Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Етістік
  • 15.04.2016
  • 563 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18647

Сабақтың тақырыбы: «Етістік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістік туралы берілген білімді еске түсіру, оқушылардың білімдерін кеңейту, тақырыпты толығымен талдап, мазмұнын ашу.
Дамытушылық: Етістік тақырыбы арқылы оқушылардың шығармашылық, сөздік қорын молайту, оқушылардың жеке өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Талдау, әңгімелесу, ой қозғау, шығармашылық тапсырмалар орындау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн, досым !
Қайырлы күн болсын !
Аптаның сенбі күні,
Сәттілікке толсын !
Біздің алар бағамыз !
Кілең бестік болсын !
II.Үй жұмысын тексеру
56 – жаттығу
Ребусты дұрыс шешіп,жұмбақтың шешуін табу
Үй тапсырмасын қорытындылау
«Өз жұбыңды тап » ойыны.
III. Миға шабуыл
«Ойлан ,тап » ойыны
Сергіту сәті «Көңілді күн»
ІІ. Қызығушылықты ояту
Ұйқасын тап.
Тастан тасқа секіріп,
Жем тереді ............
Айбат шегер алыстан
Аң патшасы ...........
ІІІ. Мағынаны ашу.
Ереже: Заттың қимылын іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге Не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтар қойылады. Балалар, табиғаттағы шыққан әрбір дыбыстарға біз сұрақтар қоя аламыз. Өздерің тыңдап көріңдерші .
Олай болса келесі жаттығуларға назар аударайық.
Жазбаша жұмыс:
1 - жаттығу:
Суреттердің мазмұны бойынша қандай тақырыпқа әңгіме құрауға болады.
1. Қанат кітап оқыды.
2. Айзада ағасына хат жазды.
3. Назеркенің апасы Астанада тұрады.
4. Көкөніс сулы жерде жақсы өседі.
Оқыды, жазды - не істеді?
Тұрады, өседі - не істейді?
2 - жаттығу:
Жұмбақпен жұмыс, етістіктерді теріп жазып, сұрақ қой.
Көктем келді: құс келді,
Күн ұзын, түн қысқа енді.
Көктем келді: су ақты,
Күннің көзі шуақты.
Көктем келді: гүл өсті,
Көбелектер гулесті.
Етістіктер: келді, ақты, өсті, гулесті – не істеді?
3 - жаттығу:
Сөздерді оқы.Сипатына қарай екі бағанға бөліп жаз.
Жіппен келеді,
Үзсең, сөнеді.
(шам)
Шам сөзін пайдаланып сөйлем құрау.
4 – жаттығу.
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құра
Қонды,ұшты,жауды,секірді.
5 - жаттығу
Шығармашылық тапсырма:
Сурет бойынша әңгіме құрастырып, жазу. Сөйлемдеріңдегі етістіктерді тауып, астын сызу
VІ. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі өткен тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау
Ребус шешу.
VІІ. Үйге тапсырма:
6- жаттығу:
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Мадақтау. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Етістік Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сатылғанова Жамиля

Жамбыл облысы Меркі ауданы №2 «Аспара» ОМ бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: msyrzakul
Көрсетілім: 563 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar