Көбейту және бөлу. 34*2 және 68*2

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 656
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 28/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22727


Пәннің аты: Математика Уақыты: 20.02.2017ж. Мұғалім: Айтмамбетова А.У. Сабақтың тақырыбы: Ауызша көбейту және бөлу. 34 * 2 және 68 : 2 Мақсаты: Күтілетін нәтиже: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыру. Оқушылар қосындыны санға көбейту және бөлу тәсілдерін , көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеттерін біледі. Сұрақтарға жауап бере алады. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: топтық, жұптық және өзіндік жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Интеративтік тақта, оқулық. Пәнаралық байланыс: бейнелеу, қазақ тілі. Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс-әрекеті 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушылардың зейінін психологиялық жаттығу арқылы назарын жаңа сабаққа аудару. 2 минут Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізеді сендерді, Математика сырына. Қызығушылығын ояту. 5 мин. Топқа бөлу: Әр топта отырған балалар алдарында тұрған қималарды құрастырады. Шыққын фигура сол топтың атауы болады. Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Әр топ қималарды құрастырады, өз тобының атауларын табады. І. Шеңбер тобы ІІ. Тік төртбұрыш тобы ІІІ. Шаршы тобы ІV. Үшбұрыш тобы 25 6 68 34 45 30 9 К ө б е й т у 5х5 = к 3х2 = ө 34х2 = б 17х2 = е 15х3 = й 5х6 = т 3х3 = у 9 34 5 6 Б ө л у 18:2 = б 24:4 = у 68:2 = ө 45:9 = л - Бүгін біз екі таңбалы санды ыңғайлы тәсілмен қосылғыштарға жіктеу жағдайын және оларды көбейту мен бөлуді үйренеміз. Мағынаны тану 9 минут. Оқушыларды қатыстыра отырып жаңа сабақты түсіндіру. 34 * 2 68 : 2 түріндегі көбейту және бөлу. Екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу: 14, 26,32,45,56,63,77, 89,98. 34 санын разрядтық қосылғыштарға жіктеу а) 1-қадам: 34 = 30+4 2- қадам: 34 = ( 30+4 )* 2 3-қадам: Әр қосылғышты 2-ге көбейту ( 30+4) *2 =30*2 + 4 * 2 = 60+8 =68 Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады. Бұл көбейтудің үлестірімділік қасиеті. ә)1-қадам: 68 =60+8 2-қадам: бөліндіні жазу ( 60+8):2 3-қадам: бөлінділердің мәндерін қос 60: 2 + 8: 2 = 30+4 =34 №2. Түсіндіре отырып шығару Шеңбер тобы: 23*3= 69 69:3 = 23 Тік төртбұрыш тобы: 42*2= 84 84:2= 42 Шаршы тобы: 31*2= 62 62:2= 31 Үшбұрыш тобы: 21*3=63 63:3=21 Тақтамен жұмыс. №3. Есепті шығар А) Ш: Түске дейін - 320 жұмыртқа Түстен кейін - 400 жұмыртқа Тең бөлінді - 8 жәшікке Әр жәшікте -? жұмыртқа Ә) Ш: 1 жылда - 920 жұмыртқа Әр тауық - 120 жұмыртқа Әр үйрек - 50 жұмыртқа Тауық - 6 Үйрек - ? Кесте - нұсқау 1 құстан алынатын жұмыртқа Құстар саны Барлық жұмыртқа Тауықтар 120 6 720 Үйректер 50 4 200 Сергіту сәті. 2 мин. №4. Жұптық жұмыс. 32:2 + 65:5=29 69:3 + 44:4=34 43*2 + 36:9=90 50:5 + 72:8=19 29*2 – 45:3=43 18*2 +23*2=55 №5. Қай топ мықты? Топтық жұмыс. 3 мин. А) 300 және 500 сандарының қосындысы 100 және 8 сандарының көбейтіндісіне тең. Ә) 300 және 3 сандарының бөліндісі 150 мен 30 сандарының айырмасынан кем. Б) 898 және98 сандарының айырмасы 750 және 50 сандарының қосындысына тең. В) 22 және 2 сандарының көбейтіндісі 44 және 2 сандарының бөліндісінен артық. № 7 Ой толғаныс. 3 мин. 2*4= 8 12,22,32,42,52,62,72,82,92. Сандарын 4 ке көбейтеді және шыққан мәндерін 4 ке бөледі. Әр топ сандарды бөліп алады. Шығармашылық жұмыс. 2 мин. 9 литрлік және 4 литрлік екі ыдысты пайдаланып, 6 литр бензинді қалай құйып алуға болады? Үй жұмысы № 6 Теңдеулерді шешу. Бағалау Бағалау парақшасы арқылы жүргізіледі. Рефлексия Сабақты қорытындылау: 1. Сабақта не үйрендіңдер? 2. Қандай тапсырма қызықты болды? 3. Қандай тапсырмада қиындық туындады? Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. Амалдарды әр топ А3 парақшасына топтаса орындайды. Шешуі: ( 320 +400): 8 = 320: 8 + 400: 8 = 40+50= 90 Жауабы. Әр жәшікке 90 жұмыртқа салынды. Шешуі: 120 * 6 =720 ; 920 - 720 =200; 200 : 50= 4 Жауабы. Ол үйдің үйрегінің саны 4 болғаны. Қимыл-қозғалыспен өлең оқиды. Әр жұптан бір оқушы шығарған есебін оқиды. А) 300+500 = 100*8 Ә) 300:3 150-30 Б) 898-98 = 750+50 В) 22*2 44:2 Алдарындағы А3 парақшасына топтаса орындайды. Күнделіктеріне жазып алады. Тәрбие.орг сайтынан Көбейту және бөлу. 34*2 және 68*2 Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айтмамбетова Агия Утебаевна

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №6 жалпы білім беру орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar