Көпбұрыштың периметрі

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 544
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 31/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18309


Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың тақырыбы:Оқушыларға көпбұрыштар және оның элементтері мен периметрі туралы түсінік беру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: қима қағаздар, геометриялық пішіндер, «Аққала» құрастыру ойыны, парақшалар.Бағалау белгілері.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Психологиялық дайындық
3.Үй тапсырмасын тексеру
4. Жаңа сабақ
-Балалар,бүгінгі сабағымызды топқа бөлініп өтеміз.1- топ «Шаршы»
2-топ «Үшбұрыш»
3-топ «Төртбұрыш»
4.Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын,тақырып жазу.
-Балалар,жылдың қай мезгілі?
-Қыс
-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
5.Жұмбақ шешу
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны? (аққала)
-Олай болса бүгінгі сабағымызда Аққала құрастырамыз.
-Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?
-Көпбұрыштар
6.Тақтамен жұмыс
Тақтадағы геометриялық пішіндер туралы айтып өту.
7.Оқулықпен жұмыс.
Аққаланың 1-тапсырмасы.
№1. Жаңа ұғым.
Суреттер бойынша жаңа сабаққа талдаулар жасалады.Әр топтың жауабына ұпайлар беру.
Аққаланың 2-тапсырмасы.
№2. Есеп құрастыру.
Қысқаша шарты бойынша есептер құрастыру. Тақтаға бір оқушы шығарады.
3-тапсырмасы.
Топтық жұмыс.
Әр топқа фигуралар беріледі, периметрін табу.
4-тапсырмасы. «Қане, сергіп алайық»
5-тапсырмасы.
№3 Әріпті өрнектердің мәндерін табу. Әріпті,санды өрнектер туралы білетіндері сұралады. Әр топты бағалап отыру.
6-тапрсырмасы.
№4 «Сынап көру тәсілі» арқылы теңдеулер шешу. Әр топқа бір- бірден теңдеу беріледі.
7-тапсырмасы.
№5,№6 Өзіндік жұмыс ретіңде орындалады.№5 тапсырмада санның құрамын табу,оған кері амалдар құру.
№6 тапсырмада санға 6-ны қосу,азайту кестесі туралы айтып өту.
8-тапсырма. Қосымша тапсырмалар.
1-тапсырма. Әр топқа сөздер жазылған парақшалар беріледі. Бұрыштың түрлерін сызу.
2-тапсырма. Әр топқа суреттер беру.
-Қандай пішіндерден құралған?
-Көпбұрыштар бар ма?
-Балалар нені құрастырып болдық? Аққала
-Қандай фигуралардан құрастырылған?
-Көпбұрыштар бар ма?
Әр топтың ұпайларын санау.
Қорытындылау.
-Күз айының соңғы күні. Ертең нешесі?
- 1-желтоқсан қандай мейрам?
- 1991 жылы 1-желтоқсанда Н.Ә. Назарбаевтың ең алғаш президент болып сайланған күні екен.
Балалар Елбасымыз Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақтың, жастардың қолында деген екен. Сендер де бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Үш топтың ұпайларына қарасақ ең көп ұпай жинаған __________
тобы екен.
Алға қарай да жақсы, жоғары дәрежеде білімдеріңді көрсетіңдер. Болашақта да Қазақстанымыздың көк байрағын биікке көтеретін де сендерсіңдер деп, бүгінгі туымызды жеңіске жеткен тобымызға береміз
Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма
«Кел, ойнайық!»
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Көпбұрыштың периметрі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қайболдиева Гүлнара

Батыс Қазақстан,Бейнеу,Төлеп "Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені"КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar