Я я дыбысы мен әріпі.Ұя

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 565
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20823


Бекітемін: _____________ Оқу ісінің меңгерушісі: Ш.Утегенова Сабақ тақырыбы: Я я дыбысы мен әріпі.Ұя Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:Оқушыларға Я я дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі я дыбысының ерекшелігін меңгерту, «Й»мен «А»естілгенмен орнына «Я»әрпі жазылатын ережені ұстана отырып,«Яя»әрпі мен дыбысының айтылу,жазылу ерекшеліктерін таныстыру.Ұя өлеңінің мазмұнын түсіндіру. 2.Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін, жұмбақ шешу, арқылы тіл байлықтарын дамыту. 3.Тәрбиелілігі: Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, т.б Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Сыныбымыз тап-таза, Борда дайын тақтада. Денемізді жинақтап, Отырайық партаға. ІІ. Өткен сабақты пысықтау Ой шақыру. -Балалар біздің қонаққа көмек керек сияқты.Кеше жолда жауған қар оны басып қалыпты. Қонақтың жолын тазалап жібереміз бе ? Егер сендер білімдерінді ортаға салсандар онда біз қонақты құтқарамыз.Сұраққа дұрыс жауап берген сайын бір қардан тазалап отырамыз.Ендеше іске сәт! Өткенді пысықтау «Қар жинау »ойынын ойнату. О:мәтін 8қар:Жұмбақ шешу Далада жүр шапқылап, Керемет тым саққұлақ, Тек есектен басқа да, Оған ұқсас жоқ құлақ. (қоян ) Қар астынан не шықты?-Қоян -Міне,балалар бізге қонаққа қоян келген екен. ІV .Жаңа сабақ. Сұрақ-жауап -Қоян туралы не білеміз? О:Қоян дала жануары,оның жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.Қыс мезгілінде қоянның түсі ақ болады. Қоян.Қоян сөзіне сөйлем құрау -Қоян сөзін буынға бөлу. Қо-ян Сабақтың тақырыбы: Яя дыбысы мен әрпі Ұя Кіріспе түсінік Я дыбысы орыс тілінен неген дыбыс.Я дыбысы екі дыбыстан құралған дыбыс. Я дыбысын айтқанда И+А қосарлы дыбыс естіледі.Я дыбысы қосарланып айтылғанымен,я әрпімен таңбалаймыз. Я дыбысы өз алдына буын жасай алады.Сөздегі дауысты дыбыс жуан және жіңішкелігіне байланысты кейде жуан,кейде жіңішке айтылады. Я дыбысы сөздің ортасында,соңында кездеседіМЫС:аяқ,пияз Кестемен жұмыс Айтылуы Жазылуы қойан Қоян Тайақ Таяқ баспа түрі жазба түрі Ша ян сөзіне буынға бөлу Оқулықпен жұмыс 1.Бағандағы сөздермен жұмыс А яқ қо ян қи яр а яз та қи я Та яқ ша ян пи яз са яз да ри я Аяқ-адамның бір мүшесі Таяқ-кішкентай таяқтын сынығы,бөлігі Қоян –жануар,түсі өзгеріп тұрады Шаян –жәндік Қияр –көкөніс Пияз-көкөніс Аяз- аяз бетті қарайды,одан бет үседі. Саяз- ойы төмен,түсінігі нашар Тақия –бас киім Дария- су,судың ағысы Қастек Баянбаев 1936 жылы Алматы обл Алакөл ауд Талдыбұлақ жерінде дүниеге келген .Балалар жазушысы,ақын «Ұя»деген өлеңін тақтада оқу Ұя жасап тақтайдан , Талға апарып байладым. Жыл құсының шаттанған, Күттім қашан сайрауын. Сол ұяны талғады, Қараторғай мекендеп. Күні бойы сайрады, Жайлы пәтер екен деп Тізбектеп оқыту Өлеңнің әр оқушыға бір жолын оқыту Сөздік Шаттанған- қуанды, Талғады-таңдады, Жайлы-ыңғайлы 3.Сергіту сәті Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сылдырды. Ойлы қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Дәптермен жұмыс Ауада жазу Тақтада жазу Жазбаша түрі Яя әріптерін жазу; • Я Құс бұтаққа ұя салды. • я ұясы әдемі болды. «Қай сөзді жоғалттым»ойыны Қанат .... жасады. ..... әдемі болды. ...... жақсы оқушы. ұя/ Ұясы/Саян Қорытындылау Ойын«Ойлан тап» /Жоқ әріпті табу/ • Қи.....р, а....з, та....қ, а....қ. «Сөз ойла, тез ойла» • Қоян ,оян, шаян, • Аян,Саян ,Әлия. Мадақтау Тәрбие.орг сайтынан Я я дыбысы мен әріпі.Ұя Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Имангазиева Ж

Пікірлер: 0

avatar