Күләш Ахметованың « Астана» өлеңі

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 641
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 24/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18111


Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметованың « Астана» өлеңі
Сабақтың мақсаты: 1 . Оқушыларға оқулықта берілген
«Астана» өлеңін оқып, түсіндіру. Астана
жайлы білімдерін кеңейту.Автор туралы мәлімет беру.
2. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту; Сөздік
қорларын молайту.Өз ойын жүйелі түрде
жеткізе алуға дағдыландыру;
3. Отансүйгіштікке, бірлікке, өзгенің ойын
тыңдай білуге, елінің көркеюіне
үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,ой қозғау,
жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: қала суреттері, оқушылар салған суреттер,карта
оқулықтар ,мультимедия , буклет.

Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі

Күнде шат күліп күн,
Өміріміз жайдары.
Мәңгілік бақыттың
Өзіміз – айғағы

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

С.Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» әңгімесі.
Сынып 4 топқа бөлінген.Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар берілген.

1-топ «Сарыарқа» тобы
Тақырыпты мазмұндау

2-топ
«Есіл» тобы
Кейіпкерлерге мінездеме беру

3-топ
«Алматы» тобы
Кейіпкерлер туралы зерттеу

4-топ
«Астана» тобы
Әңгімеден түйген тұжырым
(Туған жердің қадірі)

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
Тақтаға ілінген ережеге тоқталу.
Оқушыларға хормен оқыту

Асан Қайғы туралы аңыз
«Негізгі ой бір оқиғамен байланысып,бірнеше оқиғамен жалғасады».



ІҮ Жаңа сабақ

Ой қозғау
-Туған жер дегеніміз не?
-Біздің туған жеріміз қай жер?
-Ауданымыз қалай аталады?
-Облысымыз ше?
-Мемлекетіміз қалай аталады?

Картамен жұмыс
(Аталған жерлерді картадан көрсету)
Қазақстан Республикасы туралы мәлімет беру
Жер көлімі – 2,724,900 кв/м. Жер көлімі бойынша Қазақстан әлемде 9 орында. Ресей , Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Индия, Австралия кейін ТМД мемлекеттері арасында территория бойынша 2- орында. Европалық 12 одақтан Қазақстан территориясы үлкен.
Қазақстан КХР 1460 км Қырғыстанмен 980км, Түркіменстанмен 380км, Өзбекстанмен 2,300км, Ресей федерациясымен 6467км шекараласады. Шекаранын жалпы ұзындығы 12187 км.

-Балалар,әр мемлекеттің өз Елордасы болады.Ал біздің бас қаламыз қай қала?
-Астана
-Біз Астана туралы не білеміз?
-Оқушылар пікірлерін тыңдау.

Астана-біздің еліміздің бас қаласы, Отанымыздың астанасы. Ол бұрын Ақмола, кейіннен Целиноград деп аталып,ал 1992 жылдан бастап Ақмола ,1998 жылдың 6 мамырынан Астана деп тағайындалды.

-Ендеше Астана туралы білгенімізді тереңдету үшін белгілі ақын Күләш Ахметованың «Астана» өлеңіне назар аударайық
Өлең дегеніміз не?

1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМУ-ді тамамдаған. жарық көрген «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атағын иеленді.
К.Ахметованың өлең-жырлары бірнеше түркі халықтарының тілдеріне (өзбек, башқұрт, қырғыз және т.б.), сондай-ақ орыс, украин, белорус тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген.
К.Ахметова – А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған аудармашы-ақын.
Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүюге тәрбиелейді. Күләш Ахметованың жұбайы біздің сыр елінің тумасы Тереңөзектің тұрғыны.

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу.
Мазмұнын ашу
Оқушыларға оқыту,тізбектей оқыту.

Сергіту минуты
Ребус шешу

Мәдени қала Алматы
Дәмді тәтті алмасы
Әйгіленген әлемге
Тарихымды жалғашы
Әсем қала Астана
Елдегі ең жас қала
Астананы көруге
Жылдам талпын жас бала

Дәптермен жұмыс
Күн ретін,тақырыпты жаздыру

Сызбамен жұмыс

а)Сарыарқа ә) Алатау б) Алматы


Есіл Алматы Астана

Алма Қызылорда(Ақмешіт)
Астана

Бәйтерек

Сұрақ-жауап кезеңі
-Өлеңнен жер- су аттарына қатысты жолдарды тауып оқы
-Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады?

Топтық жұмыс

1-топ Сарыарқа
Ақын орнында болсаң сен қалай жырлар едің?
(1 шумақ өлең шығару)
2-топ
Есіл тобы
Сурет салу (қорғау)

3-топ
Астана тобы
Мен Астанаға барсам...(Шағын эссе жазу)

4-топ
Алматы тобы
Бес жолды өлең



V.Бекіту
Бейне сюжет көрсету

А с т а н а
К Е Ш Е
Б Ү Г І Н
Ертең
VI. Сабақты қорытындылау
Жас қаланы көркейтейік! (Плакаттармен жұмыс)
«Сыр ашу орындығы» арқылы бекіту

VII. Бағалау
1.Смайликпен,саусақпен,компьютермен,мұғалім бағасы.
VIII. Үйге тапсырма
1-топ Өлеңді жаттау
2-топ Астана –бас қала Өлең шығару
3-топ Болашақ Астананың суретін салу
4-топ Экспо-2017 деген не? (іздену) Тәрбие.орг сайтынан Күләш Ахметованың « Астана» өлеңі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Әділова Жанар Әділқызы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті №269 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar