«Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 552
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 21/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18765


Даярлық тобы /өзін өзі тану/
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:
«Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Тапсырма
Денсаулық туралы алған білімдерін арттыру мақсатында суретке қарап өз ойларымен бөліседі.

Мәтінмен жұмыс
М.Әбдірашеваның «Тәтті алма» мәтінін оқу, тазалық бойынша пікірлерін білу.
• Баянның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
• Сендерде осындай жағдай болады ма?
• Тазалықтың денсаулыққа қанда әсері бар?

Ойын жаттығу
Оқушыларға денсаулық үшін пайдалы және зиянды екендігін ажыратуы керек. Дайындалуға 1-2 минут.

Дәптермен жұмыс
Денсаулық құпиялаларын гүлдің күлтешелерін бояу.

Қорытындылау
- Балалар біздің соңғы аялдамамыз – «Жақсылық кені». Жақсылық жақсы істерден, жақсы сөздерден, жақсы әрекеттерден құралады. Жақсы сөз – денсаулықтың келесі құпиясы. Жаныңның жақсы болғаны , денсаулығыңның жақсы болғаны.

Бір бірімізге жақсы тілектер айтайық.
- Денің сауболсын!
- Спорт сенің досың болсын!
- Күн үнемі сенімен бірге болсын!
- Жаның сұлу болсын!
- Таза су саған күш қуат берсін!

Жүректен жүрекке
Бәрі қосылып «Балдырған әнін» айту.

Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде
Алау болып жанамыз.
Алау болып жанамыз,
Құлыншақ болып шабамыз.
Балапандай талпынып,
Көкке қанат қағамыз. Тәрбие.орг сайтынан «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдигерова Жанар Шайкеновна

Пікірлер: 0

avatar