Кеңістікте бағдарлау

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 209
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22620


Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі: Абильдаева Айман
Тақырыбы: Кеңістікте бағдарлау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың негізгі кеңістік бағыттарын ажыратып үйрету, олардың білімдерін біртіндеп жетілдіру
2. Дамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелігі: Сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Әдіс тәсілдер: суретпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын
Көрнекіліктер: суреттер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Сабақтың басында балаларға карточкаларды үлестіру. Карточкаларда түрлі көңіл күйлер белгіленген. Балалар өз көңіл күйлерін көрсетеді
жақсы
2. Негізгі бөлім
Өткенді қайталау. Кеңістіктегі байланыстар мен қатынастар сөйлеу тілдерінде мына сөздердің көмегімен беріледі: ішінде, астында, жоғарыда т.б. кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру баланың үнемі осы түсініктерді пысықтап отыруы барысында сәтті болады. Дағды қалыптастыруда балалар қызығатындай мысалдар қолданылады.
«Ненің қайда орналасқанын тап» ойыны. Тартымды ойыншықтар, белгілі бір ретпен орналасқан суреттер. Балалар өздерінің алдында, артында, оң жағында, сол жағында орналасқанын анықтайды.
«Не өзгерді?» ойыны. Үстелде бірнеше зат жатыр.балалар заттардың өзара қалай орналасқанынестеріне сақтап қалады. Содан кейін көздерін жұмады. Сол кезде мұғалім бір немесе екі заттың орнын ауыстырады. Балалар көздерін ашады да, қандай өзгеріс болғанын анықтайды
Сергіту сәті
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқып жүр(қимылмен көрсету)
№1 тапсырма. Сурет бойынша жұмыс жүргізе отырып, алдыңғы сабақтағыдай заттардың бір-біріне қатысты орналасқан орнын анықтаңдар.
- Ит қай жаққа жүгіріп барады?
- Ұшақ қай жаққа ұшып барады?
№2 тапсырма сол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Өз жолынды басқа түсті қарындашпен түсір. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал. Бұл тапсырмаларды орындар алдында балаларды сызбалармен таныстыру қажет.
Бағыт оңға қарай
Бағыт төменге қарай
Бағыт солға қарай

Бағыт жоғарыға қарай

5 Қорытындылау
- Балалар, бүгінгі сабақта біз қандай жаңа сөздермен таныстық?
- Мектептен шығу жолын анықтандар(керекті сөздерді қолданалып)
- Ал енді сендердің көңіл-күйлерінді маған көрсетіндерші, балалар
- - сабақ аяқталды, сау болындар! Тәрбие.орг сайтынан Кеңістікте бағдарлау Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абильдаева Айман

Пікірлер: 0

avatar