Ересек оқушы. Әміртай Бөриев

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 900
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 29/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19546


Күні: 05.09.2016ж Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ересек оқушы. Әміртай Бөриев.
Сабақтың мақсаты 1.Оқушыларға қазақтың әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсу.Автор жайлы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, музыка.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: слайд суреттер, буклет.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Балаларды түгендеу. Бір-біріне сәттілік.
Үй тапсырмасын тексеру. «Қартқожа» әңгімесін мазмұндау.
Мәтіндегі кейіпкерлерді сипаттау.
Негізгі ойды анықтау.
-Оқу өнерге жата ма? -Өнер деген не? –Өнер түрлерін ата.
Өнер: ән айту, сурет салу, би билеу, мүсіндеу, тігіс тігу, айтыс т. б. Бүгінгі сабағымыз өнердің бір түрі сурет салу өнері туралы болмақ.
Жаңа сабақ. Әміртай Бөриевтің «Ересек оқушы» әңгімесімен танысамыз. Әңгіменің авторы Әміртай Бөриев 1946 жылы 16 қарашада Жамбыл облысы, Жуалы ауданында, Қызтоған ауылында туған. Қазір « Қазақфильм» компаниясының аударма фильмдер бірлестігінің бас редакторы. « Доңыз деген не ?» мультфильмнің сценарийі үшін екінші жүлдеге ие болды.
Мәтінді оқу. Оқушылардың тізбектей оқуы
Мәтін бойынша жұмыс.
Сөздік жұмыс.
Автор туралы түсінік беру.
Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрлысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияла-рында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Әбілхан қол өнеріне, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарыңдастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.
Сергіту сәті. Биші бұралып билейді,
Күйші домбыра тартады
Спортшы жүгіріп, секіреді,
Оқушы отырып, сабақ оқиды.
Балалар әңгіме неліктен «Ересек оқушы» деп аталыпты ?
-Оқымаған Әбілхан мүсін және сурет өнерін қалай үйренген?
Хлудовтың портретін тауып оқу.
-Өнерді сүйе білу дегенді қалай түсінесің?
Ойқозғау. «Насихат» өлеңімен қалай байланыстырар едің?
Өзіңе қандай өнер түрі ұнайды?
Жоспар құру.
Қорытынды
Өнерлі өрге жүзер. Жігітке жетпіс өнер де аз.
Үйге тапсырма: Әміртай Бөриевтің «Ересек оқушы» әңгімесін мазмұндау.
Қастеев туралы деректер іздеу.
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Ересек оқушы. Әміртай Бөриев Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айзат Бактыбаева Өмірзаққызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кеңдала бекеті №35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar