Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Енбек- бәрін жеңбек
  • 10.02.2017
  • 106 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21649

Өзін –өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Покровка орта мектебі
Тақырып: Енбек- бәрін жеңбек
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: еңбектену, еңбексүйгіштік
Мұғалім: Жанибекова У.А.
Сынып: 3 «а»
Оқушылар саны: 7
Сабақтың мақсаты.
Дұрыс әрекет арқылы «еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
• Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру.
• Оқушылардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын дамыту.
• Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ресурстар:
Оқулық, дәптер, карточкалар, желім, ақ қағаз, маркер, дәптер, суреттер.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тыныштық сәті
«Орманға саяхат»

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.
Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, біз өзін-өзі тану кабинетінен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.
Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.
Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.
Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.
Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.
Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, институтқа қарай аяңдаймыз. Өзін-өзі тану кабинетіне келіп өз орнымызға отырайық.
Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?


2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ жауап)
- Обал дегеніміз не?
- Сауап дегеніміз не?
- Нанды жерге тастау дұрыс па? Неліктен?
- Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
- Табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Дәйексөз
«Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар»
Мақал
3.1. Дәйексөзді оқыту.
3.2. Дәйексөздің мәнін ашу
- мағынасын қалай түсінесіңдер?

6 .Шығармашылық жұмыс Топқа бөлу.
Оқушыларға кәмпит тарату арқылы топқа бөлу. Топтық жұмыс.

1 тапсырма.
Балаларға түрлі суреттер таратылады. Балалар суреттердің арасынан еңбектенуге байланысты суреттерді таңдап ақ параққа жапсырады.
2 тапсырма
Н. Жанаевтың Еңбек сүйсең өлеңінің бір шумағын бір топқа , екінші шумағын бір топқа оқытып, мағынасын ашу.
3 тапсырма.
Екі топ жарыса отырып еңбек туралы мақал- мәтелдер айтады.
-Еңбек түбі береке
Көптің түбі мереке
-Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей
-Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.
-Еңбек бәрін жеңбек.
-Ердің атын еңбек шығарады.
-Еңбексіз өмір- сөнген көмір.
-Ер дәулеті еңбек.





6. Топпен ән айту.
А. Меңжанова. « Болайықшы осындай» әні.

Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым - ай
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

7. Үй тапсырмасы
Дәйексөзді жаттау.
8. Тыныштық сәті. Тыныштық бар жерде
музыка қойылады. Көздеріңді жұмып денелеріңді сергіген қалыпқа келтіріңдер. Көз алдыларымызға елестетейік...
Айналамызда адамдар көп жиналған. Барлығы да еңбек етуде. Бірі жер жыртып, бірі дән егуде, ал тағы бірі өзінің сүйікті істерімен айналысуда. Барлығының жүздеріне күлкі үйірілген. Бір-біріне көмектесіп жасаған еңбектерінің жемісін көргендеріне дән риза. Еңбек еткен сайын еңбектене бергілері келеді. Еңбектену қандай керемет! Сол еңбектенудің арқасында денемізді сергітіп алдық. Дәл осылай адал жолмен еңбектенуге іштей уәде беріп, күлімсіреген қалыпта көздерімізді ашайық. Тәрбие.орг сайтынан Енбек- бәрін жеңбек Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанибекова Уразкул Абдураманқызы

ПОКРОВКА ОРТА МЕКТЕБІ Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 106 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar