Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Көкөністер
  • 13.10.2016
  • 650 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19677

Мерзімі:
Сыныбы:
Пәні: Мүсіндеу
Сабақтың тақырыбы: Көкөністер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністермен жемістердің пісіп, жиын-терін болатынын түсіндіру.
Дамытушылық- заттың нұсқасына қарай отырып, мүсіндеу дағдыларын бекіту.
Тәрбиелік- ермексазды көкөністің түсінесәйкес таңдай алуға үйрете отырып, шыдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың көрнекіліктері: көкөністердің, күз мезгілінің суреттері, себетке салынған көкөністер мен жемістер, түрлі –түсті ермексаз, тақтайша , қолорамал.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындауға көмектесу
«Көкөністер терейік» ойынын ойнату.
Ойын шарты: себеттегі жемістер мен көкөністердің ішінен көкөністерді теріп себетке жинау.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(күз)
Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен?(Жапырақтар сарғайып, жерге түседі.)
Жиі- жиі не жауады? (жаңбыр)
Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын күзде жиі жауатын «Жаушы жаңбыр» деген ойын ойнайық.
Шарты: оқушыларды ортаға шығарып,барлығы бірлесе алақанды біріктіріп,желдің дыбысын келтіру.Қолды шыртылдату арқылы себелеген жаңбырдың даусын салу, екі аяқты баяу соғу арқылы бұршақтың дыбысын, аяқты жерге ұру арқылы найзағайдың дауысын ,қайта қолды шыртылдатып соңғы тамшының дыбысын , соңынан жарқ ете шыққан күнді бейнелеу.
ІІ.Жаңа сабақ
Күз- жаз мезгілінен кейін келетін мезгіл. Бұл мезгілді береке, мереке сыйлайтын мезгілдеп санайды.Күзде барлық жеміс- жидектер пісіп, оларды жинау науқаны басталады.Сонымен қатар күз мезгілінде жапырақтар сарғайып жерге түсіп, ағаштың барлығы жалаңаш кейіпке енеді.Ендеше бүгінгі сабақта күзде пісетін көкөністерді мүсіндейміз.
Жұмыс барысы:
Қызанақ- қызыл түсті домалақ пішінді ермексаздың жоғарғы бөлігіне саусақты баса отырып, шағын ойық жасаймыз. Жасыл ермексаздан сабағы мен жапырағын жасап орнатамыз.
Қияр- жасыл түсті ермексаздан сопақша пішін жасап, екі шетін домалақтап, тегістейміз. Шидің көмегімен қиярдың бүршіктерін келтіреміз.
Сәбіз – цилиндр пішіндегі ермексаздың бір бұрышын созу тәсілімен бұрышын келтіреміз. Жасыл ермексаздың көмегімен жапырағын жасап , орнатамыз.
Сергіту сәті
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды .
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
ІІІ.Бекіту
Бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?
Жұмбақ жасырамын, жауаын тауып көріңдер.
1.Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Әкелді әжем бір күні
Құйрығынан суырып. (сәбіз)


2.Жер астында басы бар,
Жер үстінде шашы бар. (қызылша)
3. Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күз жеткенде (қызанақ)
Сабақ ұнады ма? Сабақ ұнаса шеңберді, ұнамаса үшбұрышты фигураларды көтеріңдер.
ІҮ. Қорытынды
Балалардың жасаған заттарынан көрме ұйымдастырып бағалау
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау- саламат болайық! Тәрбие.орг сайтынан Көкөністер Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бижігіт Жанерке Әйділдақызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы," №219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 650 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar