Үй жануарлары.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 611
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 04/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19445


Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларға үй жануарларның неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру.Олардың аттарын дұрыс атап төлдерін дыбыстарын ажрата білуге үйрету.
Білімділік :Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: мақал-мәтел, тақпақ ,тірек сызбалар арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Төлі.енесі
Көрнекілік: Үй жануарларының тірек сызбалары

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әркеті

Ынталандыру,сезімді ояту

Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Қайырлы таң достарым
Сәлеметсіздер ме, қонақтар. Балалар қол қимылдарымен жоғары көтеру,достарымен амандасу.

Ізденістер,ұйымдастыру

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер мұқият тыңдап ,шешуін табыңдар.

Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар.

Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір сыпырғышы бар

Мына суреттен қандай үй жануарларын көріп тұрсыңдар?

Балалар бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
Адамдарға қандай пайдасы бар? Тірек сызбаларды пайдаланып шағын әнгіме құрастырайық.

-да +



Сергіту сәті :Тіктеп титтей құлағын,
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын,
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын,
Ойнақтайды ботақан.

Тірек сызба арқылы тақпақ
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Емес олар ұрыншақ


Жаңылпаш жаттаймыз. Мақсаты: Тірек суреттер арқылы есту, көру, жаттау қабілеттерін дамыту.











1

!
Қара – ала лақ,
Қара – ала лақ.
Қара – ала лағым,
Қорада бірақ.
.Балалар мұқият тыңдайды

- қой

- сиыр

Сиыр,қой,ешкі,
Жылқы т.б

Үй жануарлары
Еті,сүтін ,терісін т.б пайдасы бар

Балалардың жауабы

Ауылда сиыр бар

Қой шөп жейді

Үй жануарларының қимылдарын келтіру

Сызба арқылы тақпақты жатқа айтады

Балалар жаңылпашты сызба арқылы жаттайды

Рефлексиялық түзетушілік

«Не жоқ» ойыны
Шарты: Үстелдің үстіне ойыншық үй жануарларын қойып. Сол ойыншықтың ішінен, бір ойыншықты алып тастап, жоқ ойыншықты тапқызу. Сұрақ жауап


Балалар ойын арқылы өзін-өзі бағалау

Күтілетін нәтіже:
Біледі :Әр бала үй жануарларының аттарын ,пайдасын қажетілігін білу керек.
Игереді: Балалар тірек сызба арқылы үй жануарлар атауларын дұрыс игереді
Меңгереді: Үй жануарларына қамқор бола білуді.

Павлодар облысы
Ақсу қаласы
КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы
Тәрбиешісі : Гульмира Серікқызы Кулдошбекова Тәрбие.орг сайтынан Үй жануарлары. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гульмира Серікқызы Кулдошбекова

Пікірлер: 0

avatar