың барысы:
Мұғалім: Good morning, children!
Балалар: Good morning, good morning
Good morning to you
Good morning, good morning
We are glad to see you!!!!

Мұғалім: Thank you very much! Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз - дене мүшелері. Бүгінгі сабағымызда дене мүшелерінің ағылшын тіліндегі атауларын айтып үйренеміз.
Балалар мына жерде жатқан қызыл, сары, жасыл, көк түсті іздер кімнің іздері сендер білесіңдерме?
Балалар: Жоқ білмейміз.

Мұғалім: Менде білмеймін (Еденде тұрған хатты көріп). Міне қызық хатты мында кім қойды екен! Хатты бірге оқиық, балалар. Хатта: «Мен Саяхатшы Дарамын. Осы жолдан өту шартын дұрыс орындап шықсаңдар менімен кездесесіңдер» делінген.
Ойын шарты: Балалар қызыл түсті іздермен жүргенде секіреді, сары түсті іздермен билейді, көк түсті іздермен жүгіреді, жасыл түсті іздермен адымдап жүреді.
Ал қанекей балалар жолдан өту шартын дұрыс орындап саяхатшы Дарамен кездесейік.
(Балалар түрлі - түсті іздермен жүріп, саяхатшы Дараны тауып алады).
Саяхатшы Дара: Hello! My name is Dora.
Мұғалім: Балалар қараңдаршы саяхатшы Дара бізге сонау Англиядан қонаққа келіпті. Сендердің ағылшын тілін қаншалықты меңгергендеріңді білгісі келеді. Балалар Дарамен жақынырақ танысайық.
Мұғалім: Қане балалар біздің Дараға «What is your name?» деген өлеңімізді айтып берейікші.
Балалар: Hello, hello
What is your name?
What is your name?
What is your name?
Hello, hello
What is your name?
My name is ______(әр бала өз атын айтады)
Саяхатшы Дара: Thank you very much! Балалар неткен көп ойыншықтар, бұның барлығы сендердікі ме?
Балалар: Иә, біздің ойыншықтарымыз.
Саяхатшы Дара: Ал сендер осы ойыншықтардың аттарын ағылшын тілінде білесіңдерме? Қане айтып беріңдерші.
What is it?
Балалар:
It is a brick
It is a ball
It is a car
It is a bear
Саяхатшы Дара: Рахмет сендерге балалар ағылшын тілін жақсы біледі екенсіңдер. Ал менің Англияға қайтуым керек. Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын.
Мұғалім: Ал енді балалар барлығымыз көзімізді жұмып ағылшын тілінде 10-ға дейін санап, саяхатшы Дараны шығарып салайық.

Балалар бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «дене мүшелері» деп аталады. Дене мүшелеріне нелер жатады кім айтады?
Балалар: Қол, аяқ, бас, көз, ауыз, құлақ, мұрын жатады.
Мұғалім: Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Құлақты балалар ағылшын тілінде ear, ал басты head, көзді eyes, ауызды mouth, қолды arm, аяқты foot, мұрынды nose дейміз. Балалар барлығымыз тақтада ілініп тұрған қонжықтың суретіне қарайық та, қонжықтың дене мүшелерін ағылшын тілінде айтайық.

Д/о: «Қай дене мүшесі жоқ?».
Ойын шарты: Педагог балаларға қонжықтың суретін көрсетеді. Балалар қонжықтың қай дене мүшесі жоқ екенін анықтап, олардың ағылшын тіліндегі атауын айтады.

Д/о: «Түрлі - түсті құбыжықтар».
Ойын шарты: Педагог балаларға түрлі - түсті құбыжықтардың суреттерін көрсетеді. Балалар құбыжықтардың дене мүшелерінің санын анықтап, олардың түстерін ағылшын тілінде айтады.

Мұғалім: Ал енді балалар жаттығу жасап бір серігіп алайық:
Clap your hands, clap them just like me
Tap your knees, tap them just like me
Touch your shoulders, touch them just like me
Shake your head, shake it just like me

Д/о: «Кім жылдам?».
Ойын шарты: Тақтаға сабақта өтілген дене мүшелерінің барлық суреттері ілінеді. Мұғалім тақтаға 2 баланы шақырып, дене мүшесін ағылшын тілінде айтады. Тақтаға шыққан 2 бала мұғалім айтқан дене мүшесін дұрыс тауып көрсетеді.

Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымызда біз қандай тақырыпта өттік?
Балалардың жауабы: «Дене мүшелерімен танысу»
Ағылшын тілінде қандай жаңа сөздерді үйрендік?
Балалардың жауабы: ear, head, leg, eye, mouth, hand, nose.
Мұғалім: Ал енді балалар осымен сабағымыз аяқталды good bye everybody! Тәрбие.орг сайтынан Дене мүшелері (Parts of the body) Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдикаримова Арайлым Толеубековна

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылы №35 жалпы орта мектебі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar