"Көктем"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 599
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 20/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18747


Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейте отырып, пысықтау. Көктем мезгілі туралы түсінік беру. Сөйлем түрлерін ажырата білу, оқушылардың ой - өрісін жетілдіретін ойлау мен байқағыштық қабілетін арттыруға жаттығулар жұмысын жүргізу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, сөзжұмбақ, құстар суреті.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзбетімен жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз
Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Өйткені бізге бүгін қонақтар келіп отыр.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ - жауап арқылы.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Кемпірқосақ.
- Мәтін не туралы?
- Кеппірқосақ неше түстен құралған? (қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін)
- Кемпірқосақ қай кезде пайда болады?
Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді дәптерге жазып келу керек болатын, кәне кім оқып береді?
Сұраулы сөйлемдер:- Осындай кемпірқосақ бола ма екен?- деген біреудің дауысы естілді.
- Амансың ба, балақай?
- Қалай бояу керек екенін сен қайдан білесің?
- Сонда қалай?
Жаңа сабақ. Өткен сабақты қайталау.
Кәне, кім айтады сөйлемнің неше түрі бар? (Хабарлы, сұраулы, лепті)
- Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем тиянақты ойды білдіреді. Сөйлем сөзден құралады.
Сөйлемдегі сөздер бір - бірінен бөлек жазылады.
Сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)
- Кәзір бізге тыныс белгілер жайлы өлеңдер айтып бермекші, соны тыңдайық.
Нүкте.
Мен сөйлемнің соңында тұрам
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орында тұрам
Тиянақты ойдың біткенін білдірем, сөйлем соңына таман,
Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем
Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын?
Сұрақ белгісі.
Киноға барасың ба?
Газет аласың ба?
Деген секілді сөйлемдерді
Кейде оқушы сен секілді
Тыныс белгісін қоймай кетеді,
Өзің айтып білсең,
Осылардың соңында,
Қандай белгі келеді?
Леп белгісі.
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білемін. Тәрбие.орг сайтынан "Көктем" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аяпбергенова Мөлдір Жұмагерейқызы

Подстепный №1 жалпы білім беретін мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar