«Көрікті көктем»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 296
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 11/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22580


Атырау облысы,
Индербор ауданы,
Көктоғай ауылы,
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі:
Ғибратова Айгүл Жәнібекқызы

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық № 11 картасы.

Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Күні : 10.03.2017ж
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі : Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Көрікті көктем»
Сабақтың мақсаты: Көктем айында айналада болатын өзгерістер жайлы, балалардың түсініктерін кеңейте және анықтай түсу, басқа да айлармен салыстыру. Табиғат құбылыстарына бақылау жасата отырып, туған жерге сүйіспеншілік пен қамқор көзқарасқа бағыттау, сурет арқылы әңгіме құрата білуге үйрету.
Сөздік жұмыс: Бәйшешек, егістік, жылға, төлдеу, кең өріс
Көрнекіліктер: Үлестірмелі суреттер, плакат, гүлдер , т.б
Іс-әрекет кезендері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық -Балалар бүгінгі оқу қызметі ерекше болғалы отыр , себебі бүгін бізге қонаққа апайлар келіпті.Қане апайларға амандасып алайық .
-Сәлеметсіздерме апайлар!
Шаттық шеңбері:
Күлімде күн күлімде
Жер жасарып көгерсін
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін
Күлімде күн күлімде
Күлсін барлық бала шал
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ. Балалар шаттық шеңберіне тұрып , өлең жолдарына қосылып қимылдармен жасайды
Ұйымдастыру
іздестіру
Жаңа сабақ



Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:
-Балалар жылдың неше мезгілі бар?
-Жыл мезгілдерін атайық?
-Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері болады?
Олай болса бәріміз назарымызды теледидарға аударайық?
Теледидардан көктем көріністерін көрсету.
-Балалар бұл көріністен қандай жыл мезгілін көрдіңдер?
-Көктем мезгілі .
-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Суретпен жұмыс:
Көктем мезгілінде қар еріп, күн жылынады, өзен көлдерде мұз еріп, жылғалардан су ағады.
Туған жерге құстар ұшып келеді. Қар ерігеннен киін жер бетіне қылтыйып алдымен бәйшешек гүлі шығады, ағаштар бүршік жарады.Жануарлар мен жәндіктер қысқы ұйқыдан ойанады, қорадағы мал төлдейді. Төрт - түлік жануарлар өріске шығады. Жерге шөптер , гүлдер шығып, жасыл кілемге айналады. Көктемде комбайынмен жерді жыртып, тұқым себуге дайындайды.
Қане , кім көктем туралы тақпақтар біледі?
Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр?
«Сұрақ –жауап» ойыны:
1. Көктемде алғаш шығатын гүл?
2.Бір аптада қанша күн бар? ата
3.Жыл мезгілі нешеу? ата
4.Қазақстан Республикасының призиденті кім?
5.Жұмбақ: Күн жылынып , қар еріп.
Сай – салаға су толар
Құстар сайрап бақшада
Ағаш бүршік жарады?
Бұл қай кезде болады?
6.Көктемде қандай мерекелер бар?
Аналар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
7.Көктем айында неше ай бар , ата?
8.Мектебіміздің аты қалай аталады?
9.Үй жануарларының төлдерімен ата?
Жарайсыңдар балалар ойын ұнады ма?
Сергіту сәті
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма:
«Құстарды қалай қарсы алдық?»Тақырыбына әңгіме құрастыру.
Көкек , қарылғаш, тыран, бозторғай
Құстар туралы кім тақпақ біледі?
2-тапсырма:
Көктемгі табиғат құблыстарын белгіле?
Қимылды ойын: «Гүлдер жинау»
Балалар біз жаңа не жинадық?
Гүлдер туралы кім тақпақ біледі?
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беред.
-қыс, көктем, жаз күз

-Көктем мезгілін

-балалар көктем туралы білген тақпақтарын айтады .
Рефлексивті
-түзетушілік Ойын: «Бұл қай кезде болады»
Шарты: Төрт жыл мезгілінің ішінен көктем мезгілін тауып беру.
Қорытынды сұрақ.
Бүгін біз не туралы әңгімеледік?
Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Ойын шартын түсініп орындады
Күтілетін нәтиже:
Білу Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.
Өзіне үйренгені Жаңа білімді түсінеді
Үйрену Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.

«Ерте жас» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметіннің
технологиялық № 23 картасы
Тобы: « Ерте жас тобы»
Күні: 20.01.2017 жыл
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Біз көңілді көжекпіз»
Мақсаты: Балалардың тілдік қорын молайту, сөздіктерді дұрыс айтуға және өз ойын еркін білдіруге , сөздерді қайталауға дағдыландыру.
Әдіс-тәсідері: тосын сәт, жұмбақ , қызығушылықты ояту , мағынаны ашу, сөйлету, сұрақ-жауап, қимылды ойын, мадақтау.
Көрнекілігі: суреттер, жұмсақ ойыншықтар
Сөздік жұмыс: сәбіз, көжек ,қоян
Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Ұйымдастырушы Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал қанекей бәріміз
Сәлем –дейік үлкенге
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста ауа –райы қандай болады?
-Қыста не жауады?
-Қардың түсі қандай болады? Балалар сәлемдесу сәтін қосыла айтады

-қыс мезгілі
-суық, аяз болады
-қар жауады
-ақ болады
Іздену ұйымдастырушы Жұмбақ:
Екі ұзын құлағы
Секіріп ол шабады.
-Балалар мына ойыншықтардың ішінен кім маған қоянды тауып береді?
Тәрбиеші балаларға қоянды көрсете отырып, түсінік береді және дене мүшелерімен таныстырады, қоянның баласы көжек екенін айтып өтеді.
Тосын сәт:
Қоян көжегімен келеді.
Қоян: -Сәлеметсіңдер ме , балалар , мен таныдыңдар ма? Мен кіммін?
-Менің түсім қандай?
-Менің құлағым қандай?
-Балалар , ал мен немен қоректенемін?
-балалар мынау менің көжегім , қайталап айтайықшы?
-балалар менің көжегімнің қарны ашып тұр, оған сәбіз жинауға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші : -Қане , балалар олай болса көжекке көмектесейік , өоян секілді секіріп , анау тұрған бау –бақшадан сәбіз жинап келейік.
Қимылды ойын:
«Сәбіз жина»
Қоян: -Балалар сендерге көп-көп рахмет, енді біз үйімізге кетейік , сендер жинап берген сәбіздерді көжегіме пісіріп берейін , сау болыңдар балалар .
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы –қырлы жерлермен
Ыртқып -ыртқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан тоңпандап
Көжегі екен өзінің .

Қоян

Біреу шығып қочһянды тауып береді

-қоян
-ақ
-ұзын
-сәбіз
-көжек

-иә

-балалар ойын ойнағысы кеп дайындалады

- Сау болыңыздар

-балалар сергіту сәтіне қатынасты(қимылдармен жасап)
Рефлексивті коррекциялаушы Суретпен жұмыс:
-Балалар біз бүгін немен таныстық , бізге кімдер қонаққа келді?
-Енді балалар бәріміз мына суретке назар аударайық?
-Мына жерде қоянның қандай мүшелері жоқ екен , қараңдаршы?
-Дұрыс айтасыңдар балалар!
-Қане , кім маған қоянның құлағын тауып береді?Біреуі шығып қоянның құлағын тауып береді?
-Балалар сендердің құлақтарын қане?
-Ал , енді кім маған қоянның қолын тауып береді?Екінші бала шығып қоянның қолын тауып береді?
-Ал сендердің қолдарын нешеу?
-Балалар енді қоянның қандай дене мүшелері жетіспейді?
Дұрыс айтасыңдар , балалар.
-Ал , енді қоянның аяғын кім тауып береді?
Үшінші бала шығып қоянның аяғын тауып береді.
-Балалар енді сендердің аяқтарын қане?
-Міне балалар көрдіңдер ме , қоянның да сендер сияқты екі ұүлағы , екі көзі, екі қолы , екі аяғы бар екен.
-Міне,балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде жақсы , өте тамаша қатынастыңдар.
-Енді балалар қонақтармен қоштасар сәтте келіп қалды , қане бәріміз қонақтарға сау болыңдыздар деп айтайық.

-Қоян көжегімен келді

Құлағы, қолы, аяғы

-Құлақтарын көрсетеді

-қолдарын көрсетеді

-ағяғы

аяқтарын көрсетеді

Сау болыңыздар .
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қоянның түсін, дене мүшелерін және көжегімен танысты.
Түсінеді: Қоянның немен қоректенетінін , қалай секіретінін түсінеді.
Қолдана біледі: Тілдік қоры дамыды.

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық № 7 картасы.
Күні: 25.11.2016.ж
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Су тіршілік көзі
Мақсаты: Балаларға судың қажеттілігін , оның адамдардың , құстардың , жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру: оның үш күйін көрсету , су табиғаттың баға жетпес сыйы екенін айтып түсіндіру, суды үнемдеп пайдалануға , ластамауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар мен материалдар: Түрлі түсті суреттер , слайд . Тәжірбие жасауға керекті құралдар. №1 әліппе – дәптері
Сөздік жұмыс: Бұлақ , мөлдір , лай
Іс –әрекет кезеңдері : Тәрбиешінің іс-әрекетті Балалардың іс-әрекетті
Мотивациялық -қозғаушылық Балалар шаттық шеңберіне тұрып
Самал жел бізді желдетші
Күн нұры бізді жарқырат .
Таза ауа бізге дем берші.
Мөлдір су бізді салқындат. Шеңберде тұрып тілектерін айтады.
Өлең шумақтарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Ұйымдастырушылық –
Ізденістік Тосын сәт: Балалар , бәрін мына дыбысқа құлақтарынды салындаршы !
-Мынау ненің дыбысы?
-Дұрыс айтасыңдар судың сылдырының дыбысы.
-Балалар , енді мен сендерге бір жұмбақ жасырамын , сендер шешуін тауып көріңдер?
Жұмбақ.
«Дәмі де жоқ , түсі жоқ.
«Пайдаланбас кісі де жоқ»
-Ол не?
Олай болса, су туралы білетін мақал – мәтел , нақыл сөздерді еске түсірейік.
1.Сулы жер –нулы жер .
2.Бұлақты жер – тұрақты жер
3.Судың да сұрауы бар.
4. Су - өмір нәрі.
(Балалардың назарын теледидарға аудару )
-Балалар , мынау - ғаламшар үлгісі .
-Қандай түсті көріп тұрсыңдар?
- Көк түс – судың белгісі , ал қоңыр мен жасыл түстер – құрлықтар . Құрлықтар дегеніміз – орманды , таулы жерлер.
-Қараңдаршы , қандай түс көп екен ?
-Демек , жер бетінің көп бөлңгңн су алып жатыр екен. (Теледидар арқылы мұхиттың , көлдің , теңіздің суреттерін тамашалайды ).
-Балалар , егер бізді су қоршап тұр десек бұл артық айтқандық емес.Жердің жартысынан көбін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр. Су табиғатта үнемі айналыста болады. Су барлық жануарларға , өсімдіктерге қажет.Сусыз фабрика мен зауыт , ауылшаруашылығы жалпы тіршілік босмас еді.
-Ал енді су адамға не үшін қажет екенін айтайық .

-Дұрыс айтасыңдар балалар .
Сусыз өмір суру мүмкін емес.

Сондықтан «су – өмір нәрі» деп айтылады екен.
Сызбамен жұмыс:
-«Су тіршілік көзі»
Сергіту сәті:
Ал, қәнекей тұрайық,
Мойнымызды бұрайық .
Қолымызды созайық ,
Су ішінде қалықтап ,
Оңға , солға бір қарап ,
Жүзіп-жүзіп алайық .
Ал балалар судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? (балалар суды иіскеп көреді)
Судың пішіні бар ма?
Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)
Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.
Судың дәмі бар ма? Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)
Енді осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен?
Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.
Судың түсі бар ма? Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық.
Сонымен қатар суды мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.
Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.
Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету)
Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.
Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? (балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)
Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.
Дамытушы ойын: « Кім білгіш»
Шарты : Тақтаға суда және құрлықта тіршілік ететін жануарлардың суреттерін іліп , балалар оларды екі топқа бөледі.

Әліппе – дәптермен жұмыс .
Жеке жұмыс жүргізеді.

Судың дыбысы

Балалар жұмбақты тыңдайды.

Жұмбақтың жауабы: Су

Балалар нақыл сөздер мен мақал -мәтел айтады .

-Көк , қоңыр , жасыл түстерді көріп тұрмыз.

Көк түс көп

Қарайды , таңырқайды

Суды ішеміз , тамақ әзірлеу үшін пайдаланамыз , шомыламыз ,киімді жуып , үйді тазалаймыз .

Суретке қарап әңгімелейді .

Өлең жолдарына қосылып , қимыл –қозғалыстарын жасайды.

Тыңдайды , түсінеді

Балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады

(балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)

Рефлексиялық – түзетушілік -Балалар , су не үшін қажет?
-Судың түсі бола ма?
- Біз суды ысарап етпеуміз керек .
Балаларды мадақтау . Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Су - өмір нәрі екенін .
Түсіну керек: Судың күйлерін ажыратуды .
Үйрену керек: Суды ысырап етпей, үнемдеуді Тәрбие.орг сайтынан «Көрікті көктем» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ғибратова Айгүл Жәнібекқызы

Пікірлер: 0

avatar