Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Гәкку» сахнаға қалай келген?
  • 24.02.2016
  • 510 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16646

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

УСПЕН АУДАНЫ

УСПЕН №3 ҚАЗАҚ ЖББОМ

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: «Гәкку» сахнаға қалай келген?
Сыныбы: 4

орындаған І категориялы бастауыш сынып
мұғалімі Нағым Бейсенқызы Сағатова

Успенка – 2016

Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: «Гәкку» сахнаға қалай келген?
Сабақтың мақсаты:.Оқушыларды О.Мацкевичтың әңгімесімен таныстыру.Мәтіннің өзекті ойын ашуға мүмкіндік жасау.
Сабақтың міндеті:
1.Білім дағдыларын арттыра отырып,мәтіннің мазмұнын түсініп,өздігінен ойын қорыта айта білуге төселдіру.
2. Сөздік қорын молайту.Шығармашылық қабілетін арттыру.Технологиялық картаның регламентін орындау.
3. Өнерді сүюге,мейірімділікке,ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тірек сөздер,суреттер,«Жас шамасына байланысты сөздік қор және оқыту сапасы бойынша құрама кесте» , интербелсенді тақта,ООМ кестесі.

1 Ұйымдастыру кезеңі Ауызша сабақ-1
-Сабақтың тақырыбы айтылады
-Өнер адамдары,әннің құдірету туралы мәлімет беріледі.
Көшбасшыға сөз беріледі Карта бойынша жұмыс жасау реті
түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.
ООМ бойынша жұмыс (орынға отырғызу матрицасы)
2 1 кезең
Үй тапсырмасын бекіту.
• Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар?
1. Мәтін қалай аталады?–Ғажайып бақ
2. Мәтін қандай жанрда жазылған? – ертегі жанрында жазылған
3. Ертегінің басты кейіпкерлері кімдер? – Асан мен Қасен
4. Ертегі қалай басталады? – Баяғы заманда Асан мен Қасен деген дос болыпты
5. Асан мен Қасен қандай адам болған? – Олар кедей адам болған.
6. Олардың тұрмыстары қандай еді? – Асан ұлтарақтай жерге егін егіп,Қасен аз ғана малын бағып,күн көреді
7. Отбасылық жағдайлары қалай еді?-Асанның сұлу қызы, ал Қасеннің ер жеткен ұлы болады.
8. Тосыннан Қасен қандай жағдайға душар болады? – Қыс аяғы қатты болып, Қасеннің малы қырылып қалады.
9. Қиын жағдайға ұшыраған Қасен кімге келеді?- Досы Асанға келеді
10. Асан Қасен досын қалай жұбатады?- «Менің егіндік жерімнің жартысы сенікі болсын.Қолыңа кетпен алып,тырбанып тіршілк қыл», - дейді.
11. Қасен қандай тірлікпен айналысып кетеді? - Егін салумен айналысады
12. Қасеннің басында тағы қандай оқиға болды?–Қасен жерін қазып жүріп, алтын салынған бір қазан тауып алады
13. Қазанды тауып алған Қасен не істейді?– Қазанның құлағынан ұстап,досының үйіне жүгіреді
14. Досының қуанышына Асан Қасенге не дейді? - «Ол алтын менікі емес,сенікі.Сен өз жеріңнен қазып алдың ғой», - деп жауап береді
15. Екі дос бірін-бірі сыйлап қалай сөз таластырады?– Сен жеріңді бергенмен,жеріңнің астындағы қазынасын берген жоқсың ғой.
16. Сөз таластыра келе Асан қандай шешімге келді?- Сенің күйеу болатын ұлың бар, менің қалыңдық болатын қызым бар
17. Әкелердің шешімінен соң жағдай не болды?–Балалар қуанып,той жасайды
18. Жаңа қосылған ерлі-зайыптылар әкелеріне не үшін келді? -Аталары безген нәрсеге балалары ие болған жарамас деген оймен келді
19. Балалары не деп алтыннан бас тартты?- Біз алтынсыз да баймыз.Дүниеде сүйіп қосылған көңілден артық қазына бар ма? депті екі жас
20. Олар енді қандай шешімге келді?– Бір дана қарияға барып,жүгінбек болады
21. Дана қарияның үй-жайы қандай екен?– Қарияның жұпыны ғана қараша үйі бар екен.
22. Қарияның қасында кімдер болды?– Төрт шәкірті
23. Бірінші шәкірт қандай шешім айтты? Жер-дүниедегі қазынаның иесі хан ғой.Соған апарып берейік
24. Екінші шәкірті ше? - Дауласқандар безген мүлік бидікі ғой.Мен оны өзіме аламын
25. «Бұл алтынның иесі жоқ,мен оны қайта жерге көміп тастар едім» деп кім айтады? – үшінші шәкірт
26. Кіші шәкірт не айтады? -Мен осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далада гүл жайнаған саялы бақ өсірер едім
27. Дана қария кіші шәкіртіне риза болып, қандай даналық сөз айтты? «Жасы кіші болса да,ақылы артықты аға тұт»
28. Ал сен не істер едің?Өзің қандай төрелік айтар едің? Оқушылардың жауаптарына қарай ООМ кестесіне плюс, минус белгілері қойылады.
Бірінші белгі
3 2 кезең
Қабылдауды ұйымдастыру
• Тірек сөздер
• Мәтінмен жұмыс
• Сәйкестендіру Тірек сөздер:
Композитор,дастан,театр,спектакль,опера,ария,репетиция.
Ария – операда оркестрдің сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын ән.
Опера - әнмен ойнатыла айтылатын спектакль.
30 сек оқиды, 30 сек жазады.
Оқушылардың есте сақтап жазған сөздеріне байланысты ООМ кестесіне плюс, минус таңбалары қойылады.
Екінші белгі
4 3 кезең
Ұғынуды ұйымдастыру
(4минут)
• Қарама-қарсы сұрақтар қою Қарама-қарсы сұрақтар:
1.Мәтіннің авторы кім? Олег Мацкевич
2.Мәтін қалай аталады? «Гәкку» сахнаға қалай келген?
3. Мәтін кім туралы жызалған? Күләш Байсейітова
4.Мәтіндегі оқиға неден басталады? Композитордың кітапханадан «Қыз Жібек» дастанын тауып алудан
5.Композитор ішінен кім туралы ойлады? Күләшпен кездесіп,Қыз Жібектің рөлін ойнайтын адам осы
6.Күләш кім?Нені сүйетін? Етікшінің қызы,ән салуды сүйетін
7.Күләштің әншілік талабы қайда әкелді? Театрға
8.Күләш кімдерге көмек көрсетті? Қ.Байсейітов,Қ.Жандарбековтерге
9.Барлығы бірге ненің жоспарын құрды? Спектакль жоспарын
10.Басты міндеттері не болды? Опера бойына бәсеңдемейтін негізгі асқақ арияны табу
11.Ария деген не?Ария – операда оркестрдің сүйемелдеуімен жеке даусыта орындалатын ән.
12.Композитор «Қыз Жібек» операсын қайда жазды? Қала сыртындағы демалыс үйінде
13.Күләш пен композитор жаяу келе жатып не ойлады? Егер мүмкіндік болса,кез келген арбаның біріне міне салармыз
14.Олар арбада келе жатқанда айналасы қандай еді? Нарттай қызыл алма бағының арасы
15.Кенет олар не естіді? Алма бағының алыс түкпірінен бір ән естілгенін
16.Олар естіген ән қалай аталады? «Гәкку»
17.Композитор неге қуанды? Біз іздегенімізді таптық деді
18.Ән кімнің әні еді? Үкілі Ыбырайдың
19.Әнді неге теңеді? Мөлдір бұлақ пен әсем аққуға
20.«Гәкку» әні неге айналды? Алма бағы ішінде арияға айналды
21.Алғашқы спектакль қалай өтті? Сәтті шықты
22.Әртістер сахнаға неше рет шықты? 7рет
23.Көрермен ықыласы қалай болды? Зал тебіреніп кетті
24.Спектакльден соң әртістердің көңіл-күйлері қалай болды? Бәрі қуанышты
25.Композитордың аты-жөні қалай аталады? Евгений Григорьевич Брусиловский
26. Күләш «Гәккуді» қанша жыл шырқады? Ширек ғасыр бойы
27.Күләш дүние салғанда не ойналды? Ұлы актрисаға халқының көрсеткен зор құрметі ретінде қабірінің басында «Гәкку» ойналды.

Оқушылардың жауаптарына қарай ООМ кестесіне плюс, минус белгілері қойылады.
Үшінші белгі
5 4 кезең
Түсінудің бірінші тексерілуі
• Сыни сұрақтар Сыни сұрақтар:
1.Мәтіннің авторы М.Зверев - жоқ
2.Мәтін «Гәкку» сахнаға қалай келген? деп аталады - иә
3.Мәтін биші Шара Жиенқұлова туралы - жоқ
4.Композитор Қыз Жібектің рөлін ойнайты әншіні іздеді - иә
5.Күләш қойшының қызы еді - жоқ
6.Күләш сурет салуды ұнататын -жоқ
7. Оның талабы театрға әкелді - иә
8.Қанабек,Құрманбектермен бірге жоспар жасады -иә
9.Олар керемет ария іздеді -иә
10.Опера ауылда жазылды -жоқ
11.Күләш ат үстінде сурет салды -жоқ
12.Арба үстінде отырып,керемет ән естіді -иә
13.Әнді естіп,көңілі құлазып қалды -иә
14.Бұлақтай мөлдір,аққудай әсем ән еді -иә
15.Алғашқы спектакль өте жаман болды -жоқ
16.Зал тебіреніп кетті -иә
17.Қойылымнан соң бәрі көңілсіз -жоқ
18. «Гәкку» әнін бүкіл ер сүйіп айтатын болды -иә
19.Композитор Шәмші Қалдаяқов еді -жоқ
20.Гәккуді Күләш ұзақ жылдар шырқады -иә
21.Спектакль Күләш туралы еді - жоқ
22.Ария деген ертегі - жоқ
23.Опера деген әнмен ойнатыла айтылатын спектакль -иә
24.Күләш аты шыққан актриса - иә
25.Күләш бүгіндері үлкен жасқа келген әже – жоқ
26.Күләш туралы бүгіндері кинофильм бар - иә
Оқушылардың жауаптарына қарай ООМ кестесіне плюс, минус белгілері қойылады.
Төртінші белгі
6 5 кезең
Бірінші бекітуді ұйымдастыру
• Тақырыптық сөздік қор Тақырып бойынша ТСҚ жүргізіледі. Сөздер анық, қысқартылмай жазылады. Әрбір сөз сөйлем мүшесі болуы керек. Тақырыптың мазмұнын жазуға болады. 5минут беріледі
Оқушылардың жауаптарына қарай ООМ кестесіне плюс, минус белгілері қойылады.
Бесінші белгі
7 Талдау Сыныптың тақырыпты меңгеру деңгейі анықталады. Осы тақырып бойынша сабақтың нәтижесін ескере отырып, жұмыс жасау болжамы беріледі.
8 Бағалау 4-5 белгі – 5 ұпай
3 белгі – 4 ұпай
2 белгі – 3 ұпай
1 белгі – 2 ұпай Сапа нормативі карта бойынша орындалды деп есептеледі, егер оқушылардың 63%-і 5 ұпайдан алса
9 Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады

Опера- әнмен ойнатыла айтылатын спектакль.

Ария – операда оркестрдің сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын ән. Тәрбие.орг сайтынан «Гәкку» сахнаға қалай келген? Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нағым Бейсенқызы Сағатова

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 510 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar