Күзгі өсімдіктер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 463
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 19/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20098


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Боранбаева Акбокен
Социаловна 1 «А» сыныбы
Ақмола облысы
Астрахан ауданы
Жалтыр №4 орта мектебі
Сабақтың атауы Күзгі өсімдіктер
Жалпы мақсаты
Күздегі өсімдіктер тіршілігнде болатын өзгерістер туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруға жағдай жасау

Міндеттер:
Қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың маңызын түсіндіру оқушылардың тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланысты түсіну мүмкіндіктерін дамыту.

Сабақта туындаған негізгі идеялар Табиғат пен адам тығыз байланыста,экологиялық зерттеу жүргізе отырып шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақта туындаған негізгі идеялар
Күтілетін нәтиже
Күздегі өсімдіктер тіршілігінде болатын өзгерістер туралы оқушылардың түсінігін қалыптасты.
Қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың маңызын түсінді, оқушылардың тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланыс жайлы ақпарат алды.
Тапсырмалар Слайд № 1


Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу. Оқушыларды топқа бөлдім. Алдымен әрқайсысын 1,2-ге дейін санау арқылы 2 топқа бөліп отырғыздым. ( 3 мин)
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
- оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
І. Қызығушылығын ояту
Суреттерді салыстыр.
Күз мезгілі қай суретте бейнеленген?
Күз белгілерін ата.
Жаз бен күздің табиғатын салыстыр.
Күзгі табиғатты бақыла. (5 минут)


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
- еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
- өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
- әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
- алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
- білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету


Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру Жаңа тақырыпты енгіздім. (15 минут)
Оқушылардың күзгі өсімдіктер көрінісін байқауы. Жапырақтың түсін анықтауы.
1.Күзде өсімдіктер тіршілігінде болған өзгеріс , жапырақтардың сарғаюы, олардың түсуі , өсімдіктердің қурай бастауы жайында әңгімелесу . Жапырақтарына, сыртқы көрінісіне қарап өсімдіктерді анықтау (ағаш, бұта, шөп). Танитын өсімдіктерінің атын атау.
2.Көзге түскен жануарлар туралы әңімелесу. Өсімдіктердің жапырақтарын жинау.
3.Сурет бойынша әңгіме құрастыр . Суретке ат қой.
Суреттерін ватманға салып қорғайды.

4. Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз. (2 минут)

ІІІ. Ой қорытынды (6 минут)
1.Күзде жапырақты өсімдіктерде қандай өзгерістер басталады?
2. Жапырақ түсу қай кезде басталады?
3. Өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?
4. Күзгі жапырақтарды жина.
5. Бұл мезгілді неге “Алтын күз” деп атайды?

Түсті алтын жапырақ,
Ағаштан үзіліп.
Ұшты ұзақ сапарға,
Тырналар тізіліп.
Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
-мұғалімнің бағалауы
-жалпы бағалау
-критерийлер арқылы бағалау : Әр оқушы бірін-бірі топта бағалайды.
Көшбасшылық бағалау. (4 минут) Тәрбие.орг сайтынан Күзгі өсімдіктер Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Боранбаева Акбокен Социаловна

Ақмола облысы, Астрахан ауданы Жалтыр №4 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar