Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Егіншілік пен малшаруашылығы
  • 29.11.2016
  • 144 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20265

Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен малшаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың егіншілік мал шаруашылығы туралы алған білімдерін тиянақтау, әрі жетілдіру. Төрт түлік жөнінде мағлұматтар беру, түсіндіру.
2. Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету;
3. Қоршаған ортаны аялауға баулу. Төрт түлікті күтуге сезімталдыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіру. 63 пайызын анықтау, жазу. (бала санына байланысты анықталады.
2. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.
3.ООМ(орынға отырғызу матрицасы) бойынша жұмыс.
ІІ. Үй тапсырмасы: «Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
ООМ ұяшығына алғашқы плюс белгісі қойылады.
1.Ғасырлар бойы адам баласы тіршілік үшін қажеттінің бәрін қайдан алады?- Ғасырлар бойы адам баласы тіршілік үшін қажеттінің бәрін табиғаттан алады.
2.Адам өз әрекеті арқылы табиғи ортаны не істейді?-Табиғи ортаны өзгертеді.
3.Адам өмір бойы орман мен оның өнімін не істейді?- Адам өмір бойы орман мен оның өнімін пайдаланады.
4.Бір ағашты ретсіз кесу,өртеу неге әкеп соғады?-Оның жойылуына әкеп соғады.
5.Мемлекет нені қорғап, бақылап отырады?-Мемлекет орманды қорғап,бақылап отырады.
6.Қазақстанда қандай қорықтар бар?- Ақсу-Жабағалы, Наурызым, Қорғалжын т.б.
7.Дала топырағы қандай?-Дала топырағы құңарлы.
8.Адам дәнді дақыл егу үшін қандай жерлерді жыртып игереді?- Адам дәнді дақыл егу үшін жазық жерлерді жыртып игереді.
9.Жаздың аптап ыстығынды топырақтың беті не істейді?- Жаздың аптап ыстығынды топырақтың беті қатты құрғап, желмен ұшып кетеді.
10. Қыста қар тоқтатады, ағаштар мен бұталарды жолақ бойынша отырғызып не тұрғызады?- қоршау шебін тұрғызады.
11.Адам өз қолымен дала көркін не істейді?-Өз қолымен өзгертеді.
12.Ауылшаруашылық өсімдіктері топырақтың құрамындағы құнарлы заттарды не істейді?- Ауылшаруашылық өсімдіктері топырақтың құрамындағы құнарлы заттарды бойына тартып алады.
13.Топырақ құнарлығын қалпына келтіру үшін не себіледі?-Алқаптарға көң және әртүрлі минералды тыңайтқыштар себіледі.
14.Су қоймаларына жақын орналасқан зауыттар мен фабрикалар суды не істейді?-суды ластайды.
15.Бұлар жануарлар мен өсімдіктердің не істеуіне әкеліп соғады?-жойылуына әкеліп соғады.
16.Көптеген жануарлар мен құстардың түрлері қалай кездеседі?-сирек кездеседі.
17.Қызыл кітапқа енген терісі бағалы аң?- Жұпартышқан.
18.Жұпартышқанды аулауға заң бойынша не салынған және неге алынған?-Заң бойынша тыйым салынған және қорғауға алынған.
19.Орал және Ақтөбе облысының кейбір өзендерінің жағалауында не кездеседі?- қаракүзен кездеседі.
20.Қандай құстар сиреп бара жатыр?-Қарашақаз, бұйрақазан да сиреп бара жатыр.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тірек сөздерді сәйкестендіру.
ООМ ұяшығына екінші плюс белгісі
Ағаш кесу, пайдалы қазбалар, ауылшаруашылығы, бөгет пен каналдар, жануарлар мен өсімдіктер,табиғи орта, қоршаған орта, жаңа ағаш отырғызу,тыйым салынған, көптеген қорықтар, дала топырағы,қар тоқтатады, топырақ құнарлығы, суқоймалары,өзендермен жылғалар,Қызыл кітап, қаракүзен, жұпартышқан, Жайық Орал Ақтөбе,
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді түсініп оқу, осы тақырыпқа байланысты сұрақ сұралатыны ескертіледі. Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі. 5-минут. Мәтінді оқи отырып тірек сөздерді табу және сәйкестендіру арқылы ООМ ұяшығына екіншші плюс белгісі қойылдаы.
ІҮ. Жаңа тақырыпты жаңғырту үшін сұрақтар қою:
ООМ ұяшығына үшінші плюс белгісі
1.Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарындағы далалы жерлердің топырағы қандай?-топырағы өте құнарлы.
2.Оларды неге пайдаланады?-оларды жыртып, дәнді дақылдар егуге пайдаланады.
3.Бұл жерлерде не өсіріледі?-бидай, арпа, сұлы өсіріледі.
4.Суармалы жерлерде не егіледі?-күріш, мақта, жүгері.
5.Қазақстанда сапасы жоғары не өсіреді?-бидай
6.Жаздық бидай республикамыздың қай бөлігінде себеді?-Солтүстік бөлігінде.
7.Ал оңтүстігінде қандай бидай егіледі?- күздік бидай егіледі.
8.Шөлді суармалы жерлерде не өсіріледі?-қауын,қарбыз,асқабақ.
9.Бұл өсімдіктер нені жақсы көреді?-жылу мен суды
10.Қызылорда облысының Сырдария өзенінің жағалауында не жақсы дамыған?-бау-бақша жақсы дамыған.
11.Тау етегінде не өсіреді?- бақ өсіреді.
12.Адам баласы мал өнімдерін неге қолданады?-тағам, киім, тұрмыстық заттар, әшекейлер, дәрі-дәрмектерге қолданады..
13.Қазақстанда малшаруашылығының ең жақсы дамыған қай сала?- қой шаруашылығы.
14.Малшаруашылығының ең маңызды саласы қайсы?- Жылқы шаруашылығы.
15.Жылқының еті қалай бағаланады?- жоғары бағаланады.
16.Қазақстанның шөлді және шөлейт аймақтарында қандай шаруашылық дамыған?-түйе шаруашылығы.
17.Оны шөлді жерде неге пайдаланған?-Жүк тасуға пайдаланған.
18.Сүтінен не әзірлейді?- сусын- шұбат.
19.Қазақстанда жақсы дамыған қай шаруашылық?-құс шаруашылығы.
20.Құстың еті мен жұмыртқасын халық қалай пайдаланады?-кеңінен пайдаланады.
Ү. Құтқару сұрағы.Екілік баға алған оқушыға сұрақ қою арқылы үштік баға тарту.(Егер үш минус болса)
ҮІ.Тест. ООМ ұяшығына төртінші плюс белгісі қойылады.
ҮІІ. Эссе жаз. Эссе немесе шығарма түрінде жазуға болады. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады.
* 5-минут беріледі
* 44 сөзден асу керек..
ООМ ұяшығына бесінші плюс белгісі қойылдаы.
ҮІІІ:Журналға баға қою. 4+ белгі – 5 ,3+ белгі-4. 2 белгі -3
ІХ. Үй жұмысы: Егіншілік пен амалшаруашылығы. 86-бет. Тәрбие.орг сайтынан Егіншілік пен малшаруашылығы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жаркинбекова Айнагуль Умирзаковна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Пен, малшаруашылығы, Егіншілік, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба
Көрсетілім: 144 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar