Күләш Ахметова Астана

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 482
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 14/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20500


Пән аты: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2 Ә
Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова Астана
Сабақтың мақсаты:
1) Балаларға Күләш Ахметова және еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту.
3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, слайд, «Астанаға саяхат» видеоклип.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер, венндиаграмасы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ- жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық:
Әрбір адам Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің Шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Үй жұмысын сұрау және бағалау:
С. Жүнісов Кімнің мекені жақсы?
Сәкен Жүнісов туралы сұрау.
Үй жұмысын көрініс қою арқылы сұрау.
в) Өткен сабақты бекіту және жаңа сабақты хабарлау
Қорытындылау.(Оқушыларға сұрақ – қою арқылы өз ойларын сұрау)
Сонымен балалар әркімнің мекені өзіне қандай екен?( ыстық, жайлы, жақсы мекен,)
Қане, онда өзіміздің мекеніміз туралы мақал – мәтел айтайық?
Өз туған жерің саған несімен ұнайды? Мәтін кейіпкерлеріне ұқсап өз тұрған жерің туралы толғана әңгімелеуге тырыс: «О, шіркін! Дүниеде менің Қазақстанымнан артық жақсы мекен, жайлы қоныс, барма екен? Өзі кең, ауасы таза, табиғаты керемет. Туған елімнен артық ел жоқ, өз елім өзіме Мысыр шаһарындай.»
Дұрыс айтасындар әркімнің туған жері өзіне ыстық. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін. Ребусты шешу арқылы білетін боламыз.
ІІІ. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақты
1 тапсырма. Ребусты шешу арқылы бастаймыз.


Ребуста Астана, Алматы деген қалалардың аты шығады.
Оқушылар осы екі қала туралы білгендерін айтады
.Алматы1925 жылы Қазақстанның астанасы болған. Алматы - өте әдемі қала Ол Алатаудың етегінде орналасқанАлматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан. Алматыда Көк – Төбе бар. Оган шығып Алматыға қарасан, Алматы алақандағыдай көрінеді.( слайд)Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан .
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Көптеген ғимараттар бар. (видео ролик)

Ендеше бүгін Күләш Ахметоватің бас қаламыз Астана туралы өтеміз.(слайд Күләш Ахметова)
Күләш Ахметова

(Даптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз. Тақырыпты және Күләш Ахметованың өмір баяның даптерге түсіріп аламыз)
Оқулықпен жұмыс:
А) мұғалім оқиды
Ә)оқушылар оқиды ( әр қатардан бір оқушы оқиды)
Астана
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба? ( Астана Сарыарқа жерінде орналасқан, ауасы таза)
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған. ( Есіл өзені Астананың бойымен жүріп өтеді. Енді, біз бірімізді
Енді, қазақ, бір-біріңді аяла! сыйлап,құрметтеп, тату бірлігі жарасқан ел болуымыз керек)
Түбі бірге, түп қазыққа шоғырлан!
Алатауда қалды жылдар ең асыл, ( Алатаудың баурайында Алматы орналасқан. Алматы қаласыда
Есілдің де жандай ыстық жағасы. бізге ыстық.Қазақстанның астанасы болған қала. Есіл өзенің
Жан даламның, - жағасыда Астана елордамыз орналасқан. Ақын екі қаланы тең
Алматы мен Астана бағалаған. Біздің көзіміздің ағы мен қарасына теңеп отыр. Екеуін
Көздерінің ағы мен қарасы! ашырата алмаймыз. Алматы көзіміздің ағы болса, Астана көзіміз-
дің қарасы. Себебі көзіміздің ағы бірінші тұрады, екінші үстінде
қарасы орналасқан. Екі қалада біз үшін орны ерекше.
Балалар енді ақын апамыздың ойын мына сызба бойынша бейнелейікші ол үшін. Мына сызбаға қарайық. Мысалы: Өз Астанам өз қолыңмен соғылған.

Сарыарқаның суф ауасын жұттың ба? Алатауда қалды жылдар ең асыл,
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән. Алматы мен Астана
Өз Астанам өз қолыңмен соғылған Көздерінің ағы мен қарасы!
Бәйтеректің басына сен шықтың ба
ІV. Сергіту сәті: (Физминутка)
V. Топтық жұмыс:
І-топ: Астана туралы шығарма.
ІІ-топ:
А –
С –
Т –
А –
Н –
А-
Астана сөзін жіктейді
ІІІ-топ. Вендиаграмасын құрады.


VІ. Қорытынды:
Шығармашылық жұмыс:
Әр қатарға қима қағаздар беріледі сол қима қағаздан. Өлең жолдарын құрайды.
І - қатар
Бой көтерген Есілден,
Ой көтерген Есілден
Астана ма? -Жас бала
Тұсауы кеше кесілген.
ІІ-қатар
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала,
Астана өсуде.
ІІІ-қатар
Елбасы тілегі,
Елімнің жүрегі.
Жасанған елорда,
Туған жер тірегі,

Астанада қандай жерлер бар?
Астанада қандай көрікті жерлер бар?
Астана қаласына саяхатқа шыққыларың келе ме?
Енді, балалар, Астана қаласына деген тілектерінді стикерге жазып, «Бәйтерек» монументіне жапсырыңдар.
Астана көркейсін;
Астана гүлденсін.
Астананы мен жақсы көремін.
Мен Астанаға енді жиі барамын.
Мен Бәйтеркке шыққым келеді.
Мен Бәйтеректі көргім келеді.
VІІ. Бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
VІІІ. Үй тапсырма беру:
Астана өлең шумағын жатқа айту. Тәрбие.орг сайтынан Күләш Ахметова Астана Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хабидуллина Бақтыгүл Тұрғанбайқызы

Атырау облысы, Мақат ауданы, "Бәйге төбе мектеп-балабақша кешені" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar