Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Күз. Абай
  • 30.09.2016
  • 321 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19561

Күні: Сыныбы: Пән атауы:
Сабақтың тақырыбы: Күз. Абай
Сабақтың мақсаты: А.Құнанбаев туралы түсінік беру
І Білімділігі: Сұр бұлт түсі суық қаптап, жерді дымқыл тұман басқан күз мезгілі, күзгі аспан, жер беті туралы мағлұмат бере отырып, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы таныстыру, білімдерін шыңдау.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, тіл байлығын, , сөздік қорын, танымдылығын, сөздік қорын, ой –өрісін, ойлау қабілеттерін дарыта отырып, шығармашылыққа жетелеу, шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.
ІІІ Тәрбиелігі:Ұрлық, алдау, өтірік айту , сараңдық, қулық сияқты жаман әдеттерден өз бойын аулақ ұстау керектігін жете түсіндіру. Сондай-ақ, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достыққа, елдікке, сыйластық пен бірлікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: қосымша материалдар, маркет, плакат, интерактивті тақта, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер және т.б.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
. Сәлемдесу.
. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Күз. Абай
Қызығушылықты ояту.
- Абай Құнанбаев кім?
- Оның қандай өлеңдерін білеміз?
- Жыл мезгілдерін ата?
- Күз мезгілінің ерекшелігі?
І V. Мағынаны ашу. Тізбектей оқу стратегиясын пайдалану арқылы өлеңмен жұмыс.

1. Абай кім? Жас кезінде кімнен тәрбие алған?
2. Абайдың «Күз» өлеңі не туралы?
3. Өлеңде күзгі табиғатты көз алдыңа елестет.
4. Күзгі аспан, жер беті қандай?
5. Ақын күз мезгілін қалай суреттеген ?
V. Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың, Теріп – теріп алайық,
Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!
VІ. Ойтолғау.
Сөздікпен жұмыс:
Ыс – түтіннің күйесі.
Құрысын заңы – бұл жерде: әдеті құрысын деген мағынада.
Дәптермен жұмыс:
Ақынның ауыл тіршілігін суреттеген өлең жолдарын қара сөздермен сипаттап жазу.
VІІ. Үй тапсырмасы: 50- бет өлеңді жаттау. « Күз мезгілі» тақырыбына сурет салу.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Күз. Абай Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бактыбаева Айзат Өмірзаққызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кеңдала бекеті №35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: 35mektep
Көрсетілім: 321 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar