«К к » дыбысымен әріпі.

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 841
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 17/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18023


Сауат ашу. Мектепалды даярлық «а» тобы.
Тәрбиеші : Есдаулетова Н.
№2 «Аспара» орта мектебі

Тақырыбы: «К к » дыбысымен әріпі.
Сабақтың мақсаты:
1. «К к» дыбысымен танысу.
2.Дидактикалық құралдар арқылы балалардың есте сақтау,ойлауға қабілеттерін дамыту.
3. Байланыстырып сөйлеуге ,түзу отыруға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: түзу отыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: К к дыбысы баспа түрі, текшелер, интерактивті тақта,суреттер,қарандаш, сауат ашу дәптері.
Сабақтың барысы:
І. Үйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Балалар,бәріміз қонақтармен амандасайық.
- Саламатсыздар ма.
- Ал, енді балалар бір – бірімізге жылуымызды жіберейік.
- Қуан шаттан алақай,
Құанатын күн келді.
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.

Бір – бірімізге күннің жылуын үрлейік.
- Қане, отырамыз .Бүгінгі “Сауат ашу” сабағымызды бастайық
Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Балалар, қазір қандай мезгіл?
- Қыс.
- Қыс екенін қайдан білдіңдер?
- Қар жауады , күн аяз, боран болады.
Балалар суретке зер салайық.
Қандай ертегіні білесіңдер?
Мақта қызбен мысық:
Бір оқушы ертегіні айтып шығады.
Балалар барлығымыз мысыққа көмек көрсетейік.
“Кім білгіш ? ” ойынын ойнайық.
Ол үшін қатықты сиырдан сураймыз.
Сиыдың тапсырмасын орындайық.
Буын дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Дауысты дыбыс деген не?
Дауыссыз дыбыс деген не?
2. Ағаштың тапсырмасын орындайық : А.Т.П.Н.Ғ.
Өткен әріпті еске түсіру,буындарды қайталау:
ға , на , ра , та , па , ла ,
А-ға , нан , а- ра .
Мысық қыздарды кездестіреді.
Қыздар, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздардың тапсырмасын орындайық.
Жұмбақ жасырайық .
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге тұр тарайды.
Балалар, ұйқыдан оянғанда,далада нені көресіңдер?
Күнді . Бізге нұрын төгеді.
Күн жылуын береді.
Күн деген сөзде қандай дыбыс естіліп тұр?
К- дыбысы. Дауыссыз дыбыс.
Хормен айтып көреміз
“К” дыбысына келетін сөздер:
Күн, көбелек , күшік , кеме , кірпі ,үй – шік ,көгершін.
Осы сөздерді буынға бөлейік :
Мысық дүкенге келді . Дүкеншінің тапсырмасын орындайық :
Балалар сергіп алайық: Сергіту сәті «Көңілді күн»

№5 тапсырма:
Мысық тауыққа келеді.
Тауықтың тапсырмасы:
Дәптермен жұмыс
“К” , дыбысын жазу.
Ауада жазып үйренейік.
№6 тапсырма.
Мысық тышқанды ұстап алады
Тышқанның тапсырмасын орындайық.
“Сөйлемді жалғастыр ”
Мен көбелекті .........
Кірпі орманда ......
Асан әдемі кеме ........

Иә, балалар, сендер жақсы адамның ісін атқардыңдар.
Мақта қызбен мысықты татуластырдыңдар.
Мен өте куанып, риза болып тұрмын.
Бойымызда жақсы қасиеттер бар екенін білдік.
Жақсылық жасау әр баланың ісі екенін көз жеткіздік.
Балалар сендер өз білімімдеріңді жақсылықпен жеткізе білдіңдер.
Балалар мен сендерді бағалаймын.
Сонымен сабағымыз аяқталды .
Мадақтау.
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан «К к » дыбысымен әріпі. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есдаулетова Нуржамал Сайлауқызы

Жамбыл облысы Меркі ауданы бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar