Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
КӨКТЕМ
  • 12.01.2017
  • 29 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20982

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (19.5Kb)

«Қарақоға орта мектебі» КММ

Дүниетану
(ашық сабақ)
Тақырып: «Көктем»

Бастауыш сынып мұғалімі: Шаришева А.Ж

2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:Көктем
Сабақтың мақсаты:
Көктем мезгілі туралы түсінік беру . Табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.Табиғатты қорғау,аялау,құрметтеу сезімін қалыптастыру.Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
 Көктем мезгілі туралы түсінік алады;
 Табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани біледі.
 Қоршаған ортаны қорғау,аялау сезімдері қалыптасады.
 Топтың арасында бір-біріне деген сыйластық,достық қарым-қатынас болады.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,бейне жазбалар, әр түрлі суреттер.
Қолданылатын әдістер:сұрақ-жауап,ыстық орындық әдісі,топпен жұмыс,өзара бағалу,тәжірибе жасау.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
1 2 3
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастайық
Сабақты біз бастайық
-Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болады.Өйткені бізге бүгін қонақтар келіп отыр.
-Қонақтармен амандасып алайық.
-Бүгінгі сабақта біз топпен жұмыс жасаймыз,өздеріңді жақсы жақтан көрсетуге тырысыңдар.
-Кәне балалар топ ережесін есімізге түсірейікші.
-Балалар бүгінгі сабағымызда біз табиғат әлеміне саяхатқа шығамыз.
Адымызда көптеген аялдамалар тапсырмаларымен кездеседі,сол тапсырмаларды дұрыс орындап,жақсы баға алуларына тілектеспін.
-Бүгінгі сабақта біз «Бағдаршам» әдісмен бағаланамыз.
-Саяхатқа желаяқпен шығамыз.
-Осы желаяққа міну үшін бізге не керек?
-Әрине билет.
-Енді қолымызға билет алу үшін сендерден мен үй тапсырмасын сұрайын.
-Үйге берілген тапсырма «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрап білеміз.Егер сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер мен сендерге билет беремін.
Үй жұмысын тексеру:
1) Соңғы сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?
2)Мектептен біз не аламыз?
(келесі сұрақтарды орындықта отырған оқушыға әр топтан жеке қойылады.)
-Міне балалар бұл тапсырманы орындап сендер саяхатқа шығуға билет алдыңдар.(әр топқа билет тарату)бірақ балалар ұмытпаңдар бізді әр аялдамада тапсырмалар күтіп тұр,сол тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысайық.
-Ал онда өздерің сүйіп көретін мультфильмдегі кейіпкерлерін Елдос пен Аяжанмен саяхатқа кеттік. (видео) Елдос пен Аяжан.
Міне балалар 1 аялдамаға да келіп жеттік.
-Бұл аялдамаға есікті ашпас бұрын мына сұрақтарға жауап берейікші.
Сұрақтар жазулы тұр.
-Кім айтды жылдың неше мезгілі бар?1-топ
- Қазір жылдың қай мезгілі? 2-топ
-Қыс мезгілінің ауа-райы қандай ? 3-топ
Бұл аялдама «Білімпаз елі»деп аталады екен
Осы аялдамаға есігімізді ашайық.(көктем туралы шағын видео)
-Балалар бұл елде жылдың қай мезгілі екен?
-Дұрыс көктем мезгілі.
-Көктем сөзін айтқанда қандай сөздер ойларыңа келеді? Көз алдарыңа не елестейді?
(Балалар жауабын тыңдау)
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
-Дұрыс балалар бүгінгі сабақта біз жыл мезгілі «Көктем» тақырыбымен танысамыз.
-Қалай ойлайсыңдар,бұл тақырыппен танысқанда біз не білетін боламыз.?
(Балалар жауабын тыңдау)
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Келесі 2 аялдама «Мәтінмен жұмыс».
-Бұл жерде берілген мәтінді оқушыларға оқып беріп,мазмұнын талдау.
Көктем келді.Көктем-жылы жыл мезгілі.Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде қар ериді,күн жылынады,жер беті бәйшешек гүліне бөленеді. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болады.Сондай-ақ құстар жылы жақтан ұшып келеді. Көктемде шаруа жұмыстары басталады. Бақшада егін егіледі, мал төлдейді.Көктемде әр түрлі мерекелер болады. Солардың ішінде ең алғашқы мереке 8-наурыз аналар күні.Көктем мезгілі сондай тамаша!
(Микрафон әдісі арқылы мәтін бойынша бір біріне сұрақтар қою)
1)Бұл мәтінде қандай жыл мезгілі туралы айтылған?
2)Көктем айлары қалай аталады екен?
3)Көктем мезгілінің алғашқы гүлі ,қандай гүл екен?
4)Осы жыл мезгілінің алғашқы белгілері қандай?
5)Бұл мезгілде құстар,жан-жануарлар не істейді?
6)Көктем айының ең бірінші мерекесін кім айтады?
Мәтіннің мазмұнын қорытындылау.
Келесі 3-аялдама «Ғылым орталығы » деп аталады екен.
-Балалар бұл жерде сендер топпен жұмыс жасайсыңдар.
1-топ берілген суреттер бойынша «Көктем келді» тақырыбына коллаж жасау.
2-топ «Көктем мезгілі» тақырыбына кластер жасау
3-топ Берілген сөйлемдерден артық сөйлемді алып тастау. ( топ ішінен өз жұмыстарын қорғау)
4- аялдама .Сергіту сәті!
Міне балалар билеп тұрып 5-аялдамаға қалай жеткенімізді білмей қалыппыз.
5-аялдама «Зерттеуші аялдамасы»
Тәжірибе жасау:(қауіпсіздік ережесін ескеру) Балалар біз қазір түрлі тәжірибелер жасап көреміз. Ол үшін сендер осы тәжірибе арқылы не көргендеріңді айтып,қорытынды шығарасыңдар.
-Балалар көктем мезгілінің ең алғашқы белгісі не деп ойлайсыңдар? Қандай құбылыс болады?
-Қар ердиі, күн өзінің жылуын күшейте түседі,жылы жел соғады.
-Ендеше қазір сендер қар неге еритінін,қалай еритінін зерттеп,маған дәлелдеп көрсетесіңдер.
Стақанға салынған қарды әр топқа беремін.Қолдарына алып,еритіндерін байқайды.адамның денесіндегі жылы температураның арқасында ериді.(шашты кептіретін (фен) құралдың арқасында еритінін көрсетемін)
6-аялдама.Қорытынды жасау.
Бүл жердегі тапсырма бүгінгі саяхатымызды қорытындылауға берілген. Сұрақтар:
-Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-Балалар бүгінгі саяхатымызда не көрдік,не білдік?
-(Балалар жауабын тыңдау)
Қорытынды:
- Балалар табиғат бұл біздің байлығымыз.Жыл мезгілінің қайсысы болмасын,әрбіреуінің адамдар өмірінде ерекше орны бар.Біз табиғатты таза ұстауымыз керек.Мұны бізге Али және Айя көрсетіп жіберсін.
- (видео).Али мен Айя
- -Али және Айямен келісеміз бе?
- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
(Үй жануарларының көктемгі тіршілігі туралы мәлімет жинау және Адамдардың көктемгі еңбегі туралы тақырыпты оқып келу.
Соңында рефлексия: Тәрбие.орг сайтынан КӨКТЕМ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шаришева Ардак Жомартовна

СҚО М.Жұмабаев ауданы "Қарақоға орта мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 29 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar