Ю әрпі мен дыбысы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 405
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 06/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19906


Оңтүстік Қазақстан облысы,
Кентау қаласы,Т.Рысқұлов
атындағы №24 жалпы орта
мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Керімбекова Ақбота

Пәні :Сауат ашу сыныбы 1 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Юю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі :Оқушыларды Юю дыбысы және әрпімен таныстыру. Юю
дыбысының артикуляциясының дұрыс қолданып, ю дыбысын дұрыс
айтуға үйрету. Дыбыстың бас әрпі және кіші әріптерін көрсету және
таныстыру.
2. Дамытушылығы :Әріптердің дыбысталу ерекшелігіне қарай отырып, ішіндегі орнын анықтау дағдыларын дамыту. Юю дысының й және у дыбыстары түрінде естіліп жазуда Юю әрпімімен таңбалану ерекшелігін сөздерге дыбыстық талдау жасай отырып, оқушылардың өздеріне аңғарту. Дауысты дыбыстың шартты белгісін қолдана отырып, Юю дыбысының буындағы орнын анықтату. Мәтінді мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету.
3.Тәрбиелігі :Аңдардың тіршілігі, олардың пайдасы туралы әңгімелесе отырып, оларды қорғау, Қызыл кітап туралы әңгімелеу, аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: А – дан Я- ға дейін кестесі әліппе бет, әріп үлгісі жазылған кесте, дауысты дыбыстар үйшігі,оюлар суреті
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдістері:сұрақ-жауап, түсіндіру , ертегіге негізделген түсіндірме сабақ, ойын сабақ.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Осы біздер қандаймыз?
Талабы биік таудаймыз.
Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз,
Үлкенге ізеттеміз.
Кішіге қамқормыз
Көп оқимыз,
Өнерліміз
Жанып тұрған шырақпыз!
Елімізді өркендететін,
Балаларға тағзым ететін,
Біз қазақ елінің болашағымыз.
- Жарайсыңдар, балалар, көңіл-күйіміз жасқы, қазір сабағымызды бастаймыз.
Балалар сендер әр тапсырманы дұрыс орындасаңдар,қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен таныс боласыңдар.Сондықтан әр тапсырманы дұрыс орындауға тырысындар.Сендерге сәттілік тілеймін!
ІІ Үй тапсырмасы бойынша жүргізілетін жұмыстар:
Сұрак жауап арқылы өткен сабаққа шолу жасау.
1. Дыбыс дегеніміз не?
-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Дыбыс 2 бөлінеді.
-Дыбыс түрлерін ата?
-Дауысты,дауыссыз.
-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?
-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.
-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
— Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.
-Қандай болып бөлінеді?
-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.
-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?
— Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.
— Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
— Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.
-Қандай болып бөлінеді?
-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.
-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж,;
-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);
-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.
-Дыбысты немен таңбалаймыз?
-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.
-Дыбыстан не құралады?
-Буын құралады..
-Дыбыстан тағы не құралады?
-Сөз құралады. .Сөйлем неден құралады?
-Сөйлем сөздерден құралады.
-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
1-тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Сендерді алғашқы ою түрімен таныстырамын.
«Қошқармүйіз»оюын таныстыру.
1. Танкурай мен қорбаңбай мәтінді тізбектеп оқу.
2. Оқыған өлең бойынша сұрақ қою, жауап алу.
Өлеңді жатқа сұрау.Өлеңнен түсінгендерін сұрау.
Сөздік жұмыс жүргізу: ию – майыстыру сөздерімен алмастырып түсіндіру.
Ұю – сүттің ұюы сөзімен алмастырып түсіндіру.
в) оқыған өлеңдер бойынша сұрақтарға жауап алу.
- Не қызарып пісті? – Таңқурай қызарып пісті.
- Не теріп жүр қалдырмай? - Теріп жүр аю қалдырмай.
- Нені өзім егіп ем? - Көшетін өзім егіп ем.
- Немен суды сеуіп ем? - Шелекпен суды сеуіп ем
2. «Сынық мүйіз»малдың сынған мүйізіне байланысты шығарылған ою түрі.
Бағалау.
.3.Жаңа сабақ.
Туымызға,кілемге,көрпешеге,ұлттық киімдерге не салынады?
-Әрине,ою.Ою сөзін айтып көрелік.Буынға бөлеміз.
-Балалар,сендер оюларды қайдан көрдіңдер?(Оқушылардың жауабы)
Ю дыбысы дауысты қосарлы дыбыс.Ю дыбысы орыс тілінен енген әріп.
«Ою»сөзіне дыбыстық талдау жасалды. Өздеріне таныс емес дыбыс аталып, оның дауысты екендігін анықтап, дыбыстың орнына ю әрпінің таңбасын қойып, ю әрпінің жазылу емлесімен таныстыру. Бас әрпі, кіші әрпі ,баспа түрі, жазба түрімен таныстырып, қызыл сандыққа салу. Ю дыбысының орнына й және у дыбыстарының естілетінін аңғарту. Жазуда й және у дыбыстарының орнына ю әрпі жазылатынын түсіндіру.
Ю дыбысының артикуляциясына сай дыбыстатып, бірнеше рет қайталату керек.
- Ю қандай дыбыс?- Ю дауысты дыбыс.
- Оны қалай ажыраттыңдар? – Созылып айтылады. Өз алдына буын жасай алады.
6.Дыбыстық талдау.
Ою- о-ю, 2буын,3 дыбыс,2 әріп,ашық буын.
Қию—қи-ю,2 буын,4дыбыс,3әріп,2 дауысты дыбыс,1 дауыссыз дыбыс.
қ-дауыссыз,қатаң дыбыс.
Аю-а-ю ,2 буын,3 дыбыс,2 әріп,ашық буын.
Оюдың барлығының шығу тегі мүйізбен байланысты. Мүйізді әртүрлі етіп бейнелеудің нәтижесінде «қошқармүйіз, арқармүйіз, бұғымүйіз, қырықмүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз» сынды оюлар ойлап табылған. Бұдан өзге жануарлар мүшесіне ұқсатылып жасалған «төртқұлақ, түйетабан, сыңарөкше, қосалқа, қазтабан» сынды оюлар бар. Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ оюларының шығу тегі мал шаруашылығымен, аң аулаумен, табиғат көріністерімен байланысты. Әрбір шебер өзі ойлап тапқан оюға атау беріп отырған.
Мүйіз оюы бірде майда немесе ірі етіп бейнеленеді. Әшекей бұйымдар, тоқыма киімдер, ағаш пен сүйектен жасалған ыдыстарға майда түрі қолданылады, ал алаша тоқу, текемет басу, сырмақ ою кезінде және шиден тоқылған бұйымдар мен қоржын жасауда ірісі қолданылады.
Оюлар 4-ке бөлінеді.
1. Өсімдік тектес ою - өрнектер.
2. Жануарлар тектес ою - өрнектер.
3. Геометриялық фигуралар тектес ою - өрнектер.
4. Ғарыш әлеміне байланысты ою - өрнектер.
«Топтастыру»

Ғарыш Өсімдік

Ою

жануарлар Фигура
3. «Аймүйіз» оюы ғарыш әлеміне байланысты бейнелеп жасалған.
1 ."Мүйіз" өрнегі - қазақ оюының ең көне мәнері. Бұл өрнекті текемет, алаша, сырмақтан көруге болады.
2 ."Сырмақ мүйіз" өрнегімен кілемдерді безендірген. Бояудың негізгі түрлері: қызыл, қан қызыл, жасыл, қоңыр. Сынық мүйіз морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою - өрнек кілемдерді, алашаларды безендіру үшін пайдаланады. Сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.
3 ."Тұмарша" оюы үшбұрыш болып келеді. Тұмарша тіл көзден сақтап қалу үшін балалардың мойнына тағылған. Бұл ою кілем, текеметке қолданылады.
4 ."Ирек су"өрнектері кілем тоқуда қолданылады.
5 ."Қошқармүйіз"ою - өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келеді. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақтар тігіледі.
6 ."Гүл" ою - өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою - өрнектен басталып, 12 жапырақты ою - өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
7 ."Қос дөңгелек" ою - өрнегі мал таңбасына ұқсайды. "Қос дөңгелек" өрнегімен негізінен киім бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді.
4.Сөздікпен жұмыс.
Шебер-қолынан ою-өрнектің бәрінің жасалу жолын білетін,ұлттық құндылықтарымызды жасай білетін адам.
«Сырмақ» атауы оны дайындау әдісінен алынған. Қазақта «сыру» деген сөз арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі, жиі етіп бастырып тігу дегенді білдіреді.
Текемет пен сырмақ қазақ үйдің негізгі сәніне айналған. Текемет – негізінен ақ, қара, алқызыл, сары және қоңыр түсті жүннен басылған киіз. Ал киіз басып, алаша тоқу үшін жолақ сызықтардан құралған суреттерді пайдаланады.
5.Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық
Ою - өрнек сызайық
Қой ізі, гүл бүршігі
Құс қанаты, ирек су
Ою - өрнек әлемі
Қылқаламды алайық
Сәнді өрнек салайық
Сөздікпен жұмыс.
Математикамен байланыстыру арқылы мәтін тақырыбын табу.



Ы А Л С Ұ М А Р
3 1 4 2 2 1 4 3
Асыл мұра деген тақырып шығады.
4-ші мүйіз «Тұмарша» оюы.Тұмарша көне дәуірден тіл көзден кесір-кесапаттан сақтайтын киелі ұғым болып қалыптасқан бұйым. Тұмарша ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді
6. Оқулықпен жұмыс.
Асыл мұра мәтінін оқып беру. Мәтінді талдау.
1)Мәтін аты қалай аталады?
2)Мәтінде неше сөйлем бар?
3)Мәтіндегі адам есімдері.
4)Ақжан қайда оқитын?
5)Жазғы демалыста қайда баратын?
6)Ақжанның апасы кім еді?
7)Нелер жасайтын еді?
8)Ақжан әжесінен нелер жасауды үйренді?
9)Текемет басу,сырмақ сыру,өрмек құру қандай өнер екен?
Оқулықтағы сөздерді тұтас оқу.Мәтінді тізбектей оқыту.
Мәтіннен түсінгендерін сұрау.
Аю, ою, ию, ұю, үю
5-ші мүйіз «Ирек су» оюы .Ирек, су. "Бұлақ көрсең – көзін аш" деп өсиет қалдырған ата-бабамыз суды өмір нәрі, тіршілік көзі деп түсінген. Бұл өрнек те сол қадір-қасиеттің айғағы
7.Тақтамен жұмыс: Юю –ды жазудың жазба үлгісін көрсетіп , Ю- дың бас және кіші әрпінің жазылуын көрсету. 3, 4 оқушыға жазғызу.
«Қатесін тап» ойыны.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
«Қатесін тап»ойыны
Айу-аю ойу-ою қойу-қою жойу-жою
6-шы мүйіз «Гүл» оюы. Гүл ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі
8.Дәптермен жұмыс: Ережені еске түсіру.
Партада дұрыс отыру.Дәптерді көлбеу қойып жазу керек.Бас әрпі 7 мм,ал кіші әрпі 4 мм болуы керек.Әріптер алпыс бес градусқа көлбеу жазылу және әріптердің арақашықтығы біркелкі болу керек.
Ю, ю әріптің жазылу емлесі. Ю дыбысы 2 элементтен тұрады.

Ю әріпі үзіліссіз жазылады немесе келесі әріппен үзіліссіз байланысады.Әріпті бастағанда н әріпі сияқты бастаймыз. Екінші бөлігіне о әріпі сияқты саламыз. Екінші элементі әртүрлі жазылады. Ол келесі элементімен байланысуына байланысты.
Үлкен Ю әріпі де біріншісі н әріпі сияқты, ал екінші сопақша. Үлкен Ю әріпінің келесі әріппен тек төмен жағынан ғана үзіліссіз болады.
1).Тақтаға жазып көрсету
2)Ауаға Ю әрпін жаздыру.
3)Дәптерлеріне жаздыру. Тақтаға оқушыларға жаздырту.
Әдемі жазған оқушылардың жұмысын мадақтап, үлгі ету.
7-ші «Балта» оюы Балта – халқымыз тұтынған көне құралдардың бірі. Әрі қорғаны, әрі күнкөріс құралы. Сол себептен бұл ою көбіне төсеніш, сырмақ, алаша сынды бұйымдарға салынады
8.Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Себеттерге салайық
9.Жеке оқушылармен жұмыс.
1-деңгей Дарынды оқушылармен жұмыс.
Мына сөздерді орнына қойып сөйлем құрап жаз.
1.ойды,ою,Әжем.
2.бар,аю,Орманда.
3.суретін,Ғалия,салды,оюдың
2-деңгей
Қабілетті оқушылармен жұмыс.
Сөздер дыбыс әріп
қоян 5 4
шаян 5 4
Мая 4 3
Ғалия 6 5
3.-деңгей
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
а+ю= аю жо+ю = жою
о+ю= ою үл+ке+ю =үлкею
қо+ю= қою е+се+ю =есею
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп,бағалап шығу.
8-ші «Өркеш» оюы.
10.Қорытынды:
- Не үйрендік? Не білдік? - Ю- қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде келеді? Оюдың қандай түрлерін білесіңдер, ою не үшін қажет? Оюға байланысты не білесіңдер?
«Венн диаграммасы»арқылы сабақты қорыту.
Я дыбысы
Я дыбысы Ұқсастығы Ю дыбысы
Яна шаян мая
Я я
Екеуі де дауысты,қосарлы дыбыс.Қызыл текшемен белгілейміз.Екеуі де орыс тілінен енген әріп.

Юра аю ою
Ю ю
«Аяқталмаған өрнек» кестесін толтыру.Сабақ ұнаса жасыл ою,ұнамаса қызыл оюмен толықтыру яғни қағазға жапсыру.
11.Үйге тапсырма.Мәтінді түсініп оқу.
12.Бағалау .Мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан Ю әрпі мен дыбысы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Керимбекова Ақбота Утелбековна

ОҚО Кентау қаласы №24 жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar