Әке тәлімі. А.Аманжолов

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 754
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 29/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19547


Күні: 13.09.2016ж Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі. А.Аманжолов
Білімділік: Оқушылардың отбасы туралы түсініктері кеңейеді, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйренеді;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорлары молаяды, логикалық ойлаулары дамиды.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиетке, отбасындағы қарым - қатынасты бағалауға тәрбиеленеді.
Әдістері: талдау,сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Көрнекілігі: А.Аманжолов портреті
Типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
«Ойлан, тап» ойыны
Мақсаты: бір оқушыға «отбасы» деп жазылған стикерді маңдайына жапсырып қоямын. Қалған балалар сол сөзді айтпай, ыммен көрсетеді. Ал стикер жапсырылған бала сол сөзді тауып алу керек.
Топтық жұмыс:
Топ басшысын сайлау
І. Миға шабуыл
1 - тапсырма
Постермен жұмыс
1 - топ Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Топтасыру стратегиясы
2 - топ Отбасындағы «бала тәрбиесі» дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ Қыз бала мен ұл баланың тәрбиесін салыстыр.
Топ басшылары топтарыңды белгілеп отырыңдар.
ІІ. Мағынаны тану:
- Ендеше біз бүгін сендермен Алтай Аманжоловтың «Әке тәлімі» мәтінімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Алтай Аманжолов - ірі тілші, түрік тілдерінің білгір маманы. Түрік тілінде 200 - ден астам еңбектері бар.
2 - тапсырма Мәтінге «Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасап көрейік.
- Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін?
- Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?
3 - тапсырма Үш бөлікке бөлінген мәтінді оқиық. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу
1 – топ. 1 - 3 азат жолды оқиды
2 – топ. 4 - 8 азат жолды оқиды.
3 – топ. 9 - 13 азат жолды оқиды.
Жұпта талдайды. Топ басшылары қалған топтарға түсіндіреді.
Топ басшылары бір - бірін естіген жоқ. Сондықтан тобы топ басшысына түсіндіреді.Өздерің топтарыңда шешіңдер, кім ортаға шығып айтатынын. Әр топтан екі бала шығып, бір - бірін қостап тұруға болады.
1 - бөліктен қандай сабақ алдық? ой түйіндеу
2 - бөліктен қандай сабақ алдық?
3 - бөліктен қандай сабақ алдық?
Ойын:«Саған - маған»
- Өз тілін нашар білген баланы әкесі қалай үйретті?
- Балалар өз ана тілін білмеу себептерін атап бер.
- Алтайдың әкесінен қандай үлгі алар едің?
- Алтайдың әкесі тағы қандай жақсы қасиеттерге тәрбиеледі?
4 – тапсырма. « Тапқыр болсаң тауып көр»
1 - топ
Әке -.........................
Ана -........................
Бала -.......................
( жағасындағы құрақ, бауырындағы бұлақ, асқар тау)
2 - топ
Әдепті бала -...................
Әдепсіз бала -.................
(ата - анасын мақтатар, ата - анасын қақсатар)
3 - топ
Атаңа.....................
Алдыңа.................... ( сол келер, не қылсаң )
Сергіту сәті
Бас бармағым - атам, үйдің данасы.
Балан үйрек - әжем, отау панасы.
Ортан терек - әкем, ошақ санасы.
Шылдыр шүмек шешем - шаңырақ ажары,
Кішкентай бөбек - мен, бәрінің базары
5 – тапсырма. «Ой толғаныс»
1 - топ «Әке» сөзіне 5 жолды өлең құрастырады.
2 - топ «Мен әкемді мақтан тұтамын» өйткені.......... тақырыбына эссе жазады
3 - топ Әкенің отбасындағы рөлі (асырайды, қамқор, күшті болуға үйретеді, тәрбиелейді)
Рефлексия. Сабақ туралы ойлары.Үйге: мазмұндау, жоспар. Тәрбие.орг сайтынан Әке тәлімі. А.Аманжолов Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айзат Бактыбаева Өмірзаққызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кеңдала бекеті №35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar