Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ұ дыбысы және әрпі
  • 11.12.2016
  • 81 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20457

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (65.2Kb)

Сабақ: Менің отбасым және достарым. Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі.
Мектеп:ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешені
Күні: Мұғалімнің Т.А.Ә: Харесова М.К
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1. 9.2 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.
Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу.
Оқушылардың көпшілігі:
Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсінеді.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Ведиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Ұ дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уық болып иіліп
Шаңырақты құрайық.
– Балалар, осы шаңырықтың астында біздің сынып бір отбасындай бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Енді бір бірімізге сәттілік тілейік.
«Кім ұтқыр?» ойыны
-Сауат ашу сабағы нені үйретеді?
-Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстарды қалай айтамыз және қандай текшемен белгілейміз?
-Дауыссыз дыбыстарды ше?
- Өткен сабақтарда қандай әріптермен таныстық?
- Мен сіздерге кез-келген әріп айтамын. Сіздер сол әріпке байланысты сөздер құраңдар.
Жұмбақ шешу
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
Ортасында келемін.
-Ендеше балалар біз бүгінгі сабақта қандай әріппен танысамыз?
Шаттық шебері

Сабақтың ортасы
8 минут

«Бөлінген суреттер» топқа бөлу.
№1 Әр отбасы мүшелеріне тиесілі заттарды сурет арқылы болжа.
-Ұршық кімге керек?
-Мектепте кім қызмет етеді?
-Ұшақпен кім ұшады?
«Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат» бейнежазба
№2 Оқылым
Ұр ұн ұт ұш ұста ұршық ұнтақ ұтқыр ұшақ ұсақ құлын құрақ ұран құмыра Нұрлан құлан құлақ Ұлан құмырсқа Ақнұр Топқа бөлу
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

АКТ
Сергіту сәті
1 минут Ұшты, ұшты қарға ұшты,
Ұшты,ұшты қағаз ұшты,
Ұшты,ұшты сағат ұшты,
Ұшты,ұшты ұшақ ұшты... Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма
10 минут

Аяқталуы
9 минут №3 Сызба және сөздермен мәтінді оқы.
Сөйлемді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.
«Сәйкестендір» ойыны
Әртүрлі суреттер берілген, ішінен ұ дыбысына қатысты суреттерді ғана таңдап, жапсыру.

«Ұ дыбысыныі жазылуы» бейнежазба
Дәптермен жұмыс
Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Кеменің суреті
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Тәрбие.орг сайтынан Ұ дыбысы және әрпі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Харесова Молдир Кайратовна

БҚО, Сырым ауданы, Шагырлой ауылы, ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешені бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: erke-_ma
Көрсетілім: 81 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar