"Денің сау болса, жарлымын деме"

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 289
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 28/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23632


Сабақтың мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру;Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; Денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
«Жарлы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-кедей
-Ендеше сенің денсаулығың мықты ма?
-олай болса, денсаулық- біздің қолымыздағы басты, бірінші байлығымыз екен. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денің сау болса-жарлымын деме» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда “Саламатты Қазақстан” атты жүрдек жолаушылар
поездымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздер көптеген анықтамалар алып, сұрақтарға жауап іздеп, өз ойларыңызды бөлісесіздер.
Аялдамалар:
I. “Мың бір хадис” аялдамасы
II. “Денсаулық зор байлық” cұрақ -жауап аялдамасы
III. Жұмбақтар аялдамасы
IV. “Ұлы ғұламалар елі” аялдамасы
V. “ Өмір театр” көрініс
VI. “ VIII. Білгенге маржан
VIІ.Сөзтізбек” аялдамасы
VIІІ. «Әлемдегі ең пайдалы азықтар» аялдамасы
ХІ: «Көріністер» аялдамасы

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.

“Мың бір хадис” аялдамасы
1. Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.

2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.

3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. («Мың бір хадистен»)

. «Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап аялдамасы (Оқушылар жауабы.)

1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3. Денсаулыққа не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /
4..Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

ІІІ.Жұмбақ шешу
Мұғалім:Балалар, келесі жұмбақтарды шешіп көрейік.
1)Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең.
Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)
Шомылған баланы аймалап алады.
2)Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? ( Сүлгі)
3)Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)
4)Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)
- Жақсы дұрыс шешуін таптық. Бұлардың бәрі тазалық құралдары.
- Міне сондықтанда адам өзінің денсаулығы болу үшін жуынып таза жүру керек.
Дені сау адам көңілді, мықты, жұмысқа қабілеті жақсы болады.
Сонымен адам:
Аптасына бір рет моншаға бару, душ қабылдауы керек.
Аптасына бір рет тырнағын алу керек.
Бірнеше рет шашын тарау керек.
Әркімнің өз тарағы, тіс щеткасы, қол орамалы болу керек.
- Ал сендер балалар тазалықты сақтайсындар ма?
- Өз тіс щеткаларын, қол орамалдарын бар ма?

2-слайд «Ұлы ғұламалар елі» аялдамасы
Арай: Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.
Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.

Біріншісі - ерте тұру.
Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі - дене шынықтыру.
Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
Бесіншісі - үнемі сергек жүру.
Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау
Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.
Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан

“Өмір театр” көрініс
(Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады.)
-Ата, мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?
- шылым шегудің үш түрлі “пайдасы” бар, балам.
- Біріншіден, Шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.
-Қалайша?
-Себебі, олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді.
-Екіншіден, олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.
-Қалайша?
-Себебі, шылым адамның өкпесі таза болмайды да күндіз- түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп, үйге жақындай алмайды.
- Үшіншіден, шылым шегетін адамды ешқашан да ит қаппайды.
-Қалайша?
-Себебі, олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын? ( Ақсақал қулана жымияды. Ал бала ойланып қалады.)

«Білгенге маржан» аялдамасы
-Балалар сендер денсаулық туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
(Оқушылар бір – бірден тұрып, мақал – мәтел айтады).
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Ісің түсіп тақсырға барма,
Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
Ұста көрінсе таға тозады.
4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5.Ауру атанды да шөктірер.
6.Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
7.Бас ауырса жан қорқады.
8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,
Шыбын бар жерде - шығын бар.
9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
10.Жан ауырса - тән азады,
Қайғы басса - жан азады.
12.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
15.Емнің алды - еңбек.
16.Ауру желмен келіп, термен шығады.
18.Қайғы қартайтады,
Қуаныш марқайтады.
19.Таңертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
20. Жалқаулық — жаман ауру.
21. Қимыл шынықтырады,
Ұйқы тынықтырады.
22.Ауырып, ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

-Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

(Есікті қағып Жалқаубек келеді)
— Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.
Міне сендерге әкелдім деп сөмкесінен шығара бастайды.
Мұғалім: -Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.
— Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
Мұғалім:- Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.
Мұғалім: — Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар ма?
— Ал қандай тамақ пайдалы?
Оқушы:
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Слайд «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»
Балық:Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.

— «Тәні саудың -дені сау» демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.
Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ой -ларданаулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
— Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..

«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», — деп мұғалім қорытынды жасайды.
Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.

«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соны жей саламын.
Дәрігер:- Нені ұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.

Слайд «Кім тапқыр?»
Д — Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е — Емнің алды — еңбек.
Н — Негізгі байлық — денсаулық.
С — Саулық — байлық негізі.
А — Ас — адамныңарқауы.
У – Уланудан сақтан.
Л — Ластың досы — шыбын.
Ы — Ыдысы тазаның, ырысы таза.
Қ — қотыр қолдан жұғады.

7- сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні мерекесі. Бұл күні барлық халықтар осы айтулы мерекені атап өтеді.

Қорытынды:
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», — демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Слайд Тұжырым: Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.
-Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

1. Оқушылар бірігіп ойланып, талдайды. Ортаға шығып қорғайды.
2. Алтын, ерлік, даңқ, намыс, қазақ, елім, жерім,ұрпақ, кең-байтақ, бірлік, тәуелсіз, мәңгілік, бақыт.

Күні Тәрбие.орг сайтынан "Денің сау болса, жарлымын деме" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ижанова Нургуль Алпысбаевна

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосы Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar