Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Күздің кереметі
  • 10.01.2017
  • 28 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20916

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (16.9Kb)

№ 4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Күздің кереметі
(ашық сабақ 3 «б»сынып)



Сынып жетекшісі: Аманғалиева А.Қ.


2061-2017 о/ж.

Пәні : Әдебиеттік оқу. 4.10.2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Әдібай Табылдиев «Күздің кереметі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың күзгі табиғат туралы білімдерін кеңейте тусу,күз байлықтарын-астық,көкөніс,жемістер туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Күзде істелетін жұмыстүрлері мен күздің адамға тигізетін әсерін дәріптеу.
Тәрбиелік :Еңбекті,қоршаған ортаны зерттей отырып,табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: «Күз бейнесі»көрме тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық.Соғылды міне қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Табыс тілеп өзгеге.
Жаға білім алуға ,
Алға қадам тастаймыз.
Үй жұмысын тексеру.Қима қағаздың артына сұрақтар беріледі.Сол сұрақтарға жауап беру арқылы үй жұмысы талданады.
2.Сұрақтар: 1.Шық қай кезде болады? 2.Алма ағашы қай кезде иіліп тұрады?
3.Алма түрлерін атап бер? 4.Мәтінге тағы қандай ат қоюға болады? 5.Жемістермен көкөністердің денсаулыққа қандай пайдасы бар?
3.Жаңа сабақ.-Балалар міне біздер маужыраған барқыт күздегі ауыл және күздегі табиғат өзгерістері жайында түсінік алдық.Енді бүгінгі сабағымызда күздің кереметтері түсініктер аламыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Әдібай Табылдиевтің «Күз кереметі»әңгімесі.
Мағынаны тану: Автор туралы түсінік беру.Әдібай Табылды –белгілі педагог,ақын,жазушы,ғалым,Қазақстан мемлекетік әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің профессоры.Әдібай Табылдиев 1926 жылы 2- қаңтарда Жамбыл облысы,Тұрар Рысқұлов ауданы,Жаңа тұрмыс ауылында дүниеге келген.
Балаларға арналған «Бөбеке сөз»(1959) атты жинағынан бастап к-птеген өлеңдер мен қысқа әңгімелер,скетчтер,эпиграммалар жинақтары жарық көрді.
4.Оқулықпен жұмыс.
А) Мәтінді мәнерлеп оқу:
Ә) тауып оқу.
- Олай болса бұл әңгіме кімдер туралы, не жөнінде екені туралы қысқаша проблемалық сұрақтармен тиянақтау.Мұғалінің қосымша түсіндірмесі:
-Ендеше,күз дегеніміз,біріншіден,байлық,молшылық: қаптаған астық,картоп,жүгері,күнбағыс,қарбыз,қауын,алма,өрік, жүзім.Осының бәрі күзде әбден пісіп-жетіледі.Әне қараңдаршы!Дала да,егін де,тоғай да, бәрі сап-сары.Сондықтан далалық күзді «алтын күз»дейді.Екіншіден күз ет пен май.Мал да, аң да,құста күзге дейін әбден семіреді.Күз-қауырт жұмыстың кезі.Қылышын сүйреп келе жатқан қысқа дайындық. «Күздің бір күні қыстық бір айын асырайды» .Күзде аянбай еңбек етсең,қыста қиналмай өтесін.Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Күзде күн қысқарып,түн ұзарады.Жауын-шашын көбейеді.Сондықтан жыйым –терімді жауын-шашынның астында қалдырмай, тездетіп жинауға қамданады. 5.Тірек сызба «Күз» 6.Дәптермен жұмыс. 1) Күз-байлық пен молшылық. 2) Күз ет пен май. 7.Шығармашылық жұмыс: 1-топ. Суретке қарап әңгіме құра. 2-топ. Дастархан басында отырған кімдер? 3-топ. Сөзжұмбақ шешу. 8.Сергіту сәті. 9.Салыстыру. Көкөністер Жемістер. 10.Топтық жұмыс. 1-топ. «Қоңыр күз» тақырыбына әңгіме құра. 2-топ.Бегілбай мен Ысмағұл Омаратайға көкөністерді машинаға тиесті.Олар түске дейін 500кг.ал түстен кейін одан 2 есе артық тиеді.Олар түстен кейін қанша көкөніс тиеді? 3-топ.Күз туралы мақалдар айту. 11.Тест 12.Қорытынды. Сұрақ-жауап. 13.Қосыша деректер: Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі болды.Әр облыс өздерінің өнімдерін апарды. 14.Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Сөзжұмбақтар құрастыру. 15. Оқушыларды бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Күздің кереметі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аманғалиева Айна

Атырау обл.Жылыой ауданы.Тұрғызба ауылы. №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп Бастауыш сынып жетекшісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 28 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar