"Е дыбысы мен әрпі"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 688
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 11/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21672


Күні: Мектеп: №5 Алға орта мектебі
Сынып: 1 «А» Мұғалім: К.Т.Байхадамова
Пәні: Сауат ашу Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы 4-бөлім: Бізді қоршаған әлем
Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым, ребус шешу.
Тілдік құзыреттілік Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
7 минут Ертеңгілік шеңбері (1-слайд)
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
-Жарайсыңдар, балалар, сабаққа дайындығымыз қалай? Бүгін ерекше сабақ болмақ, өздерің байқап отырғандай бізге қонақтар келді. Сендердің білімдеріңді бақылап, көрмек. Сол себепті сабақта белсенділік танытайық. -Ендеше, бүгінгі күніміз сәттілікке толсын.
Өткенді қайталау (2-слайд)
- Өткен сабақта не өттік?
- Әріптерді қайталадық.
- Қандай әріптерді өттік, кім айтады?
(Балалардың жауабы) - Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деген не?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Ал, дауыссыз дыбыстар ше?

Шаттық шебері

Интерактивті тақта, слаид, әріптер.
Сабақтың ортасы
15 минут

- Балалар, тақтадағы суреттерге назар салайық?
- Не көріп тұрмыз?
- Орман, табиғат.
- Сол орман, табиғатты тағы қалай атауға болады?
-Бізді қоршаған әлем.
- Орманда нелер өседі?
- Ағаштар.
- Мына суреттегі ағаштар қандай ағаш деп ойлайсыңдар?
- Емен.
Емен ағашының басқа ағаштардан айырмашылығы оның діңі жуан болады.
Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді, сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті да бар. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар, осы емен сөзін буынға бөлейікші.
Е-мен (2 буын)
— Емен деген сөзде бізге таныс емес дыбыс естіледі. Ол қандай дыбыс? (е)
Е дыбысын дыбыстату (е-е-е)
№1 Тыңдалым.
-Мен атам мен әжеме кім боламын?
Суреттердің алғашқы әріптерінен жауабын табамыз.
Топ болып ребус шешу.
№2 Оқылым.
ар ал да та са ла ма
ер ел де те се ле ме
№2 Жазылым.
Ауада жазу.
Магнитті тақтаға жазу.
Дәптермен жұмыс. суреттер

Таныстырылым.

Оқулықпен жұмыс

Слаид

Ребус

Е дыбысының баспа,жазба түрлері

Жұмыс дәптері
Сергіту сәті
2 минут «Көңілді күн» ырғағына билеу Сергіту сәтіне арналған видеоролик
Қызықты тапсырма
8 минут
№3 Сұрақтың жауабын суреттің көмегімен болжа.

Не ысыды?
туды?


Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқушылар «Жапырақтар» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты жасады. Кері байланыста оқушылар өз-өздерін бағалады.
Сары жапырақ-бәрін түсіндім.
Жасыл жапырақ-толық түсінбедім.
Қоңыр жапырақ-ештеңе түсінбедім.
Түрлі-түсті жапырақтар
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздерін жапырақтар арқылы бағалайды.

Дүниетану, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Тәрбие.орг сайтынан "Е дыбысы мен әрпі" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байхадамова Камила Тасыгуловна

БҚО Ақтөбе облысы Алға қаласы № 5 Алға орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar