Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Үй жануарлары»
  • 21.01.2017
  • 118 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21205

Атырау қаласы, Ақсай селосы
Жалпы білім беретін Б.Момышұлы атындағы
№25 орта мектептің
шағын орталық тәрбиешісі
Утегенова Салтанат Махсотқызы

Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін бекіту. Жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Логикалық ойлау қабілетін арттыру. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерімен қамқорлықтарын ояту. Ойын арқылы балалардың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарын, ынталарын, ерік-жігерін ояту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, салыстыру, ажырату, ойын технологиялары.
Көрнекіліктер: Жыл мезгілдерінің, үй жануарларының суреттері, тест бетшелері, ойын элементтері
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:

Қол алысып кәне біз,
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру.

II. 1. Қайталау сұрақтары:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің неше айы бар?
- Қазір болып жатқан қай айы?
- Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы?
- Қыс мезгіліне байланысты кім маған тақпақ айтып береді екен?
Көкті бұлт тұмшалап,
Жер ақ тонын киеді,
Шұнақ аяз шымшылап,
Ақ бетінен сүйеді.

Құлақтарын үсіткен
Шынықпаған қай бала?
Осы болар қыс деген
Айтсақ жауап жай ғана
- Жарайсыңдар, балалар. Балалар мына бір әнді біз бірге орындайықшы.
2. Жаңа сабақ
Ән «Қошақан»
- Жарайсыңдар, ән қай жануар туралы айтылды?
- Иә, қошақан. Ал қошақан ненің төлі?
- Қойдың төлі, дұрыс айтасыңдар.
- Ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Үй жануарлары» деп аталады.
3. Тақтамен жұмыс:
- Балалар қараңдаршы, үй жануарларын өздерің атаңдаршы?
- Оларды тағы қалай атайды? /төрт түлік мал/
- Олар бізге не үшін қажет?
- Олард кім бағып өсіреді?
- Олар бізге не береді?
- Иә, сүтін ішеміз, жүнінен, терісінен киім тоқимыз, етін жейміз.
4. Жеке жұмыс:
Тест №1. «Қай сурет артық?»


Тест №2 «қай сурет артық?»


Тест №3 «жабайы жануарлары қорша»

5. Сергіту жаттығуы:
Домалатып ақ қарды
Ұлпа қарлар жасаймыз,
Үлкен, кіші, орташа
Дөңгелектер құраймыз.
Мұрын жасап сәбізден,
Бас киімін шелектен,
Көңілденіп, секіріп,
Аққаланы жасаймыз.

-Кәне ,тез «аққала» құрастырайықшы.
6. Дидактикалық ойын:
«Үй жануарларымен жабайы жануарларды өз үйлеріне апар»
7. Дидактикалық ойын «Бұл ненің дауысы?»
Мақсаты: жануарлардың дауысын есту арқылы ажырата білуге үйрету.
8. Қорытынды сұрақтар:
-Балалар сендерге бүгінгі жаңа сабағымыз ұнады.
-біз не туралы айттық?
9. Балаларды мадақтау.







Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ
Оң аяқта бес бақай,
Сол аяқта бес бақай
Қосып едім екеуін
Болып шықты он бақай.
Балауса:
5 бармақ бауға барды
Бір дегенім бүркіт
Қалады аңдар үркіп
Екі дегенім есек
Білмейді ол есеп
Үш дегенім үкі
Ұстап жеді түлкі
Төрт дегенім тиін
Бес дегенім бұлбұл
Сайрағанда дүлдүл
III. Жаңа ОІӘ: «Геометриялық пішіндер»
- Балалар, біз сендермен бірге геометриялық пішіндерді бүгін үйренеміз
- Айтыңдаршы мынау қандай пішін?Үшбұрыштың түсі қандай? Үшбұрыш неге ұқсайды? Оны неге үшбұрыш деп атайды?Сендердің алдында үшбұрыш бар ма, көрсетіңдерші.
- Мынау қандай пішіні? Ол неге ұқсайды? Оны неге төртбұрыш деп атайды? Төртбұрыштарды көрсетіңдерші.
- Ал мынау ше? Оның неше бұрыштары бар? Дұрыс, олардың бұрыштары болмайды, олар оп-оңай дөңгелене береді.
Тақтамен жұмыс: «Бағанды толтыр»
- Балалар сендердің алдарында тақтада екі баған орналасқан. Олардың біреуінде пішіндерден құрастырылған суреттер берілген. Ал екіншісінде әр түрлі геометриялық пішіндер бар. Сол суреттің қандай пішіннен құралғандығын көрсетіп бағанды толтырамыз.

Сергіту жаттығуы:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Алақанды ашамыз
Бесті беске қосамыз
Кел санайық ал мұны
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Жасырып едім бесеуін
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу еді қалдығы
Нешеу еді барлығы?

Дидактикалық ойын: «Ғажайып дорба»
Мақсаты: Көзбен көрмей, сипап сезу арқылы заттың пішінін ажыратып айтуға үйрету. Заттың атауын, түр-түсін, пішінін, неден жасалғанын анықтап айтуға дағдыландыру. Сенімділікке тәрбиелеу.
Парақшамен жұмыс:
- Балалар сендерге мен әр түрлі геометриялық пішіндер беремін, ал оның екінші бетінде заттың қандай пішіннен құралғандығын, ауызша айтып беріңдер.

Қорытындылау.
Мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан «Үй жануарлары» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Утегенова Салтанат Махсотқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: жануарлары», «Үй, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба
Көрсетілім: 118 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar