Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Етістікті қайталау
  • 12.05.2016
  • 448 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18984

Тақырыбы: Етістік.
Мақсаты: Етістік туралы берілген білімді тиянақтау, етістіктерді тауып,
оларға дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Оқушылардың сөздік қорларын
молайтып,ойын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ұқыптылыққа, байқампаздыққа,жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық, шығармашылық ізденіс. Топтық жұмыс.
Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік. Көршіңмен сырлас,
жүгірме диктант, ыстық орындық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз,
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсің санамыз.
- «Тілек ағашы» Топтар бір- біріне тілектерін білдіріп, ағашқа жүрекшелерді іледі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ережені жатқа сұрау.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақ тақырыбы мен мақсатын ашу.
- Топтық жұмыс. Үлестірмелі суреттер.


ІҮ. Білімдерін тексеру: «Сиқырлы ағаш» ойыны.
Етістік дегеніміз не? Етістіктің сұрақтары қандай? Етістікке мысалдар келтір.

«Жүгірме диктант» әдіс- тәсілі.
Мәтінді түсініп оқы. Етістікті тап. Қорытынды жаса.
Мақта- бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта құнарлы топырақты және ылғалды ұнатады.
Өзіндік іздену. Жұмбақты оқы, жатқа жаз. Етістікті тауып, қай сөзбен
байланысып тұрғанын тап.
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады .

Сергіту сәті.
Үлестірмемен жұмыс.
Ұйқасын тап. Сөйлем мүшесіне талда. «Көршіңмен сырлас» әдісі
Тастан тасқа секіріп,
Жем тереді кекілік.
Айбар шегер алыстан,
Аң патшасы арыстан.
Ү.Қорыту. «Ыстық орындық» әдісі.
1. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады? 2. Етістік деген не? 3. Етістікке
қандай сұрақтар қойылады?
Бағалау. Топтар бір- бірін смайликтар арқылы бағалайды.


ҮІ. Үйге тапсырма: 362-жаттығу, 132 бет. Бағалау.

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Адабекова Р.А. Тәрбие.орг сайтынан Етістікті қайталау Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: адабекова рысты амантауқызы

павлодар облысы баянауыл ауданы №1 майқайың жалпы орта білім беру мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 448 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar