Есеп. 3 санын қосу және азайту

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 235
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 31/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20734


Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
«№4 Шонжы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Куджакулова Алмагуль Кенжебековна
Сабақтың тақырыбы: Есеп. 3 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1.Сонша ұғымына байланысты мазмұнын салыстыру,есеп шығаруға үйрету.
2.Ұқыпты , жинақы, жылдам болуға тәрбиелеу.
3.Ой-өрісін,есте сақтау дұрыс есептейбілу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Алма, жұмыртқа ,жұлдызша,сандар қатары мультфильм кейіпкерлері суреттері,ойындар,үлестірмелер,интерактивті тақта
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету,талдау-жинақтау.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Оқыту технологиясы: дамыта оқыту
Пәнаралық байланыс:ана тілі ,дүниетану, музыка

Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.
1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Слайдпен жұмыс)
№6 101 беттегі геометриялық фигураларды атау
Суреттермен жұмыс сұрақ-жауаптар
ІІІ. Жаңа сабақ:
1) Қандай мультфильмді жақсы көретіндерін сұрай отырып ,қандай кейіпкерлерді білетіндерін білу, солардың қонаққа келгенін айту, 2топқа ат қою,сабақтың жарыс түрінде өтетінін айту
2) Тапқырлар мен ойшылдар тобы
3) Кейіпкерлердің дайындаған тапсырмасын айту,түсіндіру.

1-10 дейін тура, кері санату
Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу

Мысық пен тышқанның тапсырмасы.
Сандарды қатарымен жаздыру 1 * 3 * * 6 * * 9
Кітаппен жұмыс
№1 есеп. І-Ыдыста-3алма І-ыдыста-3 алма
ІІ-ыдыста-? сонша алма. ІІ- ыдыста- сонша алма
2 ыдыста-? Алма.
3+3=6
Жауабы: 6 алма бар.

Сурет бойынша жұмыс жүргізу. Алмұрт, апельсин,лимон т б

№2 сурет бойынша есеп құрату, шығату.
Жұмыртқаларды санау арқылы

№3 сурет бойынша есеп құрату.
А) Жұлдызшалар бойынша есеп құрау 5+3=8
ә) Машина түрлері бойынша есеп құрау 3+2=5
б)Шие мен мандарин бойынша есеп құрау. 4-3=1

Аю біреу, табаны нешеу?
4 санына б/сты жаңылтпаш айту

4 4ім бар,4 тортым бар.
4ім маған, тортым саған

Сергіту сәті
Санамақ әні

№ 4 Мысалдарды есептеу.

Үлестірме бойынша жұмыс

3+2=5 5+3=8 7+3=10
4+3=7 6+2=8 8+2=10
Қоянға көмек. Қоян қандай тамақты жақсы көреді?
Қоянға саңырауқұлақ жинауға көмектесейік . Азайтуға б/сты есептер шығару ауызша

9-1= 8-1= 3-1= 7-1= 6-1= 5-1= 4-1= 2-1= 9-0=
Жұмбақ шешу.
Ұшады қонады,
Гүлдердің қонағы.
Араға бал жинауға көмектесейік. Қосуға б/сты есептер шығару ауызша.

9+0= 5+1= 4+1= 3+1= 2+1= 8+1= 6+1= 7+1=

Тышқанға өрнекті салыстыруға көмектесейік. Тақтаға жаздыру.

9-2 * 9-3 4+2 * 5+1

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.

Спанди бобтқа логикалық есепті шешуге көмектесейік

1 * 2 * 3 * 4 * 5 =9
Суретті мұқият қарап шық . Әр заттың жетіспей тұрған бөлшегін тап.

Шығармашылық тапсырманы ауызша орындату.
Артық суретті тап, оны неге артық деп ойлайсың?
Сандар құрамын анықта?
Цифырмен белгіленген әріптерді пайдаланып, сөздер құрастыру.
(Имаш, киім, анар, шана, Дариға)
v. Үйге тапсырма:№5 есеп, 103бет

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Біз не істеуді үйрендік? Сұрақ –жауаптар.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Есеп. 3 санын қосу және азайту Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Куджакулова Алмагуль Кенжебековна

Пікірлер: 0

avatar