Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
К.Сегізбайұлы. Құмырсқалар.
  • 21.02.2016
  • 415 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16517

Атырау қаласы Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Серикбаева Тұрсын

Сабақ тақырыбы: К.Сегізбайұлы. Құмырсқалар.
Сабақ мақсаты: Кәдірбек Сегізбайұлының «Құмырсқалар» мәтініндегі негізгі ойды тапқызу, мәтіннің идеясын ашу.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі: Шығарманы дұрыс түсініп оқуға үйрету.
Дамытушылығы: ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру, ойлау және есте сақтау қабілеттерін, сабақтағы белсенділігін дамыту.
Тәрбиелігі: Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалана отырып,ауызбірлілікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ, сұрақ- жауап,әңгімелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, талдау-жинақтау, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу , қазақ тілі .
Көрнекіліктері: тақырыптық суреттер, автордың бейнесі, құмырсқаның, балықтардың суреттері.
Сабақтың барысы: і- Ұйымдастыру.
ІІ- Психологиялық дайындық.
Шөлеркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі гүл тұрсын.
Ортақ бізге туыстық,
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық.
ІІІ- Оқушыларды топқа бөлу.\ туған кун мезгілдеріне байланысты топтастыру.
І-топ. «Қыс»
ІІ-топ. « Көктем»
ІІІ- топ. «Жаз»
ІУ- топ.»Күз»
ІУ-Үй тапсырмасын сұрау. Жолтай Әлмашұлы «Алтын балық». / Мәтінді 4 бөлікке бөліп, төрт топтан төрт оқушыдан сұрау.
Біздің Каспий теңізі мен Жайық өзенінде қандай балықтар бар? Атау?
Олай болса ауда тұрған балықтарды судан шығарып алайық? / Балықтарды ала отырып сыртындағы сұрақтарға жауап беру.
1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім?
2. Баланы Шөкі деп неге атады?
3. Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі ?
4. Баланың тілегі орындалды ма?
10-тапсырма: Егер сен “Алтын Балық» ұстап алсаң , не тілер едің?
/ Оқушылардың ойын сұрау./
У- Ойын: Жаңа сабақ бастамас бұрын бойымызды, ойымызды сергітіп алайық. /слайдта әріптер ретсіз шашылып шығады, содан сөздер шығару.
Қ Р А Ы М Ұ С Қ - қас, қар, құмыра, қыс, сым, қақ, құмырсқа.
Ең ұзақ сөз: « Құмырсқа»
« Құмырсқа « туралы бейнебаян.
Сонымен құмырсқа дегеніміз қандай жәндік?








Құмырсқа
Желі бойындағы ақпараттармен байланыс «Құмырсқа» туралы не білеміз?
/Оқушылардың мәліметтерін тыңдау./
- Олай болса , балалар, біз бүгін Кәдірбек Сегізбайұлы ағамыздың «Құмырсқалар»деген шығармасымен танысамыз.





1999»»111941





УІІ- Жаңа сабақ:Кәдірбек Сегізбайұлы «Құмырсқалар» /Тақтаға жазу.
-Біз бүгін осы ағамыздың «Құмырсқалар» мәтінімен танысамыз.
Тақырыпты мазмұндап түсіндіріп беру.
Жоспары: І- бөлім. Ләйлә туралы. / Сурети шығу керек.
ІІ-бөлім.Ләйләнің көршісіне жүгіріп келуі. / слайд, сурет/
ІІІ-бөлім. Құмырсқалардың майданы.
ІУ-бөлім.Қызыл құмырсқалардың күш біріктіруі.
Қорытындыны оқушылардан сұрау. Бәрі: « Бірлік болмай, тірлік болмас.»
Сергіту жаттығуы:
УІІІ- Оқулықпен жұмыс. 1. Өз беттерімен оқу.
2. Оқушыларға оқыту. / кезекпен бөліп- бөліп.
3.Әр топ бір-біріне сұрақ қояды.
- Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың?
-Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды?
-Ләйлә қандай құмырсқаларға жақтасып жүрді?-
-Ләйлә ертесіне неге мәз болды ?
-Күш біріктіру не үшін қажет?
ІХ- Дәптермен жұмыс. /Әр топ дәптеріне жазады
І-топ. Ләйләға мінездеме беру. /Ләйлә-ақкөңіл, еңбекқор, ізденімпаз, көмекші, табиғатты сүйеді,қорғайды.
ІІ-топ. Құмырсқаның суретін салу.
ІІІ-топ. Ләйләға хат жазу.
ІУ-топ. Құмырсқаға бес жол өлең құрастыру.
Х-Сабақты сұрақ арқылы қорытындылау.
1. Осы мәтінде өздеріңе не ұнады?
2. Мәтіннен Ләйләнің әкесінің сөзін тауып оқу және тақтаға жазу.
Табиғаттың қатал заңы: Күштілер әлсіздерді жеңеді.
Бұл да –табиғаттың заңы :Күш біріктірмесе әлсіздер дүниеден құрып кетер еді.
3. –Олай болса Ләйлінің әкесінің сөздеріне сай ынтымақ, күш біріктіру туралы білетін мақал-мәтелдерімізді айтайық.
- Күш - бірлікте.
- Ынтымақ журген жерде, ырыс бірге жүреді.
- Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер.
- Байлық- байлық емес, бірлік- байлық.
- Ұйымдасқан ұтады.
- Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.
ХІ- Қорытындылау. Бірігіп көтерген жүк жеңіл. Барлығымыз ұйымшыл, ынтымақта болайық.
ХІІ-Үйге тапсырма: « Құмырсқалар»- оқу, мазмұндау.
ХІІІ-Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан К.Сегізбайұлы. Құмырсқалар. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Серикбаева Тұрсын

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 415 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar