Ұ ұ дыбысы және әрпі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 264
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22630


Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі: Нормова Мақпал
Сабақтың тақырыбы: Ұ ұ дыбысы және әрпі
Пәні: Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Ұ ұ дыбысы және әрпінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты: Ұ әрпімен таныстыру.
Сабақтың міндеті:
1. Білімділігі: Ұұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
2. Дамытушылығы: Жеке сөздерді окуға және тез оқуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалықка тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Өткен сабақты пысықтау.
III. Жаңа сабақ.
- Кәне, балалар, жұмбақ шешейік!
Кеше жіптей,
Бүгін күптей. (Ұршық)
Шыр айналып биші қыз,
Билеп-билеп алады.
Өз бұрымын беліне,
Орап түсіп барады. (Ұршық)
Тал басында — тамаша ұй. (Ұя)
- Ұшқыш, ұя, ұршық сөздерінде ең бірінші қандай дыбыс естідіндер?
- Ұұ дыбысын қатыстырып сөздер ойлайды.
Ұұ дыбысын ауада жазып көру.
Тапсырмаларды орындау.
Суреттерге қарап дыбыстық талдау жаса.
Ұя, құлын, құдық, ұршық.
Тордағы әріптерден сөз құра.
Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы.
Ұ Ұ
Жаңылтпаш жаттайық!
1. Тұз - мұздай
Мұз - тұздай.
2. Талап - тұлпар
Білім - сұңқар
Сергіту сәті.
"Ұшты-ұшты" ойынын ойнау. Ойын шартын, мазмұнын, міндетін түгел түсіндіру.
Ұшты-ұшты (ұшады)
Ұшты, ұшты,
Торғай ұшты (ұшады) т.б. Ойын шартын бұзғандар өлең айтады.
Ойын:
«Допты қағып алу» ойыны арқылы өткен әріптерді қайталау. Айтылған дыбыстарға байланысты сөздерді атау
Тақтамен жұмыс.
Ұұ дыбысының әріп элементтері.
Ұұ баспа түрі.
Ұұ жазба түрі.
IV. Қорытынды.
Сұрақ-жауап әдісімен:
1) Дыбыс дегеніміз не?
2) Әріп деп нені айтамыз?
3) Бүгін қай әріппен таныстық?
4) Ол дыбыс қалай айтылады?
5) Сол әріпті қатыстырып сөздер ойла. Тәрбие.орг сайтынан Ұ ұ дыбысы және әрпі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нормова Мақпал

Пікірлер: 0

avatar